46
Summary
In this paper we evaluated the effect of chemical factors prevalent in the Central Kazakhstan, on biochemical indices of spermatogenesis. The object of the study served as the male ejaculate 6 settlements Karaganda region. The results obtained reveal a violation of the processes LP-AP in the sperm in young men.
Key words: lipid peroxidation, antioxidant protection, spermatogenesis, ejaculate
ӘОЖ 613.1:614.2(574.54)
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАММАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ СИПАТЫ
Ж.М. Мутайхан, Б.А. Әбдіғожина, М.Б. Алтынбеков,
А.Ш. Мұзафарова, Н.Ю. Алешина
ҚР ДС және ӘДМ «Еңбек гигенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы»,
Қарағанды қ.
Мақалада ластанған аймақта (мысалға Әйтеке би кенті) тұратын тұрғын-дардың электрокардиограмма өзгерістеріне қоршаған ортаның зиянды факторла-ры әсерінің нәтижесіне талдау баяндалған.
Түйінді сөздер: экология, медициналық-биологиялық зерттеулер, қоршаған орта факторлары, аурушаңдық
Өзектілігі. Бүгінгі таңда жиналған ғылыми зерттеу материалдары әлем елдерінің көпшілігі үшін, қоршаған ортаның ластануына байланысты экология-лық, гигиеналық, әлеуметтік проблемалардың ерекше маңыздылығын растайды [1-5]. Бұл проблема Қазақстан Республикасы, соның ішінде Арал өңірінің эколо-гиялық қолайсыз аймағында өмір сүретін тұрғындары үшін де өзекті болып табы-лады. Сонымен, қазіргі кезде қоршаған ортаның жеке факторларының әсері нәти-жесінде адамның денсаулық жағдайындағы өзгерістерді бөлшектеп анықтау қиын. Демек, бір қатар зерттеулерде, қоршаған ортамен тұрғындардың денсаулық жағ-дай көрсеткіштер арасында себеп - салдар тәуелділігі анықталған [6].
Зерттеудің мақсаты. Арал өңірінің экологиялық қолайсыз ауданындағы тұрғындардың электрокардиограмма өзгерістерінің сипатын анықтау.
Материалдар және әдістер. Зерттеуге Қазақстан Республикасының Қы-зылорда облысы Әйтеке би ауданының тұрғындары алынды. Қоршаған ортаның зиянды факторларының денсаулыққа тигізетін әсерін және көп тараған ауру түр-лерін анықтау мақсатында, тұрғындарға медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізілді.
ISSN 1727-9712 Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015
47
Зерттеуге бұрын соңды экологиялық жағымсыз аймақтарда тұрмаған, зиян-ды өндірісте жұмыс істемеген, осы аймақта 10 жылдан кем тұрмаған 18-59 жас аралығындағы денсаулығы жақсы деген тұлғалар алынды. Барлығы 694 адамға ЭКГ түсірілді.
Зерттеуге кірмеген адамдар: ауруы бойынша мүгедектер, созылмалы ауру-мен диспансерлік тізімде тұрғандар, жүкті әйелдер, экологиялық жағымсыз ай-мақтарда тұрғандар, осы аймақта 10 жылдан кем тұрғандар, жас ерекшелігі 18 жастан кіші және 69 жастан үлкен тұлғалар. Зерттеу жүргізу үшін жергілікті этика коммиссиясының рұқсаты алынды (18.03.2014 ж. №3 хаттама). Зерттеу алдында зерттелушіден жазбаша түрде келісім алынды.
Электрокардиография ЭК12Т-01-«Р-Д» «Монитор» (Ресей, 2006) электро-кардиографында жүргізілді. Зерттеу кезінде адам физикалық және эмоциялық ты-ныштық жағдайда болды. Жүректің электрлік сигналын тіркеу үшін денеге аппаратпен байланысты 5 электрод орнатылды. Зерттеу кезінде қолайсыз температура, электрлік құралдардың жақын орналасуы, кабелдердің айқасуы және т.б. кері жа-ғымсыз әсерлердің болмауы қадағаланды.
Нәтижелер мен талқылаулар. Зерттеуге алынған тұрғындардың ЭКГ нә-тижесінде Қызылорда облысы, Әйтеке би ауданында сол жақ жүрек қарыншасы-ның гипертрофиясы - 17,02% жағдай, оның ішінде 18-29 жас аралығы: ерлерде -5,8%, әйелдерде - 5,2%, 30-39 жас аралығы: ерлерде - 4,5%, әйелдерде - 7,6%, 4049 жас аралығы: ерлерде - 2,4%, әйелдерде - 9,1%, 50-59 жас аралығы: ерлерде -0,3%, әйелдерде - 12,3%, 60-69 жас аралығы: ерлерде - 2,2%, әйелдерде - 3,5%; жүрек миокардының трофикалық төмендеуі - 9,7% жағдай, оның ішінде 18-29 жас аралығындағы: ерлерде - 0%, әйелдерде - 3,0%, 30-39 жас аралығындағы: ерлерде - 4,6%, әйелдерде - 1,3%, 40-49 жас аралығы: ерлерде - 0%, әйелдерде - 3,2%, 5059 жас аралығындағы: ерлерде - 0%, әйелдерде - 3,5%, 60-69 жас аралығындағы: ерлерде - 1,2%, әйелдерде - 0,8%; жүрек миокардының ишемиялық өзгерістері -10,4% жағдай, оның ішінде 18-29 жас аралығындағы: ерлерде - 0,6%, әйелдерде -0%, 30-39 жас аралығындағы: ерлерде - 0,9%, әйелдерде - 0,8%, 40-49 жас ара-лығындағы: ерлерде - 0,9%, әйелдерде - 0%, 50-59 жас аралығы: ерлерде - 4,8%, әйелдерде - 4,9%, 60-69 жас аралығындағы: ерлерде - 2,4%, әйелдерде - 5,2%; синусты тахикардия - 7,5% жағдай, оның ішінде 18-29 жас аралығындағы: ерлерде - 0%, әйелдерде - 4,7%, 30-39 жас аралығындағы: ерлерде - 3,6%, әйелдерде -2,7%, 40-49 жас аралығындағы: ерлерде - 0%, әйелдерде - 1,3%, 50-59 жас аралы-ғы: ерлерде - 1,2%, әйелдерде - 1,3%, 60-69 жас аралығындағы: ерлерде - 0%, әйелдерде - 0%; Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы - 1,8% жағдай, оның ішінде 18-29 жас аралығындағы: ерлерде - 0%, әйелдерде - 0,5%, 30-39 жас аралығындағы: ерлерде - 0%, әйелдерде - 0%, 40-49 жас аралығындағы: ерлерде -0,6%, әйелдерде - 0,5%, 50-59 жас аралығындағы: ерлерде - 0,3%, әйелдерде -1,3%, 60-69 жас аралығындағы: ерлерде - 0%, әйелдерде - 0,3% (1, 2 суреттер).
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015
48
5,8
4,5 4,6
4,8
18-29 жас 30-39 жас 40-49 жас 50-59 жас 60-69 жас
■ Сол жақ жүрек қарыншасының
гипертрофиясы
■ Жүрек миокардының
диффузды өзгерістері
■ Жүрек миокардының ишемиялық өзгерістері
■ Синусты тахикардия
■ Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы
Сурет 1 - ЭКГ қорытындысы бойынша жастық және гендерлік айырмашылығы
18-29 жас 30-39 жас 40-49 жас 50-59 жас 60-69 жас
■ Сол жақ жүрек қарыншасының гипертро фиясы
■ Жүрек миокардының диффузды өзгерістері
■ Жүрек миокардының ишемиялық өзгерістері
■ Синусты тахикардия
■ Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы
Сурет 2 - ЭКГ қорытындысы бойынша жастық және гендерлік айырмашылығы
Сонымен, Арал өңірінің экологиялық қолайсыз аймағында жүргізілген ЭКГ зерттеуі нәтижелері бойынша 486 (70,1%) тексерілген адамдарда патология-лық өзгерістер тіркелді. Сол жақ жүрек қарыншасының гипертрофиясы - 152 (31,3%) жағдай, жүрек миокардының диффузды өзгерістері - 97 (19,9%) жағдай, жүрек миокардының ишемиялық өзгерістері - 105 (21,6%), синусты тахикардия -86 (17,7%), Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасы - 46 (9,5%) тіркелді. Осындай патологиялық өзгерістердің болуы және қоршаған ортаның экологиялық жағымсыз факторларының қарқынды және созылмалы әсері ағзаның бейімделу
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015
49
қабілетінің төмендеуіне ықпалы етіп түрлі патологиялық жағдайлардың да-муына мүмкіндік туғызуы мүмкін.
Қорытынды. Медициналық-биологиялық зерттеулердің нәтижесі бойын-ша Қызылорда облысы Әйтеке би ауданында 5,3% дені сау, 94,7% аурушаңдығы тіркелсе, электрокардиограмма зерттеуінің нәтижесі бойынша жиі кездесетін жағ-дайлар болып, ерлер арасында 18 жастан 49 жасқа дейінгі аралықта жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы, әйелдер арасында 18 жастан 59 жас аралы-ғында жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы және жүректің диффузды өзгерістері басымырақ болғаны анықталды. Әйелдер арасында 18 жастан 59 жас аралығында жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы сол жақ қарынша-сының гипертрофиясы 34,2% құрады.
Жүрек миокардының ишемиялық өзгерістері әйелдермен салыстырғанда ерлер арасында 50-59 жас аралығында кездесу жиілігі бірдей болғанымен, 18-49 жас арасындағы ерлер арасында тіркелу анықталған. Әйелдер арасында 50 жастан 69 жас аралығында жүрек миокардының ишемиялық өзгерістері басқа жастағы әйелдермен салыстырғанда жиі тіркелді. Электрокардиограмма көрсеткіштері бойынша, сол жақ жүрек гипертрофиясы артериялдық гипертензия ауруымен тығыз байланыста болады, жүрек гипертрофиясы 28,6%-ы артериялдық гипертензия ау-руымен сәйкес келетіні анықталды.
Әдебиеттер
1. Ибраева Л.К. Влияние экологических факторов окружающей среды на развитие заболеваний у населения // Медицина труда и пром. экология. - 2014. -№8. - С.38-43.
2. Маймулов В.Г., Лимин Б.В., Карлова Т.В. и др. Система мероприятий по предупреждению и уменьшению возникновения экологически зависимых заболеваний // Гигиена и санитария. - 2007. - №6. - С.14-17.
3. Ковальчук И.Ю. Оценка состояния здоровья населения районов области, прилегающих к крупному промышленному центру // Гигиена и санитария. - 2009. - №3. - С.60-63.
4. Петров С.Б. Эколого-эпидемиологическая оценка влияния взвешенных веществ в атмосферном воздухе на развитие болезней системы кровообращения // Экология человека. - 2011. - №2. - С.3-7.
5. Jerrett M., Finkelstein M.M., Brook J.R. et al. A Cohort study of traffic-related air pollution and mortality in Toronto, Ontario, Canada // Environ. Health Perspect. - 2009. - V.117, №5. - P.772-777.
6. Аманжол И.А., Аманбекова А.У. Баттакова Ш.Б., Омирбаева С.М. и др. Современные проблемы экологически зависимых заболеваний населения урбанизированных территорий. - Караганда, 2012. - 197 с.
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015
50
Резюме
В статье изложено результаты влияние вредных факторов окружающей среды на изменение электрокардиограммы у жителей загрязненной территории (на примере п. Айтеке би).
Ключевые слова: экология, медико-биологические исследования, факторы окружающей среды, заболеваемость
Summary
In the article is described results influence of harmful factors of environment on the change of electrocardiogram for the habitants of muddy territory on the example of settlement of Aiteke-bi.
Key words: ecology, environmental factors, medical-biological research, morbidity
ӘОЖ 612.015.16 (574.54)
АРАЛ МАҢЫ ЕРЕСЕК ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАН ҚҰРАМЫНЫҢ МИКРОЭЛЕМЕНТТІК КӨРІНІСІ
З.И. Намазбаева, Р.С. Бержанова, Р.С. Улжибаева, А.Ж. Искендирова,
А.Ж. Кызкенова, А.М. Махметова
ҚР ДС және ӘДМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы»
РМҚК, Қарағанды қ.
Арал маңы дағдарыс өңірінде тұратын ересек тұрғындардың қан құрамына микроэлементтік сараптама жүргізілді. Мыс мөлшерінің артуы және мырыш, селен, йод мөлшерлерінің төмендеуінен ағзадағы микроэлементтердің дисбалансы анықталды. Қандағы микроэлементтік құрамның ауытқушылығы экологияға не-гізделген аурулардың туындауының басты критерийі болып табылады.
Түйінді сөздер: Арал маңы дағдарыс өңірі, микроэлементтер, ересек тұрғындар, дисбаланс
Өзектілігі. Арал маңы дағдарыс өңіріндегі атмосфералық ауаның құра-мында улы қосылыстар кешені бар ұсақ дисперсті шаңмен ластануы политропты әсер көрсетеді [1]. Қоршаған ортаның микроэлементтік құрамының өзгеруі техно-генді биогеохимиялық аумақтардың пайда болуына, ағзаның қорғаушы-бейімдел-гіш реакциясының бұзылуына және жаңа аурулардың пайда болуына әкелуі мүм-кін. Сонымен, олардың патогенді әсері ұзақ мерзімге созылуы да мүмкін. Оның
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015