Научная статья на тему 'МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ'

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
6
1
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
мектепке дейінгі балалар / кіші мектеп жасындағы оқушылар / зерттеушілік іс-әрекет / сабақтастық / тәжірибе жұмысы / ғылыми жоба / жобалау әдісі / preschoolers / elementary school students / research activities / continuity / practical work / scientific project / design method.

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Көкшеева З. Т., Rimantas Zelvys

Бұл мақалада, біз мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастығын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың еңбектеріне теориялық тұрғыдан талдау жасап, ішінара кейбір әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне тоқталдық. Сондай-ақ, мақалада ұсынған әдістеме негізінде алдымызға қойған болжамның дұрыстығын дәлелдеу мақсатында жобалау әдісін қолдану арқылы эксперимент жұмысын жүргізіп, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастық мәселесін кәсіби практикалық тәжірибемен тығыз байланыста қарастырып, одан әрі дамытуға арналған жұмыстарды жетілдіруге ұсыныстар берілді.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

PRESCHOOL AND PRIMARY SCHOOL AGE CHILDREN'S RESEARCH IN THE CONTINUITY OF ACTIVITIES EFFICIENCY OF THE DESIGN METHOD

In this article, we conducted a theoretical analysis of the works of scientists who studied the continuity of research activities of preschool and primary school children from a philosophical, psychological, and pedagogical point of view, partially focusing on the works of some methodologists. Also, on the basis of the methodology proposed in the article, in order to substantiate the validity of the forecast put forward by us, experimental work was carried out using the design method, in close connection with professional practical experience, the problem of continuity of research activities of preschool and primary school children was considered, recommendations for improving work for further development were given.

Текст научной работы на тему «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ»

ӘОЖ 372.5

МРНТИ 15.41.21

DOI 10.56525/QZCY4429

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ

КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ

БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК

ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫНДАҒЫ

ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

*КӨКШЕЕВА З.Т.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті,

Ақтау қаласы, Қазақстан,

E-mail: zaini.koksheyeva@yu.edu.kz

RIMANTAS ZELVYS

Вильнюс университеті, Литва

E-mail: rimantas.zelvys@fsf.vu.lt

Аңдатпа: Бұл мақалада, біз мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастығын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың еңбектеріне теориялық тұрғыдан талдау жасап, ішінара кейбір әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне тоқталдық. Сондай-ақ, мақалада ұсынған әдістеме негізінде алдымызға қойған болжамның дұрыстығын дәлелдеу мақсатында жобалау әдісін қолдану арқылы эксперимент жұмысын жүргізіп, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастық мәселесін кәсіби практикалық тәжірибемен тығыз байланыста қарастырып, одан әрі дамытуға арналған жұмыстарды жетілдіруге ұсыныстар берілді.

Түйін сөздер: мектепке дейінгі балалар; кіші мектеп жасындағы оқушылар; зерттеушілік іс-әрекет; сабақтастық; тәжірибе жұмысы; ғылыми жоба; жобалау әдісі;

Кіріспе. Аталмыш мәселе жайлы философиялық тұрғыда зерттеген шығыс ғұламаларынан бастап (Аристотель, Әл-Фараби, Ф. Бэкон т.б), әдіснамалық (В.В. Краевский, А.М. Новиков, Н.Ә. Нысанбаев[1] т.б) ғалымдардың еңбектері зерттеушілік іс-әрекет әдіснамасына арқау болса, іс-әрекетті тәжірибе арқылы дәлелдеудің қажеттілігін А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев [2], Ж. Аймауытов т.б. еңбектерінде қарастырылған. Мысалы, Ф.Бэкон бойынша, танымға эксперимент арқылы айқындалған факт маңызды. Эксперимент – объективті ақиқатқа жетудің төте жолы, әрі тәсілі. Эксперимент бақылайтын құбылысқа нақты, белсенді араласуға, тіпті бақылайтын нәрсеге қолайлы жағдай жасауға немесе оның теріс жақтарынан арылуға тікелей жол көрсетеді. Өйткені, эксперимент үшін бар жағдайлардың тізімі де, жоқ жағдайлардың тізімі де бірдей маңызды. Тәжірибе барысында, адамдар кездейсоқ құбылыстардың және көптеген түрлі заттар көріністерінен айығып, олардың тұрақты белгілері мен сипаттарын жинақтауға септігін тигізеді [3, 15-16 б.].

Біз автордың пікіріне қосыла отырып, мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларының зерттеушілік іс-әрекетін дамытуда зерттеу тақырыбы бойынша жүргізетін жұмыстарының тәжірибелік бөліміне баса назар аудартып, белгілі нәтижеге жетуде оның сипатын айқындайтын қорытынды алу қажеттігін саналы түсінуге бағыттауы тиіс деген тұжырым жасаймыз.

Негізгі бөлім. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы зерттеушілік іс-әрекетінің дамытуды әр қырынан зерттеген отандық ғалымдар, педагогтер мен әдіскерлер: Ш.Т.Таубаева [4], Н.С. Рахметова, Қ. Аймағамбетова, А.Е. Жұмабаева, К.Ж. Бұзаубақова, А. Ерментаева, Б.Н. Кадірова, А.Туралбаева, Н.Т. Сартаева, Ү.Б. Жексенбаева [5] т.б. атауға болады.

Мысалы, К.Ж. Бұзаубақова «Зерттеуге үйрету» нұсқасының құрылымын 5 кезеңге бөліп ашып көрсеткен: 1.Проблемамен «соқтығысу». 2.Деректер жинау – «вертификация» (деректі мәліметтерді бекіту); 3.Деректер жинау – эксперимент жасау, зерттелетін факторларды бөлу; 4.Түсіндіру: оқушылардың өз түсініктерін тұжырымдауы, ұсынуы; 5.Зерттеу барысында талдау жасау. Жүргізілген зерттеуге сынып бойынша оралу, жүргізу барысын талдау [35, б. 177]. Біз де өз кезегімізде, болашақ мамандарды бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға даярлауда автордың ұсынған 5 кезеңінде басшылыққа алуға болады деп санаймыз.

А. Ерментаева Оқытушының іс-әрекеті ғылыми-зерттеушілік және педагогикалық – оқыту, тәрбиелеу, дамыту және психологиялық дайындау – құрамдарының бірлігінен түзіледі. Бұлардың өзара келісті, үйлесімді орындалуы оқытушының шығармашылық іс-әрекетті атқаруға даяр болуымен, ғылымның әдіснамалық мәселелеріне және оқыту технологияларына тіректелумен жоғары байланыста болатыны педагогикалық іс-тәжірибеден белгілі. Осындай мазмұны жағынан әр түрлі іс-әрекеттердің үйлесімін табуда оқытушының психологиялық, педагогикалық біліктілігі, белсенділігі мен құлшынысы аса жоғары болуы қажет, - деген тұжырым жасаған [6, 25 б.].

А. Тұралбаева, мектеп пен отбасы тәрбиелік іс-әрекетінің бірлігі білім беру жүйелеріне қойылатын бірқатар талаптарды қанағаттандыратын мектептің жүйелі жұмысымен айқындалады...[7, 21 б.] деп қорытса, Н. Сартаева бастауыш сыныптарда ақпараттық технологияны қолдану оқу үдерісін қарқынды жүзеге асыруға және оқушылардың ақпараттық - оқу әрекетін, оқу-ойын әрекетін, тәжірибелік-зерттеушілік іс-әрекетін, өзбетінше әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, оңтайлы жол ашады деп, - тұжырымдайды [8, 99]. Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті түсінігінің жоғарыда келтірілген анықтамаларын талдау және жалпылау оны мұғалімнің білім берудің әртүрлі формалары мен дидактикалық құралдарын пайдалана отырып ұйымдастыратын, тұрақты байланыстарды анықтауға және жеткізуге бағытталған оқушылардың іс-әрекеті ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, зерттеушілік іс-әрекет – зерттеу тақырыбының мақсаты мен міндеттерін шешуімен байланысты алдын-ала болжам бойынша зерттеу мәселесіне қатысты білімін өздігінен толықтыру мен ізденуді қажет ететін, жоғары деңгейде ойлау мен қабілетін, өзіндік жаңа идеяны жүзеге асыруда пікірі мен тұжырымын дәлелдеуге негіз болатын, шешім қабылдау біліктерін, өзін-өзі тануға бағытталған белсенді іс-әрекеті, - деген анықтамамызды ұсынамыз.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдаулар барысында Қазақстандағы мектепке дейінгі және бастауыш мектептердегі оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетті дамыту мәселесінің ғылыми-педагогикалық және әдістемелік тұрғыда әрқырынан зерделенгеніне көз жеткізілді.

Алайда, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық-әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдаулар, нәтижеге бағытталған білім беруді мақсат етіп отырғандықтан, оны жүзеге асыруда мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға даярлау мәселесі арнайы қарастырылмағандығы айқындалды.

Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту құралы ретінде психологиялық-педагогикалық жұмыс әдістерінің бірі ретінде жобалау әдісін таңдадық, оны қолдану барысында мынадай педагогикалық шарттарды ескеру маңызды болды:

1. Жас ерекшеліктерін есепке алу: білім беру балалардың қабылдауына қолжетімді деңгейде жүргізілуі керек; ғылыми-зерттеу қызметімен байланысты тұжырымдамалар бейімделуі керек; жүргізілетін зерттеудің нысандары мен әдістері қолжетімді болуы, зерттеу пәніне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және жеке қызығушылықтарына сәйкес болуы керек; зерттеу орындалатын, бала үшін қызықты және мазмұнды және оның тұлғалық дамуына пайдалы болуы керек; әр оқушының қабілетін, мүмкіндігін, жұмыс қарқынын ескеру қажет; зерттеу процесінде көрсетілетін ересектердің көмегін реттеу.

2.Мотивация (шабыт): Оқушыларға шығармашылық ізденіс әрекетінің мәнін көруге көмектесу керек, осыдан өз дарындары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыру мүмкіндігін, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру жолын қарастыру керек.

3.Шығармашылық орта: Мұғалім ізденісті тиімді ұйымдастыруы керек балалардың шығармашылық бастамалары мен іс-әрекеттерін ынталандыру; шығармашылық зерттеу тапсырмаларын, оқытудың нәтижелі әдістерін қолдану арқылы шығармашылық атмосфераны құруға ықпал етуі керек; ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылықты сақтау, оқушылардың өзіндік дамытуына, олардың дербестігі мен бастамасының көрінуіне ықпал ету.

4. Психологиялық жайлылық. Мұғалімнің міндеттерінің бірі – оқушылардың шығармашылық көріністерін, шығармашылық ізденіске ұмтылуын ынталандыру. Олардың қателесуден қорықпауы, теріс баға беруден аулақ болуы маңызды.

5.Мақсатты және жүйелі. Зерттеу дағдыларын дамыту жұмыстары сабақта да, сабақтан тыс уақытта да жүргізілуі керек. Өкінішке орай, оқу жоспарында ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне арналған жеке сабақтар қарастырылмаған, бірақ мәселемен жұмыс істеу барысында белгілі бір жүйе қалыптасады.

Мектепалды даярлық сыныбының сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар талдау, синтез, жіктеу, жалпылау және салыстырудың жалпы логикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған тапсырмаларды қамтылады.

Мектептегі сабақтың алғашқы күндерінен бастап мұғалім балалармен бірге зерттеу әдістерін қарастырады. Мысалы, әңгімелесу барысында олар ақпаратты әртүрлі жолдармен алуға болатынын анықтайды: үлкендерден сұрау, кітаптарды қарау, бақылау, эксперимент жүргізу, интернет желісінен қарау,танымдық телешоуды қарау және т.б. Мұғалім балаларды әдістер жиынтығы біздің нақты мүмкіндіктерімізге байланысты екенін түсіндіреді. Олар неғұрлым көп болса, жұмыс соғұрлым жақсы және қызықты болады.

Сосын тапсырманы ұсынады, мысалы: сұрақ қою (Неге пингвиннің іші ақ? Аралар кімнен қорқады? Ақ аюдың неліктен қара мұрны бар? Адамда неге бес саусақ болады? Неге пілдің ұзын тұмсығы болады?).

Бұл жұмыс оқушылардың презентациялық сабақпен аяқталып, соңында талқылау арқылы мұғалім оқушыларға сұрақ қоюға мүмкіндік беріп, осылайша балалар жалпы іс-әрекет схемасымен танысады.

Мектепалды даярлық сыныбының оқушыларының жазу дағдылары жоқ, сондықтан мұғалім диаграммалар, сызбалар, кластерлер арқылы ақпаратты түзетуге үйретеді. Балалар ата-аналарымен бірге атқарылған жұмыстар бойынша фото-есептер жасайды. Осындай жұмыстар сауат ашу, жаратылыстану, математика сабақтарында да жүргізіледі.

Бірінші сыныптан бастап мәселені көру, сұрақ қою, гипотеза қою, ұғымдарды анықтау, бақылаулар, жіктеу, қорытындылар мен ой қорытындылар жасау, материалды құрылымдау және т.б. дағдыларын дамыту бойынша жұмыс істеу керек болды. Зерттеу дағдыларын дамыту үшін жеке кітапхана материалдары және оқулық тапсырмалары пайдаланылады. Мұғалім оқушыларды эссе, шағын жобалар жазуға, үйден зерттеу жұмыстарын жүргізуге тартады. Балалар үлкен ықыласпен әдеби шығармаларды талдап, сахналайды, рөлдік ойындарға қосылады.

2 сыныптарда шағын жобалау - сабақтары мен зерттеулер жүргізіледі, оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылады. Көптеген балалар өздерін қызықтыратын пәнді біледі немесе оқу материалын еш қиындықсыз меңгереді, сондықтан олар зерттеу тақырыбын өздері таңдай алады. Мұғалім тек сұрақтар арқылы оларды дұрыс таңдауға бағыттап, жұмыстың барлық кезеңдерінде оқу-тәрбиелік зерттеулерге педагогикалық басшылық жасайды. Жұмыс тәжірибесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға көмектесетін төмендегідей технологиялар қолданылды: Ш.А.Амоношвилидің адамгершілік-тұлғалық технология элементтері; Денсаулық сақтау технологиялары; Д.Б.Эльконин-В.В:Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы (проблемалық диалогты ұйымдастыру); Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары; АКТ технологиялары;

Сабақтарды өткізудің әртүрлі формалары: саяхат сабақтар, проблемалық сұрақтар, ойындар, презентациялар, өзара оқу сабақтары, пікірталас, зерттеу және зерттеу сабақтарының элементтері бар сабақтар болды, оған: әрекетті жоспарлау; бақылау; зерттеу әдістерін таңдау; негізгі ойды шығару; анализ, сылыстыру, синтездеу, қарапайым шағын тәжірибелерді орнату; жалпылау; бейнені құру; жобалау, модельдеу т.б жатады.

Зерттеу сабағының құрылымында зерттеу іс-әрекетінің жалпы алгоритміне сәйкес келетін бірнеше кезеңдері болды: білімді жаңарту; мотивация; проблемалық жағдай туғызу; зерттеу мәселесінің қойылуы; зерттеу тақырыбын анықтау; зерттеу мақсатын тұжырымдау; гипотезалар; гипотезаны тексеру; алынған мәліметтерді түсіндіру; зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша қорытынды; жаңа білімді оқу іс-әрекетінде қолдану; сабақты қорытындылау; үй жұмысы.

Біздің тәжірибелік жұмысымыз Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының №21 мектебінде жүргізілді. Экспериментке барлығы 70 бала қатысып, оның 40 - эксперименттік топта, 30-ы бақылау тобында болды. Эксперимент тобына мектепке даярлық сыныбынан -10, 1-ші сыныптан -10 және 2-ші сыныптан -10 бала таңдап алынды.

Кесте 1 – Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің өлшемдері мен көрсеткіштері:

Компонент Өлшемдер Көрсеткіштер

Мотивациялық Зерттеуге ic-әрекетінде

білімге деген

қызығушылықтары,

белсенділіктері мен

ізденістері - Зерттеушілік ic-әрекетті орындауға тұрақты қызығушылығы;

- Зерттеушілік ic-әрекетті орындау белсенділігі;

- Зерттеушілік іс-әрекеттегі ізденіс

Мазмұндық Зерттеуге қажетті теориялық білімдері, жаңа білім мазмұнының теориялық негіздерін меңгеруі (зерттеушілік

білім, білік, дағдысы)

-Зерттеушілік ic-әрекетті орындаудағы білімі;

-Зерттеушілікке бағытталған әрекет технологияларын таңдау;

-Зерттеушілік іс-әрекет жаңа бастамаларды ойлау және орындау біліктілігі.

Ic-әрекеттік Зерттеуді болжау, зерттеушілік біліктілік, жаңа нәтижеге жетуде шешім қабылдауы

-Жаңа идеяларды зерттеушілік ойлауы;

-Зерттеушілік ic-әрекеттегі ізденіс біліктілігі;

-Зерттеушілік іс-әрекеттің нәтижесі.

Жоғарыда аталған көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің үш деңгейін (жоғары, орташа, төменгі) және зерттеу жұмысымыздың әр кезеңінде (анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау) эксперименттің дамуы мен тиімділігін анықтадық.

Кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік дағдыларын зерттеу үшін анықтау эксперименті барысында біз келесі әдістерді қолдандық: Э. Замбацявичене , Л.Чупровтың «Ой қорытындылар» әдістемесі; А.И.Савенковтің әдістемесінің модификациясы бойынша гипотезаны қоюдың зерттеу дағдысын анықтау әдістемесі; Н.Б.Шумакованың әдістемесін өзгерту бойынш а сұрақтар қоюдың зерттеу дағдысын анықтау әдістемесі. Зерттеу нәтижесі мектеп жасына және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік дағдыларының басым бөлігі орташа деңгейде қалыптасқандығы, сондықтан оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жұмыс жасау қажеттігін көрсетті.

Сондықтан да қалыптастыру экспериментінде мектеп жасына және кіші мектеп жасындағы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуда 3 кезеңге бөлінген жобалау әдісін пайдаландық.

Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып, жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап берілді.

Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы кезеңі бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жобаны жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі.

Қорытынды кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізіліп және қорытындыланады.

Тақырыптық жоспарымызды түрлі оқу қызметтерімен байланыстыруды жоспарлай келе, алдыменен балаларға жан-жақты мәлімет беріліп, маман иелерімен кездесулер ұйымдастырылды. Мысалы, Ақтау қаласындағы М.Өскінбаев атындағы филармонияға, әртүрлі музыка (сольфеджио, вокал, хор т.б) сабақтарына саяхат жасап, ондағы түрлі аспапта ойнаған балалар мен ұстаздарды таныстыру арқылы балалардың музыкаға деген қызығушылығы арттырылды. Шығармашылық саласы бойынша мүсіндеу, сурет салу, жапсыру жұмыстарында домбыра аспабын бейнелеп, аспаптық құрылымдары мен оның қазақ ұлттық ой-өрнектерімен әшекейленетіні туралы білімдерін кеңейтті.

Ұсынылып отырған ғылыми жоба мектепалды және бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын сабақтастырып қалыптастыруға бағытталған, енді осы тәжірибеден үзінді көрсете кетсек: Мектепке даярлық тобы балаларына арналған жоба тақырыбы: «Бидай өсіру».

Жобаның мақсаты: Бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету, ізденіс және экперименттік әрекет дағдыларын қалыптастыру

Нан дастарқанға қайдан келеді? Жер жыртады. Дән себеді. Диқаншылар күтіп баптайды. Комбайншылар орады. Машинамен диірменге тасиды. Диірменнен ұн шығарып, наубайханаға апарады. Наубайханашы нан пісіріп, дүкенге апарады. Дүкенші халыққа сатады.

Тыйым сөздер: Нанды тастама! Нанды лақтырма! Нан қиқымын баспа!

Тәжірибелік жұмыс. Балаларға үй жағдайында бидайдың егілу жолдарын көрсетеміз.

Дәптермен жұмыс: «Инфографика» әдісі арқылы балаларға алдарына жеке тапсырма беріледі. Суреттерді ретімен орналастыр. «Нан қайдан келдің?» ертегісін сахналайды.

«Кел ойнайық» ойыны. Шарты: екі топтан бір-бір оқушыдан шығады. Алдарына әр түрлі дәм ұсынылады. Көздері байланған балалар дәм татып, ұннан жасалған жасалмағанын ажыратады.

1- сыныпта ұйымдастырылған жобаның тақырыбы: «Менің өлкемнің өсімдіктері»

Жобаның мақсаты: Туған жерінің өсімдіктері туралы теориялық білімінің негізінде танымдық іс-әрекетінде құндылық бағдарын қалыптастыру. Өзінің өлкесінің өсімдіктерін танып білуге ынтасын, қызығушылығын арттырып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жергілікті жердің ерекшелігіне қарай өсетін өсімдіктерді саралай білуге, жинастырған материалдары туралы өздігінен қорытынды жасай білуге үйрету.

Жобаның жоспары:

1. Өсімдік, өлке өсімдіктері туралы түсінік, ұғымдар.

2. Туған жерімнің қызыл кітапқа кірген өсімдіктер.

3. Менің өлкемнің өсімдіктері мен ерекшеліктері.

4. Қорытынды.

Зерттеу жұмысының барысы: Зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес материалдар жинау. Маңғыстау аймағында өсетін өсімдіктермен танысу. Оқушыларға өз өлкемізде өсетін өсімдіктер туралы мәліметтер жинау тапсырылды. Жобамыздың өнімі ретінде өлкемізде өсетін өсімдіктердің гербарийін жасап, альбом құрастыру.

Нәтижені талқылау: жұмыстың тұсау кесері; бағалау және жоспарлау.

2-сынып оқушыларының «Дүниежүзілік мұхиттар» тақырыбы бойынша авторлық ізденіс жобасын жасауына мысал келтіреміз.

Іздену жобасының мақсаты: оқушылардың Жер мұхиттары және олардың бөліктері туралы білімдерін жалпылау және бекіту; мұхиттардың байлығын адамның пайдалануының маңызы мен ерекшеліктерін; картаны пайдалану дағдысын жетілдіру; логикалық ойлауды қалыптастыру; өз пікірін нақты айта білу, топта жауапкершілікті бөлу; іздеу, қажетті ақпаратты таңдау, оны қорытындылау; есте сақтау, зейін, ойлау, зерттеу қабілеттерін дамыту; алған білімдерін практикалық тапсырмаларда қолдану; оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен, терминдермен байыту; экологиялық мақсатқа сай мінез-құлыққа, Жеріміздің табиғи ресурстарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар: жарты жер шары картасы, ноутбук, проектор, презентация, оқушылардың жеке (ұжымдық) презентациялары, брошюралар.

Жоба түрі: зерттеушілік, ақпараттық, пәндік.

Әдіс-тәсілдер: ауызша (әңгімелеу), көрнекілік (демонстрация, иллюстрация), практикалық (жобалық әдіс; проблемалық-ізденіс әдісі).

Күтілетін нәтижелер:оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық санасының деңгейін көтеру; өзіндік танымдық әрекетке жағдай жасау; әрбір жеке тұлғаның мүдделерін, қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Мақсатқа жету жолдары: табыс жағдаяттарын құру, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасау, интернеттен ақпаратты іздеу, оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстары, жеке оқу өнімін құру.

Оқу өнімі: Мұхиттар туралы жеке және/немесе ұжымдық оқушының презентациялары, брошюралар жасау.

Жобаны іске асыру жоспары:

1. Ізденіс жобасының тақырыбы мен мақсатын анықтау, идеяларды талқылау, мақсатқа жету жолдарын анықтау.

2. Тапсырмаларды қалыптастыру және мәселелерді шешуге қажетті ресурстарды анықтау.

3. Дереккөздердің әртүрлі топтарын анықтау және оларды іздеу тәсілдері.

4. Оқушыларды шығармашылық топтарға ұйымдастыру.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

I. Ұйымдастырушылық (Оқушылардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру);

II. Мотивациялық (Бұл кезеңнің міндеті – оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, ортақ мақсатқа жету үшін топта жұмыс істеуге деген ұмтылысын ояту, ізденушілік әрекетке ынталандыру. Оқушыларды ойын жаттығуларын орындау, проблемалық есептерді шешу, ребустарды орындау барысында ынталандыруға болады. Мысалы, мұғалім ойын жағдайын жасайды: бүгін біз әлем бойынша саяхатқа шығамыз. Саяхат барысында сіз біздің планетамыз туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біле аласыз. Қайда бара жатқанымызды біліңіз, кодталған сөзді шешу керек);

III. Белсенділік (осы кезеңді орындау барысында «Дүниежүзілік мұхиттар» тақырыбындағы шағын жобаның төрт тобының әрқайсысы ұсынылып, қорғалады, содан кейін оларды талқылау. Бұл кезеңде оқушылардың негізгі білімдері жұмбақтарды табу, проблемалық әңгіме жүргізу, проблемалық есептерді шешу және т.б. түрінде жаңартылады);

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

IV. Рефлексиялық (бұл кезеңде оқушылардың жобалар бойынша жұмысы қорытындыланады және әр оқушының топтық оқу өнімін құруға қосқан үлесі анықталады.

Әңгімелесу барысында оқушыларға мынадай сұрақтар қоюға болады: Жобамен жұмыс істеу барысында қандай қорытындыға келдіңіздер? Не қызықтырды? Тынық, Үнді т.б мұхиттарда қандай жануарлар мекендейді?). Рефлексия оқушылардың «Мұхит кеңістігінің тұрғындары» тақырыбына эссе құрастыру;

3. Жоба оқушылардың ізденіс әрекеттерінің нәтижелерінің көрме-презентациясымен аяқталады. Оқушылардың үйде өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізуге, жеке тапсырмаларды орындауға, әртүрлі көздерден анықтамалық ақпаратты іздеуге, презентациялар жасауға және оларды сабақ барысында немесе басқа ұйымдастыру формаларында бөлісуге мүмкіндік бар. Ал бұл өз кезегінде баланың зерттеушілік дағдысын қалыптастырудың негізі болып келеді.

Зерттеу нәтижесі. Осылайша, жобалау әдісі оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға едәуір ықпал етті деуге болады: ақпаратты іздеу, жалпылау, түсіндіру, жеке және ұжымдық жобаларды, презентацияларды, өз іс-әрекеттерінің өнімдерін жасаудың жолдары мен құралдарын жобалауда қолдана білуде (буклеттер, газеттер, жарнамалар және т.б.).

Қалыптастыру экспериментінің нәтижесінде жеке-жеке талдай отырып жүргізілген зерттеу жұмысында мынаны анықтадық:

Кесте 2. Мектепалды даярлық және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеу іс-әрекетінің сабақтастығын қалыптастыру нәтижелері:

Сыныптар

Деңгейлері

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

жоғары орташа төмен жоғары орташа төмен

Мектепалды даярлық сыныбы

22% 53% 255655ғғ%

33%

26%

41%

1 сынып бойынша

25%

43%

32%

26%

42%

32%

2 сынып бойынша

30 %

50% 20%

28%

52%

20%

Ал, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту барысында құрастырылған жоба бойынша алынған эксперимент нәтижелері мынаны көрсетті:

Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің нәтижелерін қорытындылайтын болсақ, зерттеушілік іс-әрекетті мектепалды сыныпта жоғары деңгейде 50%, орташа 30%,-ға өссе, төменгі деңгей 10% -ға төмендегенін көрсетті, ал 1 сыныпта жоғары деңгейде 65%, орташа 30%,-ға өссе, төменгі деңгей 5% -ға төмендеді, 2 сынып бойынша нәтиже жоғары деңгейде 70%-ға өссе, орташа 25%,-ға. төменгі деңгей 15% -ға төмендегенін көруге болады. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болмады.

Қорытынды. Біз мақаламызда өзіміз жүргізген тәжірбемізден үзінді көрсете келе, зерттеу жұмысымыздың арқауы болып отырған мәселеге сәйкес ғалымдардың еңбектеріне теориялық тұрғыдан талдаулар жасалынған соң, эксперимент жұмысын жүргізіп, зерттеу нәтижелерін талдауда, зерттеушілік іс-әрекеттің бірі - жоба әдісі балалар үшін маңызды әрі өте қызықты болды деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Жалпы, кіші мектеп жасындағы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуда ең маңыздысы – зерттеу әдістің тиімділігінің негізгі шартына сәйкес танымдық әрекеттерді жүзеге асырудан тұратын оқудың барлық кезеңдерінде оқушылардың дербестігі: фактілер мен құбылыстарды бақылау және зерттеу; гипотезалар; зерттеу жоспарын құру және оны жүзеге асыру; зерттеу нәтижелерін тұжырымдау; нәтижені бақылау және тексеру, оның маңыздылығын бағалау болып келеді. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекеті мәселесін зерттеулерді талдау барысында зерттеушілік іс-әрекетті ұйымдастырудың кезеңдері, құрылымы, оқу-танымдық зерттеу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының айырмашылығы көрсетіле отырып, оқушыларды ізденуге баулудың зерттеушілік дәрежесімен сипатталады. Қорыта келе, жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:

- Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастығын әдістемелік тұрғыда қарастырып оқытушылармен арнайы дайындықтар курсын ұйымдастыру;

- Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға оқу-танымдық және ғылыми-зерттеушілік ісәрекеттерді ұйымдастыруға қажетті, ақпараттық ресурстарды іздестіру мен жинақтауда, интернет платформаларын, цифрлы технологияларды тиімді пайдалануды мақсатты жүргізулерін қамтамасыз ету;

Аталған зерттеу нәтижелері болашақта мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға арналған жұмыстарды жетілдіруге және осы бағыттағы жаңа зерттеулер жүргізуге негіз бола алады деп есептейміз.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1] Нысанбаев Н.Ә т.б. Қысқаша философия тарихы.Алматы, 1999. 272 б

[2] Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 160 б.

[3] Бэкон Ф.Жаңа органон Жаңа дәуір философиясы.Алматы:Жазушы, 2006

[4] Таубаева Ш.Т. Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы. Алматы, 2017. - 388 б.

[5] Жексенбаева Ү.Б. Оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу: әдістемелік құрал. – Алматы, 2005. – 28 б.

[6] Ерментаева А.Р. Жоғары мектеп психологиясы: оқулық – Алматы, 2012. 492 б

[7] Turalbayeva A.T., Sultanbek M., Utyupova C.E., Aidarov B.Z., Uaidullakyzy E., Zhumash Z., Uzunboylu H. The general preparation of the training of elementary school and the family and the education of gifted children school in cooperation principles // Ponte. - 2017. - №73(4). – Р. 239-251 // https://doi.org/10.21506/J.PONTE.2017.4.54.

[8] Сартаева Н.Т. Ақпараттық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекет мотивациясын қалыптастыру: филос. док. РҺD ... дис. - Алматы, 2019. - 182 б.

[9] Калиева Э.И., Джанисенова А.М. Болашақ педагог-психологтардың кəсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері. Том 34 № 2 (2018) https://ysj.yu.edu.kz/

*Кокшеева Зайни Таласовна

Каспийский университет технологий и инжиниринга имени Ш. Есенова,

г.Актау, Казахстан,

Римантас Селвис,

Вильнюсский университет, Литва

E-mail: rimantas.zelvys@fsf.vu.lt

ДОШКОЛЬНЫХ И МЛАДШЕГО ШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА ИССЛЕДОВАНИЯ ДЕТЕЙ В НЕПРЕРЫВНОСТИ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ЭФФЕКТИВНОСТЬ МЕТОДА ПРОЕКТИРОВАНИЯ

Аннотация: В этой статье мы провели теоретический анализ трудов ученых, изучавших с философской, психологической, педагогической точек зрения преемственность исследовательской деятельности детей дошкольного и младшего школьного возраста, частично остановившись на трудах некоторых ученых-методистов. Также на основе предложенной в статье методики с целью обоснования обоснованности выдвинутого нами прогноза была проведена экспериментальная работа с применением метода проектирования, в тесной связи с профессиональным практическим опытом рассмотрена проблема преемственности исследовательской деятельности детей дошкольного и младшего школьного возраста, даны рекомендации по совершенствованию работы для дальнейшего развития.

Ключевые слова: дошкольники; учащиеся начальной школы; исследовательская деятельность; преемственность; практическая работа; научный проект; метод проектирования;

*Koksheeva Zaini Talasovna

Caspian university of technology and engineering named after Sh.Yessenov,

Aktau, Kazakhstan

Rimantas Želvys

Vilnius University, Lithuania

E-mail: rimantas.zelvys@fsf.vu.lt

PRESCHOOL AND PRIMARY SCHOOL AGE CHILDREN'S RESEARCH

IN THE CONTINUITY OF ACTIVITIES EFFICIENCY OF THE DESIGN METHOD

Abstract: In this article, we conducted a theoretical analysis of the works of scientists who studied the continuity of research activities of preschool and primary school children from a philosophical, psychological, and pedagogical point of view, partially focusing on the works of some methodologists. Also, on the basis of the methodology proposed in the article, in order to substantiate the validity of the forecast put forward by us, experimental work was carried out using the design method, in close connection with professional practical experience, the problem of continuity of research activities of preschool and primary school children was considered, recommendations for improving work for further development were given.

Keywords: preschoolers; elementary school students; research activities; continuity; practical work; scientific project; design method.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.