ӘОЖ 371.124:53(042.4)
DOI 10.56525/ORBN8302
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ
ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЖОБАЛЫҚ
ІС-ӘРЕКЕТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
*АЛМАҒАМБЕТОВА А.А.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қызылорда қаласы, Қазақстан
E mail: aldajarovna_1971@mail.ru
ӘБІТАЕВА Ұ.Ә.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қызылорда қаласы, Қазақстан
E mail: ulbosyn_abitaeva@mail.ru
МАЛИБЕКОВА У.Т.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қызылорда қаласы, Қазақстан
E mail: ulmashka_89@mail.ru
*Корреспондент авторы:aldajarovna_1971@mail.ru
Аңдатпа. Заманауи білім берудегі ең маңызды мәселелердің бірі –оқушыны білім алудағы кәсіби ақыл-ой еңбегіне дайындау. Осы мәселені толығымен шешу үшін оқытудың жобалық-іс әрекет технологиясын белсенді түрде қолданудың қажеттілігі туындап отыр. Бұл оқушыларды зерттеудің алғашқы іс-әрекеттерін меңгеруге баулу арқылы оларды болашақ ғылыми зерттеулерге тарту болып табылады. Жоба әдісін қолдану нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлайтын, жаңа идеяларды ойлап табатын, ұтымды әдіс-тәсілдер ұсынатын, ақпараттарды пайдаланып, өңдеп, іріктей алатын, әр түрлі ортада барлығымен жақсы қарым-қатынаста бола алатын, жеке басының мәдени, рухани, адамгершілік тұрғысынан жан-жақты өздігінен дамуы үшін еңбектенетін шәкірт тәрбиелеп қалыптастырады. Жоба әдісі- мұғалімнің бақылауы мен бағыттауы арқылы жүзеге асырылатын, оқушының шығармашылық тұрғыда көрсете алу мүмкіндіктеріне негізделген, оның зияткерлік және шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін дамытатын оқыту жүйесі. Жобалық іс-әрекеттің басты мақсаты білім алушыларға мынадай мүмкіндік жасау: меңгеру керек білімді әр түрлі дерек көздерінен ықыласпен, өздігінен ала отырып, жоба мақсатына қарай ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысында өздерін әр түрлі жағдайларда сынап көруіне; түрлі практикалық және танымдық мәселелерді шешуде меңгерген білімдерін қолданауға үйренеді (яғни жобадағы мақсат пен оған жету шарттарын салыстыруға); ұжымда, топта тіл-табысуға, келісімде жұмыс істеуге, яғни коммуникаивті дағдыларын қалыптастырады зерттеу дағдылары қалыптасады; -жүйелі ойлау дағдысын дамытады, жоспарланған жобаны өз мүмкіндіктерінің деңгейін ескере отырып, жүзеге асырудың іс-әрекетінің бағдарламасын құрастырады. Жобалық іс-әрекет әдісінің негізінде оқушының танымдық қызығушылығы, өзіне қажет білімді өздігінен меңгеру іскерлігі, ақпараттық кеңістікте өзіне қажет ақпаратты іріктей алу мүмкіндігі, сыни тұрғыда ойлай алуының дамуы, зерттеу жұмысын жүргізе алу дағдысы мен іскерлігі жатыр.
Кілт сөздер: оқушының ғылыми-зерттеу жұмысы, жоба әдісі, сыныптан тыс жұмыстар, оқушының шығармашылық жұмысы.
Кіріспе. Жобалық іс-әрекет технологиясын қолданудағы ең басты мақсат - дарынды балалардың қызығушылығын айқындау, олардың бейінді пәндерді терең зерттеуіне мүмкіндік жасау, олардың шығармашылық дамуына, инженерлі-техникалық және зерттеушілік мамандықтарға қызықтыру, олардың бойына зерттеу жұмысына баулу арқылы олардың бойына зерттеу мәдинетін сіңіру. Жоба әдісін оқушының ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруда қолдану өте оңтайлы әдістердің бірі болып табылады [1,2].
Біздің әдістемемізде ұсынылатын жоба әдісін дарынды оқушылардың зерттеу жұмыстарына қолдану ҚР-ның «Білім туралы» заңына да да келтірілген. Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» мәселесі қаралған. Себебі білімді, білікті маман шығармашылықпен еңбек етеді.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу жұмысын жоба әдісімен ұйымдастыру барысында оқушының шығармашылық ізденістің нәтижесінде тың ойлар мен бастамалар туындайды, осының нәтижесінде шығармашыл тұлға қалыптасады. Болашақта қай саланың маманы болмасын, әр уақытта өзін жан-жақты дамыта білетін, өз жұмысында еркін ойлап, сол саладағы кез-келген өзгеріске тез бейімделе алатын, ұтқыр шешім қабылдайтын, бәсекеге қабілетті маман даярлауда осы ізденістің негіз болатыны сөзсіз. Жоба әдісін қолдану қазіргі кездегі білім беруде бой алдырған жаттандылыққа емес, оқушының шығармашылықпен жұмыс жасап, білімді бойына сіңіруіне келтірілген [3,5].
Бұл жоба белгілі бір уақыт аралығында білім алушылар жеке, жұппен, топпен бірге өз беттерінше орындауына негізделген.
Оның мынадай кезеңдері қарастырылған:
-теориялық және практикалық білім мен іскерлік қорын жинақтау;
-жобаның сызбасын, суретін, құрылымын жасау;
-жобаның ең тиімді, сәтті нұсқасын таңдау және оның жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын қысқаша сипаттау;
-таңдап алған жоба нұсқасының жуық параметрлері мен элементтерін алдын-ала болжай отырып, есептеу жүргізу;
-жобаны жасау, ондағы принципті теориялық шешім;
-жобаны орындауға қажетті материалдарды, бөліктерді, құрал-жабдықтарды іріктеу;
-жобаның материалдық макетін жинақтаудағы іс-әрекеттерді ойша құрастыру;
-құралды, құрылғыны орналастыруда, құруда өз ісін бақылауда ұстау, тексеріп отыру;
-өлшеу құралынан алынған өлшеу нәтижелерін алу, оны жобалаған шамамен салыстыру (жобаның талдауы);
-жобаны нақыты құрылығыға, құралға көшіру (жобаны практикалық тұрғыда жүзеге асыру);
-жобаны арнайы конференцияда, құралды демонсрациялауда ұсыну, қорғау (презентация).
Жоба әдісімен дарынды оқушыны зерттеу жұмысына бейімдеудің басты ерекшелігі- оқушының қызығушылығын, таңдаған жұмысты игеру мүмкіндігін ескеріп, оның алға қойған мақсатымен санасу керек. Зерттеу жұмысының оқушының мақсатына сәйкес келе ма, соны ыңғайлап жоспарлау қажет. Осы орайда оқушының болашаққа таңдаған мамандығы, қатысатын үйірмелері, қызығатын саласы т.с.с. мәселелер назардан тыс қалмай керек.
Көптеген мектептерде оқушылардың ғылыми ұйымдары бар. Олар арқылы оқушылардың қабілеттерін ашуға, олардың ғылымға алғашқы қадам жасауына, ғылым мен техникадағы болып жатқан жаңалықтардан хабардар етуге, оқушылардың мамандық таңдауына бағыт беруге болады. Мұндай ұйымдардың оқушының жан-жақты дамуына, оның білім көкжиегінің кеңеюіне тигізетін маңызы зор. Қазіргі кезде оқыту үдерісінде жүргізіліп жатқан түрлі реформаларға, енгізіліп жатқан жаңа педагогикалық технологияларға сәйкес оқушымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың да формасына түрлі өзгерістер енгізуге болады. Мұның тиімділігі- жаңа форматтағы мұғалім оқыту әдістерінің кез-келген жаңа формасын өз мақсатында қолдана алады. Мысалы, оқушы өзі жүргізген зерттеу жұмысының желісі бойынша бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік сауалманамалар жүргізіп, т.б. түрлі форматта іс-шаралар өткізуіне болады.
Ғылым мен техниканың дамуының жылдамдығы сондай, мектептің физика курсында физикалық заңдар мен құбылыстардың зерттеу аумағы, оның техникадағы қолданысы туралы толық қамти алмаймыз. Сыныптан тыс жұмыстардың артықшылығы –онда оқушыны ғылымдағы соңғы зерттеулердің бағытымен, техниканың сан түрлі салаларында қолданысымен таныстыра отырып, оның жан-жақты дамуына ықпал етуге болады. Бұл оқушы үшін үлкен көмек. Себебі оқушы мектеп физика оқулығында жоқ нәрселерді өз бетімен әр түрлі ақпарат көздерінен оқып-біледі. Қазіргі уақытта барлық оқушының ақпаратты ең бірінші кезекте ғаламтор желісінен іздейтіндігін ескерсек, соншалықты зор ақпарат тасқынынан қажетті материалды іріктеуге қауқары жетпей, алған ақпаратын қорытып, өз бетінше қорытынды жасауға мүмкіндігі келмесі анық. Осы жағдайда пән мұғалімі және ғылыми кеңесші тарапынан бағыт-бағдар берілу керек. Олай болмаған жағдайда оқушының қандай да бір зерттеу жұмысына қызығушылығы, бейімділігі, зерттеу жұмысын толығымен аяқтауға жетерлік білімі, қажыр-қайраты мен ынтасы жойлу мүмкін. Оқушының қызығушылығын, білім деңгейін ескере отырып, оған дұрыс бағыт-бағдар беру ең алдымен пән мұғалімдерінің басты міндеті болып саналады.
Сыныптан тыс жұмыстар жүргізу үшін бірнеше дидактикалық талаптар қойлады. Соның ішінде ең бастысы- оқушының осы іспен айналысуға өзінің құлшынысының болуы, қойылған талаптарды орындай алатындай жеке басының мүмкіндігі ескеріліп, ұсынылып отырған жұмыстың ғылымилығы, оқушыны қызықтыруы, зерттеуге ұсынылып отырған жұмысқа қажетті ақпараттың қол жетімділігі қамтамассыз етілуі керек. Оқушыға ұсынылатын жұмыс бүгінгі күні қоғамда, ғылымда өзекті мәселе болуы да назардан тыс қалмағаны жөн.
Себебі кейбір оқушылардың техникаға, физиканың, физика мен басқа ғылымдардың түйісіндегі көптеген ғылым салаларына қызығушылығы мектеп қабырғасында-ақ байқалады. Сондықтан осындай оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулып, олардың қандай бір іске икемділіктері мен бейімділіктерін ескере отырып, келешек мамандық таңдауына бағыт бағдар беруге болады. Осы орайда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы өте зор. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудегі шешілетін басты міндеттер-оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың физикалық эксперимент жасай алу икемділігі мен дағдысын қалыптастыру, өзі қалаған бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы зерттеушілік және шығармашылық бейімділіктерін дамыту болып табылады [3].
Заманауи техниканың дамуының жылдамдығы сондай, мектептің физика курсында физикалық заңдар мен құбылыстардың зерттеу аумағы, оның техникадағы қолданысы туралы айтып үлгірмей жатамыз. Сыныптан тыс жұмыстардың артықшылығы –онда оқушыны ғылымдағы соңғы зерттеулердің бағытымен, техниканың сан түрлі салаларында қолданысымен таныстыра отырып, оның жан-жақты дамуына ықпал етуге болады. Бұл оқушы үшін үлкен көмек. Себебі оқушы мектеп физика оқулығында жоқ нәрселерді өз бетімен әр түрлі ақпарат көздерінен оқып-біледі. Қазіргі уақытта барлық оқушының ақпаратты ең бірінші кезекте ғаламтор желісінен іздейтіндігін ескерсек, соншалықты зор ақпарат тасқынынан қажетті материалды іріктеуге қауқары жетпей, алған ақпаратын қорытып, өз бетінше қорытынды жасауға мүмкіндігі келмесі анық. Осы жағдайда пән мұғалімі және ғылыми кеңесші тарапынан бағыт-бағдар берілу керек. Олай болмаған жағдайда оқушының қандай да бір зерттеу жұмысына қызығушылығы, бейімділігі, зерттеу жұмысын толығымен аяқтауға жетерлік білімі, қажыр-қайраты мен ынтасы жойлу мүмкін. Оқушының қызығушылығын, білім деңгейін ескере отырып, оған дұрыс бағыт-бағдар беретін мұғалімі мен ғылыми кеңесшісі болғанда ғана ол жақсы нәтижеге жетеді.
Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру өте күрделі, ауқымды жұмыс. Зерттеу жұмысын жүргізетін оқушы саны шектеулі және оған зерттеу жұмысын жүргізуге ынталы, өз ісінен нәтиже шығаруға тырысатын, жігерлі, білімді оқушыны іріктеп алған жөн. Себебі ауқымды, шағын ғылыми зерттеу жұмысы табандылықты, білім мен ұқыптылықты талап етеді. Сол себепті ғылыми жұмыс жасайтын оқушыға белгілі жауапкершілік артылады.
Зерттеу нәтижелері. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ғылыми зеттеу жұмыстарына қойылатын деңгей өте жоғары. Олардан өздерінің ғылыми зерттеу жұмысы барысында «жаңалық ашу» талап етіледі. Біз педагог ретінде оқушылардың ғылыми жұмыстарын жүргізу кезінде оның қандай да бір жаңалық ашуы міндетті емес деп санаймыз. Ғылыми зерттеу тақырыбын беру, оның қандай деңгейде, қандай көлемде орындалуы, оның оқушының игере алуы ғылыми жетекшінің алдын-ала оқушының шама-шарқына, қызығушылығын, жасын ескере отырып жасаған жоспары мен болжамдарына тікелей байланысты болады. Бұл пән мұғалімі мен ғылыми кеңесшінің бірлесіп, ойласа отырып жасайтын келісімінің негізінде жүзеге асырылды.
Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жоба әдісімен ұйымдастырудағы басты мақсат оқушының «ғылыми жаңалық» ашуы емес. Керісінше, мектеп физика курсында оқытылмайтын, бұрын ашылған жаңалықтардың негізінде ғылыми зерттеу жүргізе отырып, өзінің ғылыми ізденіске, ғылымға жетелейтін жолын табуы. Яғни, зерттеудің әдістерін меңгере отырып, келешекті осы алған білімі мен дағдыланы өмірде қолдана алуына мүмкіндік жасау. Келешекте өзін қызықтыратын ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында зерттеудің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана білуге үйрету. Себебі, ғылыми зерттеу барысында зерттеліп отырған құбылыс не болмаса нысан жөнінде жаңа білім қоры жинақталады және осы білімнің негізінде сол құбылыс не нысан туралы нақты қорытынды жасалады [4].
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында көптеген мұғалімдер озат оқушыларды таңдайды. Дегенмен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу барысында пән мұғалімі оқушыны жан-жақты зерттеуі керек. Кез-келген зерттеу жұмысы қиындықсыз болмайды. Оқушының қызығушылығы басты назарда болып, зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген жетекшілермен кездесу арқылы зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, ғылыми болжамы мен жоспарын құру өте маңызды. Себебі ғылыми жұмыстың жоспары оқушының ғылыми жұмысты игеру потенциалына байланысты болады. Бір ғылыми жұмысты екі оқушы екі деңгейде зерттей алады. Көп жылдық тәжірибемізден оқушыларды көбінесе мынадай жаһандық мәселелер қызықтыратынын бақыладық: жаһандық жылыну себептері және оның алдын алу, қоршаған ортаның экологиялық ластануының физикалық аспектлері, энергия өндіру жолдары (Күн энергиясын, жел энергиясын, су энергиясын, заманауи ядролық энергетика және т.б.), электрмагниттік толқындардың адам ағзасына әсері, ғарыштық техника және т.с.с. Оқушылардың мұндай ауқымды мәселелер туралы зерттеу жұмысын жүргізу барысында көптеген ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасайды, көптеген зерттеулермен танысады. Соның нәтижесінде оқушылар ғылыми-зерттеу әдістерін меңгереді [5].
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде зертеу жұмысына қойылатын талаптар қатаң сақталғаны дұрыс. Осы орайда жоба әдісімен оқушының ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жүргізу өте қолайлы, нәтижелі әдістің бірі екендігіне дәлел көп.
Қорытынды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе білген оқушы шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді. ҚР «Білім туралы» заңында «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» мәселесі енгізілген. Олай болу себебі сапалы біліммен қаруланған, білікті мамандардың шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілеті болады. Оқушы зерттеу жұмысын жүргізу барысында ізденеді, шығармашылық ізденіс үстінде болады, осының нәтижесінде шығармашыл тұлға қалыптасады.
Осындай шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру мақсатында мектептерде оқушылар арасында оқушылардың ғылыми ұйымдарын құруға болады. Мұндай ұйымның болуы оқушылардың қабілеттерін ашуға, ғылымға алғашқы қадам жасауға, ғылым мен техникадағы болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуға, оқушылардың мамандық таңдауына бағыт береді.
Ғылыми зерттеу жұмысын жоба әдісімен ұйымдастыру нәтижесінде мектеп оқушыларыныңы республикалық, облыстық, қалалаық деңгейдегі ғылыми жоба конкурстарынан жүлделі орныдар иеленді. Қорыта келгенде, физикадан оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалық әдісті қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығынан туындаған мәселелерін өз беттерінше зерттеуге жағдай жасауға, олардың нақты физикалық білімін толықтыруға, физиканың техникамен байланысы арқылы техникалық сипаттағы мәселелерді шешу жолдарын қарастыруға, болашақ мамандық таңдауда бағыт беруге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Пахомова И.Ю. Метод учебных проектов в образовательном учреждении: Пособие для учителей и студентов педагогических вузов. – М.: АРКТИ, 2003.
2. Проектные технологии на уроках и во внеурочной деятельности. // Народное образование. - №7. – 2000.
3. Алмағамбетова А.А., Жарылгапова Д.М., Әбітаева Ұ.Ә.Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту/. «QAZAQTANÝ» республикалық журнал. №І . 21.02. 2019. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. 194-198б.б.
4. Алмағамбетова А.А., Ақышева Қ.Д. Оқушылардың физикадан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдатырудың ерекшеліктері. Республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары. 30.04.2021 ж.Қызылорда. Қорқыт Ата атындағы ҚУ. ISBN 978-601-02-037-7 . 370-374б.
5. Алмағамбетова А.А., Алмағамбетова Л.А., Кенжеев Е.С Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы кемшіліктер. Республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары. 30.04.2021ж. Қызылорда. Қорқыт Ата атындағы ҚУ. ISBN 978-601-02-037-7
REFERENCES
1. Pakhomova I. Yu. method of educational projects in educational studies: the address for teachers and students of pedagogical universities. - M.:ARCTI, 2003.
2. Project technologies for mining and internal activity.// People's education. - №7. – 2000.
3. Almagambetova A. A., Zharylgapova D. M., Abitaeva U. A. development of students ' creative abilities through extracurricular activities/. Republican Journal "QAZAQTANÝ". No . 21.02.2019. South Kazakhstan State University named after M. Auezov. P.194-198
4. Almagambetova A. A., Akisheva K. D. features of the Organization of students ' research work in physics. Materials of the Republican scientific and practical seminar. 30.04.2021 Kyzylorda. KU named after korkyt Ata. ISBN 978-601-02-037-7 . 370-374b.
5. Almagambetova A. A., Almagambetova L. A., Kenzheev E. S. Shortcomings in the organization of research work of students Materials of the Republican scientific and practical seminar. 30.04.2021 Kyzylorda. KU named after korkyt Ata. ISBN 978-601-02-037-7
Алмагамбетова А. А.
Кызылординский университет имени Коркыт Ата
Г. Кызылорда, Казахстан
Абитаева У. А.
Кызылординский университет имени Коркыт Ата
Г. Кызылорда, Казахстан
Малибекова У. Т.
Кызылординский университет имени Коркыт Ата
Г. Кызылорда, Казахстан
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ПРИМЕНИНИЯ ТЕХНОЛОГИИ ПРОЕКТНОГО МЕТОДА ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В ОРГАНИЗАЦИИ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ РАБОТЫ УЧАЩИХСЯ
Аннотация. Одним из важнейших вопросов современного образования является подготовка учащегося к профессиональному умственному труду в образовании. Для полного решения данной проблемы возникает необходимость активного применения проектно-деятельностной технологии обучения. Вовлечение учащихся в освоение первых действий в исследовании становится основой для будущих научных исследований. В результате применения метода проекта воспитывается и формируется ученичество, которое критически мыслит, придумывает новые идеи, предлагает рациональные методы, может использовать, обрабатывать, отбирать информацию, правильно коммуницировать со всеми в различных средах, трудится для всестороннего саморазвития своей личности с культурной, духовной, нравственной точки зрения. Метод проекта-система обучения, реализуемая через наблюдение и руководство учителя, основанная на возможностях творческого самовыражения учащегося, развивающая его интеллектуальные и творческие способности и склонности. Основной целью проектной деятельности является создание следующих возможностей для обучающихся: уметь успешно, самостоятельно получать знания из различных источников, пробовать себя в различных ситуациях в ходе организованных действий в зависимости от цели проекта; научится применять знания, полученные при решении различных практических и познавательных задач (сравнивать цель и условия ее достижения в проекте); формируют коммуникативные навыки, умение работать в коллективе, группе и приобретаются исследовательские навыки; развивает навыки системного мышления, разрабатывает программу действий по реализации планируемого проекта с учетом уровня его возможностей. В основе метода проектной деятельности лежит познавательный интерес учащегося, умение самостоятельно усвоить необходимые ему знания, умение подбирать нужную ему информацию в информационном пространстве, развитие критического мышления, умения и навыки проводить исследовательскую работу.
Ключевые слова: научно-исследовательская работа учащегося, метод проекта, внеклассная работа, творческая работа учащегося.
Almagambetova A. A.
Korkyt Ata Kyzylorda University
Kyzylorda, Kazakhstan
Abitaeva U. A.
Korkyt Ata Kyzylorda University
Kyzylorda, Kazakhstan
Malibekova U. T.
Korkyt Ata Kyzylorda University
Kyzylorda, Kazakhstan
THE EFFECTIVENESS OF SUPPORTING THE TECHNOLOGY OF PROJECT ACTIVITIES IN THE ORGANIZATION OF RESEARCH WORK OF STUDENTS
Annotation. One of the most important issues in modern education is the preparation of a student for professional mental labor in obtaining knowledge. In order to fully solve this problem, there is a need to actively use project-based learning technologies. This is to involve students in future scientific research by engaging them in mastering the first research activities.
As a result of the application of the project method, it develops students who think critically, come up with new ideas, offer rational methods, use, process and select information, communicate well with everyone in different environments, work for the full self-development of their personality from a cultural, spiritual, moral point of view.
The project method is a training system that is carried out under the supervision and guidance of a teacher, is based on the student's ability to express creatively, develops his intellectual and creative abilities and inclinations.
The main goal of the project is to create the following opportunities for students: to try themselves in different situations in the course of activities organized according to the purpose of the project, willingly, independently, acquiring knowledge that must be mastered from different sources; learn to apply the knowledge gained in solving various practical and cognitive problems (that is, to compare the goal and the conditions for achieving it in the project); develops communication skills in a team, group, language skills, work in harmony, that is, communication skills, research skills are formed; B-develops the skills of systematic thinking, draws up a program of activities for the implementation of the planned project, taking into account the level of its capabilities. The method of project activity is based on the cognitive interest of the student, the ability to independently master the knowledge he needs, the ability to select the information he needs in the information space, the development of critical thinking, the ability and ability to conduct research work.
Key words: research work of the student, project method, extracurricular activities, creative work of the student.