МРНТИ 15.41.21
ӘӨЖ 371.3
DOI 10.56525/AMUT2647
ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ
БАҒДАР БЕРУ ЖҮЙЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
*З.Т. КӨКШЕЕВА
Ш. Есенов атындағы Каспий
технологиялар және
инжиниринг университет
Ақтау қ, Қазақстан,
E-mail: zaini.koksheyeva@yu.edu.kz
Аңдатпа. Мақалада осы проблеманы зерттеуге үлес қосқан ғалым-педагогтардың еңбектері, зерттеу жұмыстары зерделеніп, тұжырымдар жасалды, жалпыға бірдей білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдауда кәсіптік бағдар беру жұмыстарының түрлері мен оларға болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар берудің мазмұны, негізгі бағыттары мен түрлері баяндалды. Мамандыққа бағдар беру жұмысында әр баланың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін анықтап, барлық жұмысқа қажетті мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімділігі ашып көрсетілді. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт бағдар беруді кеңінен қолдануды негіздейді. Жоғары сынып оқушыларының өмірлік жоспарлары мен кәсіптік бағдарларының қалыптасу мазмұны айқындалып, кәсіпкерлік қызметті дамытудың маңыздылығы туралы қорытындылар жасалды.
Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауда кәсіптік бағдар беру жұмыстарының түрлері: кәсіптік ақыл-кеңес беру, кәсіптік ағарту, оқушылардың жеке басын зерттеу т.б. бағыттары бойынша нақты баяндалады. Сонымен қатар, кәсіби бағдарға байланысты мамандық түрін анықтау мәселесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмысындағы әдістемелер мен олардың қорытынды нәтижелері, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Кілт сөздер: жоғары сынып оқушылары, кәсіп, кәсіптік бағдар, кәсіптік кеңес беру, мамандық таңдау, жоғары оқу орны.
Кіріспе. Ұлы ғұлама Әл Фараби: «.... адам кез - келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады», - дегендей, мамандықты дұрыс таңдау – бұл табысты өмірдің кілті. Мектеп оқушысының саналы түрде мамандық тандауы - бұл көптеген факторлардың және сол оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуымен байланысты күрделі де ұзақ процесс.
Қазіргі кездегі мектепте жүргізіліп жүрген мамандыққа бағдар беру жұмыстарының негізін құрғандар Д.Сьюпер[1], Ф.Парсонс[2], Ю.В.Большаков[3], П.П.Блонский[4], В.И.Лебедев, В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов, Л.К.Керимов, Е.П.Климов, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар. Олар өз зертеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін диагностикалау жұмыстарының бағдарламасын жасаған болатын. Дейтұрғанмен, бүгінде мамандық таңдау – өтпелі кезеңдегі жасөспірім үшін аса маңызды әрі жауапты істердің бірі және ол мектеп мұғалімімен қатар психолог, ата-ана тарапынан міндетті түрде көмекті қажет етеді.
Негізгі бөлім. Психологияда кәсіп жөнінде өзін-өзі анықтау көп жақты көп сатылы процесс: талаптардың жиынтығы ретінде; шешім қабылдау процесі ретінде; өмірдің жеке стилін қалыптастыру.
Алғашқылардың бірі ретінде оқушылардың мамандық таңдау себептерін арнайы зерттеген Петербург университетінің профессоры Н.И.Кареев болды. Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері төмен, және олар болашақ мамандықтың айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп көрсетілген[5].
Мамандық таңдау себептерін тереңнен зерттеген Н.А.Рыбников болды, ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына, тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т.б. байланысты[6].
И.В.Дубровина болса жасөспірім кезеңдегі негізгі психологиялық өзгеріс өзін-өзі анықтау емес, сол өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық деп есептейді[7].
Мамандық бағдар беру проблемасын зерттеушілердің ішінде Д.Сьюпер өзіне дейін жүргізілген зерттеулерді жүйеге келтіріп, мамандық таңдауға негіз болатын келесі баптарды анықтады: әр адам өзіне тән қабілет, қызығушылық, мінез және басқа ерекшеліктермен сипатталады; осы ерекшеліктеріне байланысты адам бірнеше мамандықтарға икем болып келеді; адамның өмір тәжірибесімен байланысты оның мамандыққа көзқарасы және мамандық шеберлігі, оларға әсерін тигізетін объективтік және субьективтік факторлар өзгереді;
Ғалымдардың зерттеуінше, әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар және оған жыл сайын 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен.
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Е.А.Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар олар: “Адам-табиғат” (Ботаник, мал дәрігері, ); “Адам- техника” (жүргізуші, инженер, слесарь- темірұстасы); “Адам- адам” (психолог, дәрігер, режиссер); “Адам- белгіліжүйе” (кітапханашы, бағдарламашы-программист); “Адам- көркем бейне” (актер, суретші, дизайнер);
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз яни, әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйене отырып осы мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөлгені дұрыс. Жалпы білім беретін мектепте кәсіптік білім беру төмендегідей бірнеше мақсатты қамтиды:
1. кәсіптік ағарту, яғни оқушылардың әлеуметтік-экономикалық, физиологиялық ерекшеліктері бар түрлі мамандықтар туралы білім жиынтығы туралы мәліметтермен таныстыру.
2. оқушылардың жеке басын зерттеу, олардың қызығуы, бейімділігі, ынтасы ескеріледі.
3. кәсіптік ақыл-кеңес беру арқылы оқушылардың өздері таңдаған кәсіптерінің талаптарына баса назар аударылады[8].
Біз өз зерттеулерімізде кәсіби-бағдар берудің бірнеше сипаттамаларын былайша бөліп қарастырдық: оқушылардың кәсіби бағыттылық деңгейін анықтау; кәсіби айқындау мотивтері; жоғарғы білім алуды таңдаған оқушының құндылықтар бағдары және олардың болашақ мамандығымен сәйкестендіру сипаттамалары.
Оқушылардың болашақтағы нақты іс-әрекет түрлеріне қажеттігін қанағаттандыру, кәсіби бағдар беру жұмысына әсер етудің сыртқы факторлардың арқасында жүзеге асырылады. Мұндай факторлар ретінде мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің психологпен әңгімесі, еңбек ардагерлерімен, ЖОО жоғары дәрежелі мамандарымен, көрнекті ғалымдармен кездесулер, кәсіби мекемелерге барып қызықты кездесу кешендерін ұйымдастыру т.б. Бұл мақсаттағы шаралар әрбір жеке оқушының кәсіби бағыттылық деңгейін кәсіби анықталу мотивін болашақ мамандықты таңдау және игеруге қажетті білім, іскерлік, дағдыларды қандай іс-әрекеттер арқылы жандандыруға болатынын терең түсініп айқындауға мүмкіндік береді.
Барлық зерттеу барысында біз оқушылардың кәсіби айқындамаларындағы негізгі екі факторға: мамандықтың тартымдылығы мен осы таңдау мотивтері мен құндылықтар жүйесін сәйкестендіруге ерекше көңіл аудардық. Мектеп бітіруші түлектер арасында беделі жағынан ең жоғарыда тұрған мамандықтар қатарына мұнайшы, заңгер, экономист, журналист, тілмаш, программист, дәрігер кәсіптерін жатқызуға болады. Мұны оқушылардың кәсіби айқындалуының бағыттылығын қазіргі қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық ақпараттың даму ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Оқушылардың өзін-өзі кәсіби айқындауға әсер еткен сабақтар арасында қабілеттер, қызығулар мен бейімділіктер ерекшеленді. Мұндай құндылық бағдарының да оқу динамикасын оқушылардың болашақ мамандығын таңдаудағы мамандықтың қоғамдық маңыздылығы мен беделі, тұрмыс әлеуметтік беделмен сәйкестендіргендігінен көруге болады. Сондықтан да біз жұмысымызда оқушылармен зерттеу жүргізу үшін бірнеше әдістер мен әдістемелерді қолдандық.
Зерттеу нәтижесі. 1. Алдымен оқушыларының кәсіби қызығушылықтарын зерттеудің бастапқы кезеңінде Е.А.Климовтың «Дифференциалды диагностикалық» сұрақтамасы қолданды. Барлық мамандықтар еңбек затына (қызметкердің ісі немен байланысты) және еңбек құралдарына (ол машиналарды ма, әлде қол құралдарын пайдалана ма) және т.б. байланысты белгілі бір типтерге жатқызылады[9].
Сұрақтаманың негізінде адам еңбек процесінде өзара әрекеттесетін объектінің немесе заттың белгісі бойынша барлық мамандықтарды 5 типке бөлу туралы идея жатыр.
Мамандықтардың 1-ші тобын "Адам-Табиғат" типіндегі кәсіптер құрайды. Яғни еңбек объектісі тірі организмдер жануарлар, өсімдіктер және биологиялық процестер болып табылады. Мысалы: Мұнда зоотехник, агроном, мал дәрігері, орманшы, баугер сияқты мамандықтар жатады. Бұл ауыл шаруашылығымен, тамақ өнеркәсібімен, медицинамен, ғылыми ( биология, география) зерттеулермен байланысты мамандықтар. Сонымен қатар табиғатқа деген қызығушылық психологтің, туризм менеджері және қонақ үй бизнесі менеджерінің бойларынан да табылуы керек. Мұндай бөлу адам еңбегі тек жоғарыда айтылған пәндерге ғана бағытталғанын білдірмейді.
Мамандықтың 2-ші тобын "Адам-Техника" қатынасымен байланысты мамандықтар. Бұл жерде еңбек обектісі ретінде техникалық жүйелер, машиналар, аппараттар, нұсқаулар, әр түрлі материалдар қызмет етеді. Бұған слесарь, жүргізуші, программист, инженер, құрылысшы жатады.
Мамандықтың 3-ші типі "Адам-адам" тобын құрайды. Бұл жерде еңбек объектісі адамдар, топтар, ұжымдар болып табылады. Қызмет көрсету саласының мамандықтары медицина, педагогика, заң саласының мамандары жатады. Осы мамандық типтерінің ішінен келесілерді атап өтуге болады.
Мамандықтың 4-ші тобын "Адам-Белгілер жүйесі" типіндегі кәсіптер құрайды. Осы жағдайда объектілер ретінде таблицалар, сандар, әртүрлі шартты белгілер, әріптер, шифрлар пайдаланылады. Бұл әр кәсіптер облысына: программистер, экономистер, машинистқалар, хатшы-референттер жатады.
Мамандықтың 5-ші тобы, бұл "Адам-Көркем бейне" типіндегі кәсіптер. Бұл мамандықтардың еңбек объектілері: көркем бейнелер, қиялдағы бейнелер, көркем шығармашылық элементтері болып табылады. Мысалы: әртіс, суретші, музыкант, жазушы сияқты мамандықтар жатады.
Зерттеушілер алдында мынадай мәселе қойылады: көп ойланбастан ДДС-ның 20 жұп сұрақтарына жауаптың 2 вариантының 1-ін таңдап алу. Егерде сұрақта көрсетілген іс-әрекет ұнаса, жауаптардың сәйкес графасына "+" белгісін қою керек, егер ұнамаса онда "-" белгісін қою керек. Яғни жауаптың бір варианты плюс белгісінде, басқа вариантты минус белгісінде болады. Жауаптардың нәтижелері (минустар мен плюстардың саны) ДДС-ның жауап парағындағы әр қолонкасы есептелінеді. Қорытынды жауаптардың әрбір қолонкасы бойынша плюстердің алгебралық суммасы ретінде көрінеді.
ДДС-ның жауап парағы төмендегідей бес қолонкаға бөлінген. Олар:
1) "Адам-Табиғат" мамандығына сәйкес,
2) "Адам-Техника" мамандығына,
3) "Адам-Адам" мамандығына,
4) "Адам-Белгілер жүйесі" мамандығына,
5) "Адам-Көркем бейне" мамандығына сәйкес келеді.
Кесте 1. Жоғарғы сынып оқушыларының ДДС әдістемесі бойынша көрсеткіштері:
№ 11 «а» сыныбы
11 «ә»
сыныбы 11
«б» сыныбы
Аты-жөні Аты-жөні V Аты-жөні
1.
Т.Ч. А-А А.Т. А-таб. А.Ә. А-бел
2.
С.С А-А А.А. А-таб. А.А. А-таб.
3.
М.Ш А-А Б.А. А-БЖ Б.Г. А-А
4. Б.Р. А-А Б.Т. А-А Е.А. А-А
5. М.Б. А-А Б.Н. А-КБ Ж.М. А-таб.
6. Б.Ф. А-А Д.Ш. А-А К.Б. А-КБ
7. Қ.Э. А-Тех А.Т. А-Тех Қ-Д- А-КБ
8. А.Ж. А-БЖ Е.М. А-А Қ.А. А-А
9. Ж.Г А-А Е.Л. А-Тех Д.М. А-Таб
10.
Ж.С. А-А И.С. А-Таб М.А. А-А
11.
З.С. А-А К.Қ А-Таб Д.Ш А-Б.
12.
К.А. А-Таб Қ.А. А-А Б.Е А-А
13.
Т.А. А-А Қ.Н. А-А Н.О. А-А
14.
К.М. А-А К.Д. А-Тех Б.М А-КБ
15.
Л.Ж. А-Таб М.Ш. А-Б. О.К А-А
16.
Ж.Л А-Таб Н.А. А-Тех Т.А. А-А
17.
Ж.А. А-А І.А. А-Таб Т.А. А-Б
18.
С.А. А-Б Р.А. А-Таб Т.Н. А-Тех
19.
Ж.Р. А-А С.Ж. А-Таб Т.С. А-Таб
20.
Б.Қ. А-А Ө.Қ. А-А А-А
21.
Қ.М. А-Тех Т.Н А-А
22.
У.А. А-Б С.А А-Таб
23.
М.С. А-К.б Т.М А-Тех
24.
У.М. А-КБ
25.
Б.Ш А-Таб
23
25
20
ДДС әдістемесі арқылы жүргізілген зерттеулерге қатысқан жоғарғы сынып оқушыларының көрсеткіштерінің пайыздық қатынасы мынадай нәтижені көрсетті:100% =68.
• "Адам-Адам" - 44,6 %,
• "Адам-Табиғат" - 22,6 %,
• "Адам-Техника" -12,7%,
• "Адам-Белгілер жүйесі" - 10,6%,
• "Адам-Көркем бейне" -9,5%.
2. Зерттеу барысына жоғарғы сынып оқушыларының арасында болашақ мамандық таңдау бағытын анықтау мақсатында бірнеше рет жүргізіліп, мәліметтерді өңдеудің нәтижесінде, барлық зерттеушілер арасында ең жиі таңдалған мамандықтар сипаты және осы мамандықтарды таңдаудағы негізгі кәсіби құндылықтар жүйесін анықтауды жөн көрдік.
Осыған орай М. Рокичтің «Құндылық бағдар» әдістемесі жүргізіліп, оқушылар өздерінің таңдаған мамандықтарына сай кәсіби 10 негізгі құндылықтар жүйесін бөліп шығарды[10].
Кесте 2. М.Рокичтің "Құндылық бағдар" әдісі негізінде 11 сынып оқушыларының кәсіби құнды бағдарларының сипаттамасы (% есебімен):
Құндылықтар жүйесі:
% R
дәулет, тұрмыс
20
10
әлеуметтік бедел
16
9
кәсіби қабілеттілік
10,9
8
Мамандықтың қоғамдық маңыздылығы
10,8
7
кәсіби өсу мүмкіндігі
8,2
5,5
Шығармашылық 8,2
5,5
Озық техника жабдықтары
7 4
Еңбектің бағалануы
6,5 3
Денсаулық 6,4 2
ғарым-қатынас іскерлігі
6 1
55
М.Рокич құндылықтардың екі класын бөліп шығарады:
1. Терминалды - қандай да бір нәтижелік ұмтылуға лайықты деген сенім қалыптастырады.
2. Инструменталды - кез-келген ситуацияда тұлғаның қасиеті немесе
әрекет бейнелері басым болады деген сенім. Бұл бөлулер дәстүрлі құндылық мақсат және құндылық құрал бөлуіне сәйкес келеді.
Зерттелушілердің әрқайсысына 18 құндылықтар тізбесінен тұратын алфавиттік жүйемен жасалған немесе карточка түріндегі екі құндылық бағдар жүйесі ұсынылады. Осы тізімде зерттеуші әрбір құндылыққа рангілік дәреже береді, ал карточканың маңыздылығы бойынша орналастыру алғашқы терминалдық, кейіннен инструменталдық құндылықтар жүйесі ұсынылды. Оқушылардың өзін-өзі кәсіби айқындауына әсер еткен түрліше анкета-сауалнамалар мен әртүрлі сабақтар арасында қабілеттер, қызығулар мен бейімділіктер ерекшеленді.
Алынған мотив пен құндылық бағдарының өсуі оқушылардың мамандық таңдауда жеке басының пайдакүнемдік ойларымен де байланысты екені назардан тыс қалмады. Кейіннен мұндай мотив материалдық жағдайларға байланысты үміті ақталмаған жағдайда кәсіби іс-әрекет ауыстыруға әкелуі мүмкін деген ой туғызды.
Кесте 3. М.Рокичтің "Құндылық бағдар" әдісі негізінде 11 сынып оқушыларының кәсіби құнды бағдарларының сипаттамасы (% есебімен)
№ Құндылықтар жүйесі
% R
1
дәулет, тұрмыс
20
10
2
әлеуметтік бедел
16
9
3
кәсіби қабілеттілік
10,9
8
4 Мамандықтың қоғамдық маңыздылығы
10,8
7
5 кәсіби өсу мүмкіндігі
8,2
5,5
6 Шығармашылық 8,2
5,5
7 Озық техника жабдықтары
7 4
8 Еңбектің бағалануы
6,5 3
9 Денсаулық 6,4 2
10
ғарым-қатынас іскерлігі
6 1
55
3. Тәжірибе барысында зерттеудің келесі кезеңінде жоғары сынып оқушыларымен әңгімелесу өткіздік.
Бірінші кезеңде зерттелушілерден бірнеше сұраққа жауап беруі ұсынылды: "Егер барлығын өзіңнің жеке қарастыруыңда, өзіңнің қалауыңда болса, Сен болашақ және қазіргі өміріңді қалай құрған болар едің,?" Әңгімелесудің екінші кезеңінде біз зерттелушіден өзіңнің болашағын "ересектік" өмірін қалай елестететіні туралы айтып беруін сұрадық.
Әңгімелесудің нәтижесі бойынша біз олардың мотивтерінің ұмтылыстарының т.б. негізгі тенденцияларын анықтауға тырыстық. Әңгімелесудің нәтижесі бойынша біз зерттелушілердің мотивтерінің, ұмтылыстарының т.б. негізгі тенденцияларын анықтауға тырысып, жауаптарына қарай топтарға бөліп қарасырдық.
Кесте 4. Әңгімелесу нәтижелері:
Жауаптар сипаты:
Зерттелушілер тобы
10 сынып
11 сынып
Баска адамдарға көмектесемін және басқаларды бақытты етер едім
3
3
Жақсы оқыр едім
2
2
Мектепте әдебиет пен тарих пәндері көп болса, ал математика пәні аз болса
1
2
Шет тілін көп оқыр едім, шет елдерге шығу үшін
4 7
Машина, сәнді киімдер және магнитофон т.б. сатып алар едім
5 5
Зерттелушілердің жауаптары оқуға,+ достарына деген қатынасына, қызықты пәніне, болашақтағы жоспарларына, киім, машина сатып алуларына және т.б. қатысты болды. Барлық топтағы зерттелушілердің алынған жауаптарына қарай келесі қорытындыны жасауға болады, зерттелушілердің барлығы өзінің осы өмірін болашақпен байланыстыратынын сипаттайды.
Зерттеу болжамын дәлелдеу үшін Ч. Спирменнің рангілік коррекция коэффициенті әдісін қолданамыз.
Кесте 5. Әдістемелер көрсеткіштері арасындағы өзара байланыс дәрежесін анықтау
№ Кәсіби құндылықтар жүйесі
R Мамандық атаулары
R
d
d
1
Дәулетті тұрмыс
9 мұнайшы 10
-і і
2
әлеуметтік бедел
10
заңгер 8,5 1,5
2,25
3
кәсіби қабілеттілік
8 филолог 8,5 -0,5 0,25
4 Мамандықтың қоғамдық маңыздылығы
7 педагог 5 2
4
5 кәсіби өсу мүмкіндігі
5,5 дәрігер 6 -1,5
2,25
6 Шығармашылық 5,5 инженер 2
3,5
12,25
7 озық техника жабдығы
3
экономист 3,5
-0,5 0,25
8 Еңбектің бағалануы
4 программист 7 -3
9
9 Денсаулық 2
журналист 3,5
-1,5
2,25
1 0
Қарым-қатынас іскерлігі
1
әлеуметтік қызмет
1
0 0
55 55 33,5
а) Ч..Спирменнің рангілік коррелция коэффиценті формуласын есептейміз:
6-) 6-33,5 201
Rs=1 = 1 = 1 = 1-0,20 = 0,80
(п-п-1) ІО-(Ю-І) 990
ә) Таблица бойынша Rs-тің критикалык мәнін анықтаймыз. (В.Ю.Урбах,1964)
0,64 (р>0,05)
Rs = { Rs эмп > Rs кр (р> )0,0
0,79 (р > 0),
яғни, Н0 теріске шығарылып, Н1 қабылданады.
Жауап: жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби құндылық бағдарлар жүйесімен олардың мамандық түрінің таңдауы арасында өзара тығыз байланыс бар және ол статистикалық мәнділік деңгейіне еркін жетеді.
Нәтижесі: жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби құндылык бағдарлар жүйесімен олардың мамандық түрін таңдауы арасында өзара тығыз байланыс бар және ол статистикалық мәнділік деңгейіне еркін жетеді.
Қорытынды. Кәсіптік бағдар беру жұмысын зерттеу, зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес оқушылардың кәсіби бағдарының деңгейін есепке ала отырып жүргізілді. Біздің ойымызша, жоғарыда айтылған мектеп пен жоғарғы оқу орны арасындағы тығыз байланыс деңгейлерінің арасындағы қарама-қайшылықты жеңуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кәсіби бағыттылықты кезеңдермен жүйелі қалыптастыру арқылы жоғарғы сынып оқушыларында оқуға деген жауапкершілікті тәрбиелеу арқылы оқу-үлгерім табыстылығын жоғарылатуға болады және білім беруді жетілдіру институтының мұғалімдері мен мектеп психологтары мен мынып жетекшілері үшін осы мәселені шешу мақсатында мамандық таңдау, кәсіби бағдар беру бағытында арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыруды ұсынамыз.
Осылайша, зерттеудің болжамы толығымен расталды, зерттеу нәтижесінде 11 сынып оқушыларының кәсіби бағдарына байланысты мамандық түрін анықтау, оның көрсетілген сипаттамаларының шындыққа сай екендігін және ЖОО оқуға даярлық мақсатын қалыптастыру мүмкіндігі мен ғылыми-әдістемелік және кәсіби бағыттылық шаралары бойынша орнатылған тығыз байланыс пен келісім шарттарының негізінде жүргізілетін үгіт-насихат тәжірибесін қызықтыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «Бос орындар жәрмеңкесі», ашық есік күндерінің оқушылардың кәсіби бағыттылығында алатын орынның өте маңызды екендігіне көз жеткіздік.
Бұл міндеттерді шешудің теориялық негізі - мектеп пен ЖОО бірлескен жүйесінде кәсіби бағытталған оқу-тәрбие процесінің сабақтастық жағдайында, кәсіби бағыттылық деңгейлерін дамытуға болады деген тұжырым болды. Сондықтан да, бүгінде оқушыларға кәсіптік бағдар туралы, еңбек қатынастары ерекшеліктерін түсіндіретін, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға мектеп қабырғасында жүргізіліп жатқан іс-әрекеттер жеткіліксіз, ол үшін осы бағытта дайындалған арнайы бағдарламамен жұмыс жасау әлдеқайда тиімді болмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сюпер Д.А. Образовательная среда: от моделирования к проектированию.
– М.: Смысл, 2016.- 120 с
2. Парсонс Ф. Проблемы профориентационной ориентаций школьников". С, 20113 г
3. Большаков В. Ю. Психотренинг социодинамика упражнения игры. Просвещение, СПб., 2018. - 246 с
4. Блонский П.П. О наиболее типичных педагогических ошибках при организации трудовой школы. //Избр. пед. и психол. соч.: в 2. т. /Под ред. А.В. Петровского. – М.: Педагогика, 20155. – С. 165-180.
5. Карев Н.И. "Профессиональная ориентация молодежи на основе
комплексной психологической оценки личности" 2011г.
6. Рыбников Н. Психология и выбор профессий. Издательство: Орлов: Госиздат; Издание 3-е, доп.2017
7. Дубровина И.В. "Школа и профессиональное самоопределение
учащихся", 2012г.
8. Климов Е.А «Оқушыларға кәсіби
9. кәсіби бағар беру жүйесін ұйымдастырудың психологиялық негіздері», М., 1999 г.
10. Климов Е.А. "Как выбрать профессию", М., 2019г
11. Методика М.Рокича «Ценностные ориентации» http:// dip-psi.ru/psikhologicheskiye-testy/post/metodika-m-rokichatsennostnyye-oriyentatsii, 2018
12. Калиева Э.И., Буюклиев Н.П., Джанисенова А.М. Кәсіпкерлік университеттің миссиясы. YESSENOV SCIENCE JOURNAL №2 (36)-2019 /// YESSENOV SCIENCE JOURNAL 2019, Vol.36, №2
Кокшеева Зайни Таласовна
Каспийский университет технологий и инжиниринга имени Ш. Есенова
г. Актау, Казахстан
ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ОРГАНИЗАЦИИ СИСТЕМЫ ПРОФОРИЕНТАЦИИ УЧАЩИХСЯ
Аннотация. В статье были изучены труды ученых-педагогов, внесших вклад в изучение данной проблемы, сделаны выводы, изложены виды профориентационной работы для старшеклассников общеобразовательных школ в правильном выборе профессии и содержание, основные направления и виды направленности на определение будущей профессии. В профориентационной работе выявлены специфические психологические особенности каждого ребенка, раскрыта эффективность формирования культуры поведения, общения, необходимой для всей работы. Использование традиционных и диагностических исследований в вопросах профессиональной ориентации и профессионального самоопределения, связанной с этим сознательной саморегуляции деятельности, обосновывает широкое применение психологического, педагогического, практического консультирования, подготовки к профессии, ориентации на будущее как субъекта труда. Определены содержание формирования жизненных планов и профессиональных ориентаций старшеклассников, сделаны выводы о важности развития предпринимательской деятельности.
Также в образовательных учреждениях четко излагаются виды профориентационной работы учащихся по правильному выбору профессии: профессиональное консультирование, профессиональное просвещение, изучение личности учащихся и др. Кроме того, даются методики и их итоговые результаты в исследовательской работе, научно-методические рекомендации по вопросу определения вида профессии, связанного с профориентацией.
Ключевые слова: старшеклассники, профессия, профориентация, профессиональное консультирование, выбор профессии, высшее учебное заведение.
Koksheeva Zaini Talasovna
Caspian University of Technology and Engineering named after Sh. Yesenova
Aktau, Kazakhstan
PSYCHOLOGICAL FOUNDATIONS OF THE ORGANIZATION OF THE SYSTEM OF VOCATIONAL GUIDANCE OF STUDENTS
Abstract. The article examined the works of scientists and teachers who contributed to the study of this problem, drew conclusions, outlined the types of career guidance for high school students in general education schools in choosing the right profession and the content, main directions and types of orientation to determine the future profession. In the career guidance work, the specific psychological characteristics of each child are revealed, the effectiveness of the formation of a culture of behavior and communication necessary for all work is revealed. The use of traditional and diagnostic research in matters of professional orientation and professional self-determination, related conscious self-regulation of activity, justifies the widespread use of psychological, pedagogical, practical counseling, preparation for a profession, orientation to the future as a subject of labor. The content of the formation of life plans and professional orientations of high school students is determined, conclusions are drawn about the importance of the development of entrepreneurial activity.
Also, in educational institutions, the types of vocational guidance work of students on the right choice of profession are clearly outlined: professional counseling, professional education, studying the personality of students, etc. In addition, the methods and their final results in research work, scientific and methodological recommendations on the issue of determining the type of profession associated with career guidance are given.
Key words: high school students, profession, career guidance, professional counseling, career choice, higher education institution.