25
УДК 377.5.02:37.016
ГРНТИ 14.33.09
БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ ЖӘНЕ
ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация
В статье рассматриваются некоторые
современные методы обучения и пути
повышения качества образования. Обосновывается необходимость эффективной коммуникации между педагогом и
студентами как фактор, способствующий
достижению качественных результатов в
образований.
Annotation
The article deals with some modern
methods o teaching and ways o improving
the quality o education. Eective communication between a teacher and students
as a actor contributing to the good results
and achievements in education is described.
Білім сапасын арттыру жолындағы
мақсат: пән бойынша ғылыми - әдістемелік зерттеулер жүргізу, оның нәтижесін
талдау, ғылыми методикалық жұмыстарды дамытуды оқытудың тиімді әдістерін
табу, дамыта оқыту: анализ, синтез, болжау әдістерін сабақ беруде жиі қолдану.
Білім сапасын арттырудың басты шарты: оқыту теориясының дамытылуы мен
тәжірибеде орынды қолданылуы, оқыту
бағдарламасы мен оқулықтардың, оқу
Конарбаева Б.К.,
Конарбаев Н.С.,
арнайы пәндер оқытушылары
Қостанай құрылыс колледжі,
Қотанай қ.
Негізгі сөздер: білім сапасы, оқушылар,
шығармашылық, мұғалім, технология,
әдістәсіл.
Ключевые слова: качество образова
ния, студенты, творчество, учитель,
технология, метод.
Keywords: quality o education, students,
creativity, teacher, technology, method.
ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ
Аңдатпа
Мақалада заманауи оқыту әдістерін,
білім сапасын арттыру қарастырылады. Мұғалім мен оқушылар арасындағы
тиімді коммуникация білім беруде сапалы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал
ететін фактор ретінде негізделеді.
ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ
26
құралдарының сапасын қамтамасыз ету,
колледждің оқу-материалдық базасын
жақсарту, қажетті көрнекі және техникалық оқу құралдарымен толық жабдықтау,
мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, колледж басшыларының іс шара ісін дұрыс
ұйымдастыра білуі, ата-аналардың және
басқа да қоғамдық ұйымдардың осы мақсатта жүйелі жұмыс жүргізе білуі.
Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін
педагогикалық сауатты ұйымдастыра
білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы жетілдіргенімен, оқулық пен оқу
құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, колледж керекті оқу құралдарымен керегінше жабдықталғанымен,
оқу процессінде осының баршасына жан
бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету
тағы сол сияқты іс-әрекеттер нысанына
айналдыратын кілт- мұғалімде [1,б.10].
Оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін
көтеруде оқытудың әдіс-тәсілдері өзгерді.
Білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңаша ой-пікір пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру
және жаңа технологияларды меңгеру, оны
тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру
бағдарламасының негізгі мақсаты – білім
мазмұнының жанаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды
талап етеді.
Көрнекті неміс педагогі Адольф Дистервег 19-ғасырдың өзінде-ақ: «Жас
мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі
материалды балаларға тегіс айтып беруге
тырысуы». Ол нашар мұғалім шындықты
(білімді) өзі айтып, хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім шәкірттерді оны
табуға үйретеді деп есептеді. Сондықтан
мұғалім бүкіл сабақ барысында, оның әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық
іс-әрекетін жандандыра, белсендіре отырып, олардың көпшілігінің қалып қалмауын талап етіп, ұстаз оқыту мазмұнының
нәтижесі болуын шәкіттердің білім сапасының жоғары болуын-олардың өз іс- әрекетерінің сипатына тікелей тәуелді екенін
үнемі басшылыққа алуында.
Оқыту үрдісінде балаларға сапалы білім
беру үшін олардың танымдық іс-әрекетінің
мақсатқа жеткізетіндей әдіс-тәсілдерімен
қаруландыру қажет. Оқушылар танымдық
іс-әрекеттің әдіс-тәсілдерін меңгергенде
ғана құбылыстың мәнін анықтау жолында, өздігінен білім сапасын арттыру мақсатында белсенді де, батыл әрекет ете алады.
Оқыту үдерісінде сапа мен тиімділікті
арттыруда біздің назар аударатын ең негізгі мәселелеріміз мыналар:
1.Оқушылардың алдына бүгінгі тақырып бойынша меңгеретін негізгі мәселені
мақсат етіп қою. Алдағы уақытта не істеу,
қалай жасау қажеттігі жөнінде жалпылама
бағыт беру.
2.Оқушылар белгіленген бағыт бойынша материалдармен жұмыс істейді. Яғни
олар кестемен, сұлбамен, графикалық сызбалармен айналысады.
3.Мұғалімнің сұрақтарына сүйене отырып сұлба, кесте және тағы басқа материалдар көмегімен өздері бақылап, байқап,
жұмыс істеп көргендерінің ішінен ізделінді қасиетті бөліп шығаруға тырысады.
Шығарылған есептің шығарылу жолын,
оған нақты қандай дайын формулаларды
пайдаланды, сол формуланың көмегімен
қандай нәтижеге жеткенін пайымдайды.
4.Оқушылар мұғалімнің көмегімен
орындаған жұмыстарын тағы бір рет тексеруден өткізеді: анықтаған қасиеттердің
дұрыстығына көз жеткізеді.
Ойлау әрекетін осы ретпен қалыптастыру барысында материалды игеруге оқушы-
лардың мақсаты, қабылдауы, елестетуі,
ұғынуы, есте сақтауы барлық психикалық
әрекеттері түгел қатысады. Сондықтан сабақты меңгеру нәтижесі білім беріктігін
қамтамасыз етеді [2, б.8].
Оқушының өз мамандығына деген
қызығушылығын арттыруда тағы бір
ескеретін жайт, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өздігінен
шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау.
Ол үшін әрбір оқушының даярлығы мен
мүмкіндіктерін, қабілеттері мен білімдеріне сүйене отырып, сабақтың өту құрылымына талдау жасап, білімнің тиянақты
түрде оқушыға түсінікті болуын, нақты
дәрежеде игерілуін қадағалау қажет.
Өтілген материалды үнемі жиі қайталап
отыру, деңгейлік сұрақтарды қою игерілген білімнің терең және тиянақты болу
мүмкіндігін ұлғайтады. Пәнге деген қызығушылықты дамыту үшін дидактикалық
ойындарды пайдаланып оқушының логикалық ойлауын, өз бетімен жұмыс істеуін
жандандыру қажеттігі шығады.
Оқушының біліміндегі олқылықты
анықтау үшін тестік бақылау жұмысының
орны ерекше. Ол біріншіден оқушылардың
өз бетінше жұмыс істеу әрекеттерін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін, шығармашылық
белсенділігін арттырады, егер мұғалім
дұрыс бағыт бере білсе. Сабақта тек материалды игеріп қана қоймай, игерілетін
материал төңірегінде мәселелер туғызып,
оқушының тереңірек ойлануына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу керек.
Есептерді шешуді үйрету үшін олардың түрлерін, қалай құрылғанын, қандай құрамдас бөліктерден тұратынын
анықтаған жөн. Қандай да болмасын есепті
шешуге кіріскенде оны мұқият талдап, талаптарын шарттарын анықтау қажет, яғни
анализ жасау керек. Бірақ қайсібір оқушылар есепті шешуге біршама машықтанып
қалады да, сол жолмен шешуге дағдыланады, яғни басқа жолмен шешуге талаптанбайды. Оларды есептерді шешу жолы
басқаша да құруға болатынын проблемалық сұрақтар қою арқылы жетелеп, ой
салдырып, өз беттерімен ізденіп, шешу
жолдарына зер салып, оларды шешудің
тәсілдерімен әдісі ерекшеліктерін түсінуге
бағыттау керек. Осы бағытта жұмыс істеу
үшін оқушының бойына алдымен оның
ынтасын, шыдамдылығын, қажырлығын
және білімділігін қалыптастыру керек. Содан кейін есептерді шешудің негізгі кезеңдерін ұқтыру керек.
«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп
ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов айтқан. Бұл сөзде мәні терең мағына
жатыр. Еліңнің ертеңі – жас ұрпақты жақсылап өсір деген сөз. Сондықтан, бүгінгі
жас ұрпаққа жан-жақты білім беру және
сапасы мен тиімділігін көтеру, тәрбиелеу
әр ұстаздың міндеті.
Қазіргі таңда білімге, ғылымға деген қызығуы жоғары, интеллектуалды
жастар сомдау өзекті мәселе. Оны шешуге орта мектептен бастап пәнді оқытуда ең
алғашқы күннен бастап-ақ оқушылардың
пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру
керек және де білім беруде сабақты күнделікті өмірмен байланыстыру өту тиімді.
Сапалы білім беруде мұғалім міндеті
– білім технологиясын бүгінгі күн талабына сай жетілдіру. Бағдарлама бойынша
дифференциалдап оқыту, сабақ барысына
проблемалы әдісті қолдана білу, сабақтың
әр бойында барлық оқушылардың толық
жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қайталау
жұмыстарын шебер ұйымдастыра білу,
сабақ барысында әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отыру, олардың белсенді әрекеттерін, әсіресе, ұйымшылдық пен
еңбексүйгіштік қасиетін әрі қарай дамыту
- әрбір мұғалімнің биік міндеті.
Оқушылардың білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру, жауапкершілікке,
ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ
27
ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ
28
үнемі жұмыс істеуге баулып және оқушы
білімінің тиянақтылығын, тереңдігін арттырады.
Сондықтан біз өз тәжірибемізде оқушыға сапалы, тиянақты білім беріп,
білімділік дағдыларын қалыптастыруды,
оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелілік ұстанымын
басшылыққа аламыз, білім тексерудің сан
алуан түрлерін қолданамыз. Үлкен бір тарау өткенде білімді жүйеге келтіру, есепке
алу өрісін жетілдіру – басты мақсатымыз.
Оқушылардың білім сапасын көтеру
үшін төмендегі негізгі ұстанымдарды еске
сақтау қажет.
• оқу тәрбие жұмысын педагогикалық диагностикалық нәтижелеріне байланысты ұйымдастыру әр баланың іс-қабілетін анықтау, сұранысын білу;
• басты мақсат – балалардың бойындағы дарындылықты дамыту, шеберлігін
арттыру, жеке шығармашылығын қалыптастыру;
• оқытудың мазмұны мен жетістігіне
ғылыми талдау жасау;
• педагогикалық ізденіс барысында
баланың ойлау жүйесінің дамуына болжау
жасау, білім берудің өзгеше әдіс-тәсілдерін
енгізу;
• оқушылардың жеке шығармашылығын дамыту үшін ұстаз өз шығармашылығын көтеру, іздену керек [3,б.7].
Қорыта айтқанда, оқыту сапасы мен
тиімділігін көтеру жаңартылған білім беру
бағдарламасының мәні, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің колледж қабырғасында
алған білімін шынайы өмірлік қажеттіліктерге асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен
жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық
салаларында табысты болу үшін, қажетті
дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер ты-
нымсыз еңбектену керек. Жаңартылған
оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін,
өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін
ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын
білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.
Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма
Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті
байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып,
оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп,
оқушыларды болашаққа жетелейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Бөлекбаева Ү. Ұстаздық ізденістер. Алматы.- 2007 ж.
2.Нағымжанова Қ.М. Оқу процесінде
инновациялық іс-әрекеті. Өскемен: МедиаАльянс, 2004 ж.
3.Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008 ж.
4.Рухани жаңғыру және білім.
5.«Қазақстан-2050» - Стратегиясындағы
білім.
https://www.akorda.kz/kz/
ocial_ documents/strategies_and_programs
(қаралған күні: 10.10.2022 ж.)