34
Педагогическая наука и практика
УДК 373.1.02:372.8
ГРНТИ 14.25.09
ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ
БІРЛЕСІП ЗЕРТТЕУ, САБАҚТЫ
ЖОСПАРЛАУ- МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ
ӨСУІНЕ, БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ
ЖАҒДАЙЫН ЖАСАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
ӘРЕКЕТ
Аңдатпа
Қазіргі заман талабына сай оқушылардың
ойлау қабілетін дамыту арқылы өмірге бейімдеу, бұл әр ұстаздың алдына қойған мақсат-міндеті. Біз дәстүрлі білім беру үдерісінде
ақпаратты ұсынамыз, оқушылардан осы ақпараттарды білуін және түсінуін талап етеміз.
Осы тәжірибе оқушылардың білім алуға
деген енжарлығына, селқостығына алып
келіп отыр. Себебі төмен дәрежелі сұрақтар
арқылы меңгерілген білімді өмірде пайдалана
алмайды. Міне, осы кезде іс-әрекеттегі зерттеу мен сабақтарды бірлесіп жоспарлау осы
олқылықтарды толтырудың, пайда болған
зерттеу тақырыбына сай кедергілерден өту
жолын нұсқайды.
Биримжанова А.К.,
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің
№10 жалпы білім беретін
мектебі» КММ
Директордың бірінші санатты
ғылыми-әдістемелік ісінің
орынбасары, Педагог-зерттеуші
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі, Қостанай қ.
Негізгі сөздер: мұғалім, сабақ,
зерттеу, топ , технология, үйре
ту.
Ключевые слова: учитель, урок,
исследование, группа, технология,
обучать.
Keywords: teacher, lesson, re
search, group, technology, teach.
Аннотация
В традиционном образовательном процессе мы предоставляем информацию и требуем,
чтобы ученики знали и понимали эту информацию. И такая подача информации и требования приводят к тому, что учащиеся, которые
не стремятся к получению самостоятельно
знаний, не смогут применить их в повседневной жизни. Исследование урока и коллективное действие при разработке уроков заполняют эти пробелы, и с помощью исследования
мы можем найти пути решения этих пробелов
и препятствий.
Annotation
In the traditional educational process we
give information for our students to know and
understand the given information. And this kind
of submission of information and requirements
1(39)/2023
Педагогическая наука и практика
35
Қазіргі мұғалім – ұйымдастырушы
әрі бағыт-бағдар беруші. Елбасымыздың жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға
айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен
стратегиялық ресурстармен бәсекелесе
алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы
бағаланатын болады» — деп қазіргі кезде өзекті мәселе болып отырған, сапалы
білім беруге ерекше назар аударған еді.
Бүгінгі таңда осы ой мұғалім әрекетінің
тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын
анықтаудың мәні зор. Педагогикалық
жаңа технологиялардың барлығы жеке
тұлғаның өзін-өзі дамытуын, өздігінен
шығармашылықпен жұмыс істей білу
қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, бағытталған алға
қойған мақсатқа жетудің тиімділігін,
нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталған [3,13 б.].
Кез келген мектеп бағдарламасының
пәні білім алушылардың «Сын тұрғысынан ойлауға үйретуге» бағыттауымыз
керек. Жалпы сыни тұрғыдан ойлау бұл
оқушылардың жан жақты ойлауымен
қатар логикалық ойлау қабілетін дамытып, өз жеке пікірін қалыптастырады. Жаратылыстану пәндері пәні қиын
пәндер болғандықтан, оны пайымдау
логикадан бастау алатындығы белгілі,
ал логика бұл сын тұрғысынан ойлаудан бастау алады. Ал қазіргі заман талабына сай оқушылардың ойлау қабілетін
дамыту арқылы өмірге бейімдеу, бұл әр
1(39)/2023
ұстаздың алдына қойған мақсат-міндеті. Біз дәстүрлі білім беру үдерісінде ақпаратты ұсынамыз, оқушылардан
осы ақпараттарды білуін және түсінуін
талап етеміз. Осы тәжірибе оқушылардың білім алуға деген енжарлығына,
селқостығына алып келіп отыр. Себебі төмен дәрежелі сұрақтар арқылы
меңгерілген білімді өмірде пайдалана
алмайды. Міне, осы кезде іс-әрекеттегі зерттеу мен сабақтарды бірлесіп
жоспарлау осы олқылықтарды толтырудың, пайда болған зерттеу тақырыбына
сай кедергілерден өту жолын нұсқайды.
Белгілі ғалым Дайана Халперн
«Сыни ойлау – ойлаған түп нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды
пайдалану арқылы шығармашылықпен
әрі қарай бағыттап ойлану деген. Сыни
ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдердің маңызды
әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді
бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы –
білімнің дайын күйінде берілмеуі [1].
Демек, осы кезде бірнеше мұғалімдер
тобының зерттелетін сынып үшін сабақтар топтамасын жоспарлауда білім
алушылардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне сай әр қайсысына жағдай
туғызуды алға шығарып, әр сабақта, әр
кезеңнің ашылуына көмек үшін барлық
тиімді тәсілдерді саралап, нәтижесінде
білім алушының барлық мүмкіндігін
жасауға жағдай туғызуы керек. Демек,
ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ
brings to apathy and indifference, as the students are not able to use the information in
everyday life. The lesson study and collective actions in lesson planning fill in gaps, and
with the help of the investigation we can find the ways of overcoming these issues and
obstacles.
ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ
36
Педагогическая наука и практика
іс-әрекеттегі зерттеу, білім алушылар
үшін ойлау деңгейлеріне сәйкес келетін тапсырмаларды ойластыра отырып, оларды орындау арқылы білім
алудағы оқушылардың өзіндік әрекеттерін бақылау. Білім алушылардың :
• ойлау деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар дайындау [2,16 б.];
• сынып оқушыларын өз бетінше
оқуға жағдай жасау үшін топтық жұмыстарды ұйымдастыру;
• тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сыни іс-әрекетін
бақылау [5,25 б.].
Осы жерде оқушылар сыртқы реттелуден ішкі реттелуге өте бастайды. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға
бойында шыдамдылық, мейірімділік,
ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір
мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
Топтық жұмыс жүргізу кезіндегі
ұнамды идеялар:
• Ешнәрсені ұсақ-түйек дүние деп
қарамау керек.
• Мұғалімнің ең басты құндылығы –
оның сенімділігі.
Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын жетік түсіндіруге шалағай,
өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда
жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы зор екеніне көзім жеткізуге болады.
Сабақ барысында оқушыларға сергіту мақсатында өткізілген психологиялық – тренинг жаттығулар ерекше
әсер етеді.
Мұғалімнің реттеуші-бағыттаушы,
жүйелеуші рөлі оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне, осындай сабақтарды бірлесе жоспарлау, өзара бағалау
біліктілігін дамытуға ықпал етеді.
Оқушының жауапкершілігі белсенділігі, сөйлеу мәдениеті артады [5,48 б.].
Қорыта келе:
• Осындай жүргізілген жүйелі жұмыс жалғасын табуы керек.
• Барлық мектеп мұғалімдер, ата
аналар мен оқушылар жаңа оқыту
үрдісіне бейімделу керек.
• Мұғалімдер біліктілігін үнемі
шыңдай отырып, оқытудың жаңа әдіс
тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, оны
кейінгі жастарға үйретуі.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.Қ. (2011)
Жалпы педагогика NURPRESS Алматы.
2.Жанпейісова М.М. (1999). Модульдік оқыту технологиясы Ақтөбе
3.Қоянбаев. Р. (2000) Педагогика Алматы.
4.Мирсеитова С. (2011). Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде
5.Мұғалімге арналған нұсқаулық.
«Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ,
2012. 61-бет.
1(39)/2023