Научная статья на тему 'Арал өңірі тұрғындарының аурушаңдығына экологияның тигізетін әсері'

Арал өңірі тұрғындарының аурушаңдығына экологияның тигізетін әсері Текст научной статьи по специальности «Науки о здоровье»

CC BY
2280
259
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
Арал өңірінің тұрғындары / аурушаңдылық / экология / қоғам / қор-шаған ортаның ластануы / population of Aral Sea region / morbidity / ecology / society / environmental pollution

Аннотация научной статьи по наукам о здоровье, автор научной работы — Т С. Зәрубеков

Мақалада Арал өңірінің қазіргі экологиялық дағдарысы және адам эколо-гиясының пайда болуы туралы көрсетілген. Қазіргі даму кезеңіндегі адам эколо-гиясының пайда болу өзектілігі, адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар туралы баяндалды. Сондықтан елдегі экологиялық жағдай эко-номика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

In the article review of modern ecological problems of unhappy districts of region Aral Sea and their influence is given on the health of population. Researches of negative tendencies in a state of habitat have an actual value for acceptance of measures on of improvement of the ecological state of region, making healthy of society and economic independence of country.

Текст научной работы на тему «Арал өңірі тұрғындарының аурушаңдығына экологияның тигізетін әсері»

10

ОБЗОРЫ

ӘОЖ 614.87(574.54)

АРАЛ ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АУРУШАҢДЫҒЫНА ЭКОЛОГИЯНЫҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

Т.С. Зәрубеков

ҚР ДСӘДМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК,

Қарағанды қ.

Мақалада Арал өңірінің қазіргі экологиялық дағдарысы және адам эколо-гиясының пайда болуы туралы көрсетілген. Қазіргі даму кезеңіндегі адам эколо-гиясының пайда болу өзектілігі, адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар туралы баяндалды. Сондықтан елдегі экологиялық жағдай экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.

Түйінді сөздер: Арал өңірінің тұрғындары, аурушаңдылық, экология, қоғам, қор-шаған ортаның ластануы

Арал теңізінің экологиялық дағдарысы әлемдегі маңызды оқиғаның бірі. Арал теңізі Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облыстары) жерле-рінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығысында орналасқан тұйық көл.

1998 жылдан бастап теңіз деңгейі 18 метрге төмендеп, нәтижесінде теңіз 2 су қоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлінген.

Арал теңізінің экологиясы - Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны болатын. Оның апатқа ұшыраған-ға дейінгі көлемі 1066 км , тереңдігі 30-60 шаршы метрді, тұздылығы 10-12 па-йызды құраған [1].

Экологиялық дағдарыс шын мәнінде қауіп төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Табиғи қорлар мен ортаны қорғау, қазіргі әлемде экологиялық проблема-лар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айнал-ды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдеме-лі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соғуда, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Табиғаттық катаклизімдер апаттарына қарағанда антропогендік фактор қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіруде. Табиғи байлықтарды пайдалану саясатының олқы-

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №4 (49), 2015

11

лықтары экологиялық жағдайдың қолайсыз өзгеріске ұшырауына әкеп соғады. Қазақстанда ауыр металлургиялық өндірістер, сынақ полигондары, ракета ұшыру алаңдары, т.б. өндіріс ошақтары орын алуда. Өндірістерден шыққан қалдықтар су қоймаларына ағызу арқылы, егістік жерлер мен жайылымдар, шабындық жерлерді құрамында уландырғыш металдары бар пестициттермен уландырды. Соның сал-дарынан өзен - көлдердің шөгінділері, құнарлы жерлер, атмосфералық ауа ауыр металл тозаңдарымен ластанып, экожүйенің тепе - теңдігі бұзылып отыр [2,3].

Арал теңізінің айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер қарастырылуда. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, ден-саулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударуда. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілуде.

Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясының пайда болу өзектілігі, адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар. Қоршаған орта жағ-дайының негізгі экологиялық индикаторы - халық денсаулығы екендігі белгілі, ал табиғи ортаның саулық деңгейі - әлеуметтік, экологиялық, демографиялық ке-шенді күрделі факторлар әсерімен айқындалады. Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырды. Экология ғылымының жаңа құрылымы қалыптасты. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешу-де адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайда-лану үшін қажет. Адам экологиясы мәселесі кең мағынасында келесі тізбекті жағ-дайларға байланысты: адамның техногенді әрекеті, ол тек жаңа техника ойлап табу ғана емес, технология, өндірістік орындар, жаңа заттар және композициялар-дың ашылуымен қатар, қоршаған және өндірістік ортаның (ауа, су қоймалары, то-пырақ, өндіріс аймағы) зиянды химиялық заттарымен, ароматты көмірсутектер-мен, ауыр металдармен улануы, яғни өндірістік орта мен тіршілік ету ортасының антропогенді ластануы [1,2,4].

1997 жылы Арал теңізін сақтау және Арал өңірінде экологиялық тепе-теңдікті қалыптастыруға арналған Үкіметтің бағдарламасы осы аймақтың шекара-сын анықтап, медициналық-биологиялық, санитарлық және басқа да индикатор-лар мен әртүрлі экологиялық деңгейдегі зоналарға бөлді. Экологиялық жағдайы нашарлаған әртүрлі аймақтар «апатты» және «дағдарыс» аймақ (азырақ зардап шеккен), салыстырмалы қолайлы деп үш аймаққа бөлген. Қоршаған ортаны және төмендегі көрсетілген аймақтарға бірігіп аналитикалық топ жүргізген болатын. Ол мынандай 4 аймақты аудандардан тұрады: 1-ші аймақ салыстырмалы қолайлы: Жаңақорған және Шиелі аудандары Арал теңізінен 400 шақырым қашықтықта, 2-

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №4 (49), 2015

12

ші аймақ экологиялық дағдарыс: Қармақшы және Жалағаш аудандары Арал те-ңізінен 200-ден 400 шақырым қашықтықта, 3-ші аймақ экологиялық апатты: Арал және Қазалы аудандары ені жағынан кең көлемді 200 шақырым қашықтықта, 4-ттті аймақ референтті (экологиялық қолайлы аймақ): Алатау кенті, Алматы облысы жатады.

Арал өңірінде физикалық және химиялық әдістерді пайдалана отырып қор-шаған ортаға алғашқы экологиялық мониторинг өткізу арқылы қандайда бір жа-ғымсыз факторлардың ластануын байқаймыз. Ауылшаруашылық алқаптарда то-пырақтың жоғарғы қыртысының ластануы атмосфераға түскен меттал қалдықта-рының әсері.

Куәләндіріп алынған жазбалар қорытындысында топырақтың құрамында мыстың концентрациясы Аралда - 1,4 есеге, Қазалыда - 1,5 есеге, Қармақшыда -1,2 есеге жоғарылаған. Осы аудандарда қорғасынның концентрациясы төменгі деңгейде. Басқа аудандарда мыстың концентрациясы қалыпты деңгейден төмен.

Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында кобальттың концентрациясы санитарлық қалыптан жоғары. Экологиялық қолайсыз аудандар-дың ауа мен топырағының ластануына әкелетін факторларға гигиеналық баға беру. Қоршаған ортаны ластайтын негізінен ауыр металдар болып табылады [5-7].

Барлық экологиялық мәселелерді өзара байланыстырып екі факторға бөлу-ге болады: климаттық өзгеріс және қоршаған ортаның ластануы. Қазіргі кезде тер-риториямыздың бір бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мы-салы ауаның, судың, жердің әртүрлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдар-мен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, Байқоңыр ғарыт кешенін, ірі тау-кен өндірістерін, Арал, Каспий суларындағы экологиялық апат-тарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын бол-сақ, территориямыздың апат алаңы екенін байқауға болады. Дүниежүзінде адам-ның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көбейіп келе-ді. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялық жағдайлар тудыруда.

Қоршаған ортаның ластануының көп қырлылығын есепке алып, күрделі экотоксикологиялық жағдайларды талдауда басымдық ластаушы заттар таңдау принциптеріне арналған еңбектер аса өзектіге айналды. Жүргізілген зерттеулер негізінде ауаға, суға немесе топыраққа түскенде тұрғындарға қауіпті жағдайлар тудыру қабілеттерін бағалайтын органикалық қосылыстардың бастапқы тізімдері әр түрлі. Көптеген экологиялық - гигиеналық зерттеулермен қоршаған орта және халықтың денсаулығына антропогенді әсер етудің өңірлік ерекшелігі, ең алдымен өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісі сипатымен, олардың елді - мекендерге қатысты орналасуы, соңғыларының инфрақұрылымдық жағдайымен анықталады. Бүгінгі таңдағы әлем елдерінің көпшілігі үшін, қоршаған ортаның ластануымен байланысты экологиялық - гигиеналық проблемалардың ерекше маңыздылығын растайды. Бұл проблема Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін де өзекті болып табылады.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №4 (49), 2015

13

Қоршаған және өндірістік ортаның негізгі ластаушысы үлкен өндірістер, жылына миллион тоннаны құраған олардың зиянды қалдықтары және автокөлік-тер мен тағы басқа антропогенді әсерінің өсуі болып табылады. Соның нәтижесін-де жер жүзінің көптеген аймақтарында өндірістік ортада зиянды химиялық заттар-дың әсері атмосфералық ауаның ластануымен газ құрылымының өзгеруіне алып келді. Атмосфераны ластайтын 3000-нан аса зиянды заттар бар. Атмосферада қышқыл жаңбырдың пайда болуы күкірт ангидриды, азот оксиді, көмір қышқылы және тағы басқа заттар ластайды. Улы химиялық заттардың әсерінен өсімдіктер мен жануарлардың ағзалары және тіндері зақымдалып, аурулар пайда болады. Мысалы: күкірт оксиді ылғалды ауамен бірігіп, атмосферада күкірт қышқылына айналады, соның нәтижесінде конструкциялармен құрылғылар зақымдалады [8-10].

Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техниканы ізденушілердің алдына адам және қоршаған орта жүйесіндегі арнайы заңдылықтарды анықтауға міндетін қояды. Адам қоршаған ортамен үнемі тепе-теңдікте болу мақсатында, осы жүйедегі арнайы заңдылықтар мәселесі ғалымдарға зерттеуге мақсат қояды. Осы жүйедегі бас-қару элементтері болып жағымсыз факторларды жою, аурушаңдыққа әкелетін жағдайларды анықтау және алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсаттардың не-гізін құрайды. Жағымсыз қоршаған ортаның факторы әлеуметтік және экономика-лық жағдаймен бірлесіп халық денсаулығына негативті әсерін тигізеді. Қазіргі кезде антропогенді факторлардың адам ағзасының функционалды жағдайына әсер ететін белгілер: тез шаршағыштық, ұйқышылдық, көңіл-күй өзгерісі, қабылдау бұзылысы және т.б. Адамның психофизиологиялық жағдайын зерттей келе көр-сеткіштері өсіп келе жатқан ағзаға оң немесе кері әсер етуі мүмкін [11,12].

Қызылорда облысында сүт безінің қатерлі ісігі Арал өңірінде жылына 1 миллионнан артық әйелдерде жаңа жағдайлар тіркеледі, өлім саны 100000 тұр-ғынға шаққанда 18,1 пайызды құрайды, жалпы республикалық деңгейден 6,1 па-йыз артық.

Қазіргі кезде, әйел репродуктивтілігінің төмендеуі алаңдатады. Жүкті әйел-дер арасында сырқаттанушылықтың жоғарылауы, қалыпты нәресте туылу саны-ның төмендеуі, сәбилердің гипоксиялық жағдайды, бойдың өсу кешеуілдеуі және тамақтанудың жеткіліксіздігі байқалады.

Арал өңірінде жүкті әйелдердің жартысынан астамы экстрагениталды ау-рулардан зардап шегеді, түсіктер саны көбейген. Экстрагениталды патология құ-рылымында қан аздық (анемия) 1-ші орында тұр. Арал қаласында тексеруден өт-кен 700 әйелдердің бәрінде дерлік (98,4%) қан аздығы анықталды. Тексеруден өт-кен әйелдер ішінде мерзімінен ерте босану (31%) пайызды көрсетті. Зерттеу нәти-желері Арал өңірі экологиялық факторларының соматикалық, гинекологиялық ау-рушаңдық көрсеткіштерінің, мерзімінен ерте босану экологиясы мен құрылымы-ның келеңсіз жерін растайды. Сонымен қатар, Арал өңірінде тұратын жүкті әйел-дерге ауыр металдар мен пестицидтердің нақты химиялық жүктемесін зерттеу, қанда қорғасынның, кадмийдің, ДДТ және жинақталуы жүкті әйелдерде теміртап-

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №4 (49), 2015

14

шылықты, анемия пайда болу қауіп факторы болып табылатынын анықтады. Даму аномалиясының жиілеуі және қатерлі ісіктің жиі анықталуы байқалды.

Қызылорда облысы бойынша тұтастай созылмалы эзофагит аурушаңдығын зерттеу 100 000 тұрғынға 94,73,8-ден 161,55,1 ақиқат жоғарылауын анықтады (1,7 есе, 0<0,01 бес жылда аурудың өсу қарқыны 70,5%-ға тең). Созылмалы эзофагитпен аурушаңдық деңгейін болжау және динамикасын талдау Жаңақорған, Жала-ғаш, Қазалы және Арал ауданы тұрғындарында көрсеткіштің жоғарылау тенден-циясын көрсеткен, 5 жылда өсу қарқыны Жаңақорған ауданында - 107,9%, Жала-ғаш - 119,6%, Қазалы - 265,3%, Аралда - 228,6 пайызды (%) құраған. Қызылорда обылысы бойынша созылмалы эзофагитпен аурушаңдық өсімі Арал теңізі бағы-тымен жүріп келеді [13,14].

Арал өңірі экологиялық факторларының әсерінен тұрғындар денсаулықта-рының функционалдық өзгерістері айқындалды. Жас шамасына байланысты ерек-шеліктері және олардың диагностика қағидаларына әртүрлі этиологиялық фактор-лардың әсеріне негізделген. Өндірісі жақсы дамыған елдерде сырқаттанушылық-тың 80% адам ағзасына қоршаған ортаның әсерінен дамиды. Өндіріс орындары таяу қалалардың ауасы аурушаңдықтың негізгі факторы болып табылады. Ауру-шаңдықтың соның ішінде Арал өңірінің экологиялық қолайсыз аймақ тұрғында-рында ас қорыту органдары ауруларының ұлғаюына себеп болып табылады. Қызылорда облысы Қазалы ауданы ас қорыту органдары аурулары бойынша үшінші орында тұр. Экологиялық мәселелерді өзара байланыстыра отырып екі факторға бөлуге болады: климаттық өзгеріс және қоршаған ортаның ластануы. Барлық атмосфералық ауаны ластайтын заттар адам ағзасына көбінесе тыныс алу жүйесі арқылы өтеді. Тыныс алу жүйесі арқылы күкірт сутегі, азот оксиды мен диоксиді, фенол, формальдегид, фторид, хлорид және көміртектің оксидтері секіл-ді химиялық қосындылар ең үлкен қауіп-қатер тудырады. Тыныс алу жүйесі мү-шелерінен өлу себебі Арал өңіріндегі шаңды-тұзды борандардың тікелей әсерінен болуы мүмкін, өйткені ауыз су құрамында магний, темір, мырыш, сынап, қорға-сын мен кадмийдің бірнеше есе артық болуы ағзаны уландырып, нәтижесінде жүрек-тамыр жүйесінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Тұрғындардың тыныс алу жүйе-сі ауруларынан, инфекциялық паразиттік аурулардан өлуі Арал өңірінің тұрғын-дарында соматикалық аурулардың ішінде ең жиі кездесетіні: асқазан-ішек жолда-ры, қан жүйесінің аурулары, көбіне уытты гемолиздік анемия, зәр шығару жүйесі аурулары, сүт безінің қатерлі ісігі осы өңірдің экологиясының ауыр металдармен ластануына тікелей байланысы және экологиялық дағдарыс аймағы екендігінің дәлелі де болуы мүмкін [15-18].

Физикалық даму балалардың денсаулығының объективті және жалпылама өлшемдерінің бірі болып табылады. Жас балалардың физикалық дамуы басқа өңірлерге қарағанда Арал өңірінде біршама төмендегені байқалады [13].

Экологиялық тұрақсыздық әсіресе балалардың денсаулығына және дамуы-на қауыпты жағдай болып саналады. Ересек адамдарға қарағанда балалардың жә-

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №4 (49), 2015

15

не жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық сипаттамасының айырмашылығы бар, сондықтан қоршаған ортаның ластануы жоғары әсер етеді. Сыртқы және жа-ғымсыз факторлардың әсерінен нәрестелердің физикалық дамуының стандартын құру арқылы, өмір сүру ортаға бағытталған антропоэкологиялық мониторинг жү-йесін бақылай аламыз. Физикалық дамудың ретардациясы балалардың психика-лық денсаулығының жағымсыз өзгерістерімен, ойлау қабілетінің төмендеуіне бай-ланысты және тірек-қимыл мен жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуына әкеледі. Балалар арасында анемия, несеп- жыныс жүйесі, тыныс алу жүйесі, ас қорыту жү-йесі және қан айналымы аурулары көп кездеседі [19,20].

Қоршаған ортаның ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыз-дандырып, қоғамның қалыпты дамуына кері әсер етеді. Әлемдік қоғамдастықпен қатар, қазақстандықтардың да қалыпты тұрмыс-салты экологиялық жағдайларға байланысты алаңдаушылық күйге түсуде. Сондықтан, елдегі экологиялық жағдай экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде [21,22].

Өмір мен қоршаған ортаның сапасы бір-біріне қарсы тұрмайды, тек өзара байланыста болуы тиіс. Қоршаған ортаның сапасы адамзаттың денсаулық деңге-йін артады. Денсаулықтың деңгейінің сипаттамасына тірі ағзаның өзін-өзі реттеу механизміне көрініс беретін әртүрлі дәрежедегі көрсеткіштер жатады: бейімделу, гоместаз, реактивтілік. Қоршаған орта факторы мен адамның денсаулығын құрай-тын фактордың үйлесімділігі жағымды реттеу жүйесін тұрақтандыратын гемо-стазды қамтамасыз етеді, реттеу жүйесінің дисфункциясы барлық жүйе бойынша дисбаланысқа алып келеді. Сондықтан адамның денсаулығы, оның физикалық да-муы, медико-демографиялық жағдайы өндіріс орындарымен байланысты. Денсау-лық көрсеткіштеріне өмірге деген қабілеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындау болып табылады [23-26].

Арал өңіріндегі экологиялық ахуал бойынша Қазақстан Республикасының «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы қабылданып, ол бойынша экологиялық қасірет аумағына Қызылорда облысының бүкіл аймағы енетіні, ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, Заң қабылданғаннан бастап обылысымызда халық саны 111 мың 400 адамға, яғни 15 пайызға және халық арасындағы демографиялық өсімнің орта есеппен 8-12 пайызға өскені, бұл көрсеткіш экологиялық ахуалдың жақса-руынан емес, бала туылу көрсеткішінің есебінен көбейіп отырғаны атап өтілді. Ал халық өлімінің саны 1993 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін сол деңгейде қалып отыр. Экологиялық ахуал бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың мөлшері тиісті нормативтен 2,8 есеге асқан. Судың сапасы «орташа», 3-ші класс болып табылады, сульфаттар мен мыстың концентрациясы тиісті нормативтен 5,4 есе, нитриттер мен магний 2,2 есеге көбейген. Аталған мәліметтер облыс бойынша табиғи ортадағы ластаушы заттардың шоғырлану көлемі нормативтік деңгей-ден жоғары екендігін көрсетіп отыр. Халықтың аурушаңдық деңгейіде жылдан жылға өсіп келеді. Арал аймағының негізгі мәселелері: шөлейттену, суда, топы-

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №4 (49), 2015

16

рақта мұнай өнімдері мен ауыр металдар тұзының жиналуы болып табылады. Шө-лейттенген Арал теңізінің түбінен тұзды шаң қалдықтарының көтерілу салдары-нан топырақтың белсенді тұздану процесі басталып, жер асты сулары деңгейінің ирригациялық жүйеден тыс төмендеуі мен көлденең су алмасудың жоқтығы шө-лейттену процесінің дамуына септігін тигізді. Қарқынды шөлейттену және табиғи қоршаған ортаның орнықты қайтымсыз құлдырау процесі, өмір сүру жағдайының нашарлауы, аурушаңдықтың өсуі тұрғындарды қорғау шараларын шешуді және реттеуді қажет ететін, жаңа экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай-ларды тудырады. Арал өңірінің тұрғындарына тұз тозаңының, дербес жағдайда сульфаттың, карбонаттың, ауыр металдардың және мұнай өнімдерінің адам ағза-ларына басқада жүйелерге кері әсерін тигізеді. Қызылорда облысында қазіргі кез-де қоршаған орта мен жер қойнауын пайдаланушыларды, оның ішінде мұнай өн-діруші компаниялардың көптеп ашылуыда, өндірістік қалдықтар мен ластаушы заттардың ауаға таралуы әсерінен экологиялық аймақ болып табылады. Теңіз ұл-танынан ұшқан тұзды шаң, әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы хабар-лар, қатерлі де қорқынышты сипат алып барады. Бұл проблеманың Біріккен Ұлт-тар Ұйымы мен басқада мәртебелі мінбелерден қайта-қайта көтерілуі де сондық-тан [27-31].

Адамзаттың ХХІ ғасырдағы экологиялық дағдарыспен және табиғатты тиімсіз пайдалану салдарына байланысты Қазақстанның проблемалық жағдайла-ры көбеюде. Экологиялық проблемаларды ғаламдастырудың себептерін қарасты-ру кезінде адамның қоршаған ортаға: саяси - мемлекеттік және экологиялық фак-торларды ескеру қажет. Экологиялық фактордың әлеуметтік тобында мынадай түрлерге жіктеледі: әлеуметтік - экономикалық және рухани өнегелі.

Қазіргі таңда қоршаған ортаның жеке факторлардың әсері адамның ден-саулық жағдайындағы өзгерістерді бөлшектеп анықтау қиын. Бірқатар жарияла-нымдарда жұқпалы емес аурушаңдықтың кейбір өмір үшін маңызды элементте-рінің табиғи асқындық немесе зәрулік байланысы анықталған. Сонымен бірге, ха-лықтың денсаулық жағдайының деңгейін қалыптастыруда адамның тіршілік ету ортасы факторлары кешені әсерінің маңызы зор екені күмәнсыз. Соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғау проблемасы ғаламдық сипатқа ие болуда, өйткені таби-ғат пен оның ластануында әкімшілік шекара жоқ. Сондықтан дамыған елдердің үкіметтерінің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аса көңіл аударуы кездейсоқ емес және осы зиянды әсердің алдын алу үшін көп қаражат бөледі [32,33].

Сондықтан да, Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарын толғанды-рады. Оның бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстандықтарды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропоген-дік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. АҚШ, Жапония, Канада ғалымда-рының Арал теңізінің суын қайта қалпына келтіру үшін көп қаржы талап етуін айтады. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №4 (49), 2015

17

Арал каналының ғылыми-техникалық жобасы қарастырылмақ. Арал апатын шешу жолдары жобаның негізінде, Халықаралық қоғамдастық және өркениетті елдерде араласуда. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония т.б. мемлекеттер. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда.

Әдебиеттер

1. ҚР-ның тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері // Экология. - 17 қараша 2013 жыл.

2. Еліміздің экологиялық проблемалары - URL: http://www. Kitaphana.kz. -

2014.

3. Мырзаханов Н.М. Экология және денсаулық // Экологияның өзекті мәселелері: III Халықаралық ғылыми-практ. конф. - Қарағанды, 2004. - Б.53-56.

4. Қазақстанның экологиялық жағдайы // Экология. - 21 ақпан 2013 жыл.

5. Аманбеков Ө.А., Баттақова Ш.Б., Миянова Г.А., Әбдірахманова М.Г., Шәйкенов Д.С. Экологиялық қолайсыз Арал өңірінде өмір сүретін тұрғындардың жүйке жүйесіне қоршаған орта факторларының әсері // Гигиена труда и медицинская экология. - 2014. - № 4(45). - С.15-22.

6. Жумабекова Г.С., Ибраева Л.К., Ажиметова Г.Н., Батырбекова Л.С., Смагулова Б.Ж. Арал өңірінің зиянды экологиялық факторларының тұрғындар денсаулығына әсері // Гигиена труда и медицинская экология. - 2014. - № 2(43). -С.27-35.

7. Әлназарова А.Ш. Арал маңындағы аудандардың сыртқы орта нысанда-рын (ауа, топырақ) зерттеу // Гигиена труда и медицинская экология. - 2010. -№1(26). - С.57-62.

8. Тулеуова Г.К. Экологиялық жағдайдың өзекті мәселелері // Гигиена труда и медицинская экология. - 2011. - № 2(31). - С.38-45.

9. Дюсембаева Н.К., Шпаков А.Е., Салимбаева Б.М., Зарубеков Т.С., Аскаров К.А., Абдухалыков А.М., Аманбаева Б.К. Арал маңы халқының демогра-фиялық көрсеткіштері // Гигиена труда и медицинская экология. - 2014. - № 3(44). - С.37-41.

10. Шандаулов А.Х., Абушахманова А.Х., Рамазанов А.Қ. Өндірістік аймақ-тардағы экология және оның тұрғындардың денсаулық жағдайына тұрақсызданды-рушы әсері // Г игиена труда и медицинская экология. - 2012. - № 4(37). - С.58-65.

11. Тихомиров Ю.П., Гарачева М.П., Бадеева Т.В. Оценка риска влияния факторов окружающей среды на здоровье населения в условиях крупного центра химической промышленности // Гигиена и санитария. - 2007. - № 6. - С.24-26.

12. Кульназарова А.Ж. Демографические процессы и здоровье населения региона экологического бедствия Приаралья. - Алматы, 2012. - С. 1-16.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №4 (49), 2015

18

13. Әлназарова А.Ш. Қоршаған ортаның зиянды факторларының Арал өңірі тұрғындарының аурушаңдығына әсері // Гигиена труда и медицинская экология. - 2010. - № 1(26). - С.15-21.

14. Аблазим А. Медико-организационные аспекты здоровья сельского региона на экологические катастрофы Приаралья: автореф. ... канд. дис. - Алматы, 2007. - 25 с.

15. Якубович П.В. Анализ показателей функции внешнего дыхания и некоторых показателей физического развития у подростков, проживающих в неоднородных по экологической обстановке регионах республики Беларусь // Врач-аспирант. - 2005. - № 10. - С.56-60.

16. Савилов Е.Д., Выборов С.Л. Состояние адаптации как показатель здоровья // Гигиена и санитария. - 2006. - № 3. - С.7-8.

17. Беляков В.А., Васильев А.В. Влияние загрязнителей атмосферного воздуха на физическое развитие детей // Гигиена и санитария. - 2004. - № 4. - С.33-34.

18. Антонов К.Л. Воздействие выбросов автотранспорта на здоровье детей Екатеринбурга // Гигиена и санитария. - 2007. - № 5. - С.28-32.

19. Ревич Б.А., Шаров П.О., Сергеев О.В. Свинец и здоровья детей - результаты некоторые российских исследований 2000-2009 гг. // Гигиена и санитария. - 2011. - № 6. - С.12-16.

20. Рахманин Ю.А., Румянцев Г.И., Новиков С.М. и др. Интегрирующая роль медицины окружающей среды в профилактике, ранней диагностике и лечении нарушения здоровья, связанных с воздействием факторов обитания человека // Гигиена и саитария. - 2005. - № 6. - С.3-6.

21. Рахманин Ю.А. Актуальные проблемы комплексной гигиенической характеристики факторов городской среды и их воздействия на здоровье населения. // Гигиена и санитария. - 2007. - № 5. - С.5-7.

22. Омирбаева С.М., Кулкыбаев Г.А., Шпаков А.Е. и др. Проблемы оценки риска воздействия факторов окружающей среды на здоровье населения Республики Казахстан // Медицина труда и пром. экология. - 2007. - № 2. - С.3-4.

23. Мирзакаримова М.А., Искандарова Ш.Т. Гигиеническая оценка комбинированного действия загрязнений в атмосферном воздухе населенных мест // Гигиена и санитария. - 2008. - № 4. - С.10-12.

24. Гордейко О.Г. Состояние среды обитания и ее влияние на здоровье человека // Санитарный врач. - 2008. - № 12. - С.39-42.

25. Шандала М.Г. Профилактическая токсикология и профилактическая медицина // Гигиена и санитария. - 2007. - № 1. - С.7-9.

26. Мусина А.А., Алшынбекова Г.К., Карибаева А. и др. Влияние экологических факторов на адаптивные возможности организма // Гигиена труда и медицинская экология. - 2012. - № 3(36). - С.20-29.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №4 (49), 2015

19

27. Жумалиев Б.С., Машина Т.Ф., Машин К.В. Оценка воздействия экологического загрязнения окружающей среды на донозологическое состояние здоровья населения Приаралья // Гигиена труда и медицинская экология. - 2014. -№3(44). - С.21-29.

28. Хантурина Г.Р., Сейткасымова Г.Ж., Оразова Н.А., Федорова И.А., Бах-луев А.В., Махаев А.Ж., Асылханова Ф.Е. Экологическая обстановка Аральского региона // Гигиена труда и медицинская экология. - 2014. - № 3(44). - С.30-36.

29. Корсаков А.В. Комплексная эколого-гигиеническая оценка состояния окружающей среды как фактора для здоровья // Проблемы региональной экологии. - 2010. - № 2. - С.172-181.

30. Хантурина Г.Р., Ибраева Л.К., Сембаев Ж.Х., Сейткасымова Г.Ж. и др. Современное состояние окружающей среды Приаралья // Гигиена труда и медицинская экология. - 2014. - № 1(42). - С.27- 32.

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

31. Зәрубеков Т.С., Дүйсембаева Н.К., Сәлімбаева Б.М., Рыбалкина Д.Х., Салтыкова Г.М., Дробченко Е.А. Арал өңірі экологиялық жағдайының өзекті мә-селелері // Гигиена труда и медицинская экология. - 2014. - № 4(45). - С.22-29.

32. Қазақстан Республикасының заңы // Егемен Қазақстан. - 2014. - №2.

33. Арал проблемасы туралы жариянамалар // Егемен Қазақстан. - 2009. -№ 7,8-10.

Резюме

В статье дан обзор современных экологических проблем неблагополучных районов Приаралья и их влиянии на здоровье населения. Исследования негативных тенденций в состоянии среды обитания имеют актуальное значение для принятия мер по улучшению экологического состояния региона, оздоровлению общества и экономической независимости страны.

Ключевые слова: населения Приаралья, заболеваемость, экология, общество, загрязнение окружающей среды

Summary

In the article review of modern ecological problems of unhappy districts of region Aral Sea and their influence is given on the health of population. Researches of negative tendencies in a state of habitat have an actual value for acceptance of measures on of improvement of the ecological state of region, making healthy of society and economic independence of country.

Key words: population of Aral Sea region, morbidity, ecology, society, environmental pollution

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №4 (49), 2015

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.