Научная статья на тему 'Цифрлық сауаттылық заман талабы'

Цифрлық сауаттылық заман талабы Текст научной статьи по специальности «Науки об образовании»

CC BY
114
19
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
цифрлық сауаттылық / ақпараттық технологиялар / есептік ойлау / робототехника / шығармашылық. / цифровая грамотность / информационные технологии / расчётное мышление / робототехника / творчество / digital lite ­ racy / information techno­ logies / computational thin­ king / robotics / creativity.

Аннотация научной статьи по наукам об образовании, автор научной работы — Есетова Балауса Маханбетовна

Мақала барысында автор цифрлық сауаттылық оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді деп сөз етеді. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету. Осы орайда автор ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша тәжірибесімен бөліседі. Ақпараттық коммуникациялық технология оқушы үшін тиімді. Оқушының іскер әрі талантты, шығармашылығы мол болуына оң әсерін тигізеді. Мақала мазмұны жан-жақты ашылған.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

В ходе статьи автор утверждает, что цифровая грамотность становится одним из основных навыков, таких, как чтение и письмо. Цель изучения дисциплины "цифровая грамотность" обеспечение базовыми знаниями, умениями и навыками для практического использования современных информационных технологий. В этой связи автор делится опытом по вопросам предоставления и обработки информации, работы в сети интернет, расчетного мышления, робототехники. Информационно-коммуникационные технологии эффективны для учащегося. Положительно влияют на деловую, талантливую, творческую деятельность учащегося. Содержание статьи раскрыто всесторонне.

Текст научной работы на тему «Цифрлық сауаттылық заман талабы»

Педагогическая наука и практика

17

УДК 373.1

ГРНТИ 14.25.01

ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Аннотация

В ходе статьи автор утверждает, что цифровая грамотность становится одним из основных навыков, таких,

как чтение и письмо. Цель изучения дисциплины "цифровая грамотность" - обеспечение базовыми знаниями,

умениями и навыками для практического использования

современных информационных технологий. В этой связи автор делится опытом по вопросам предоставления и

обработки информации, работы в сети интернет, расчетного мышления, робототехники. Информационно-коммуникационные технологии эффективны для учащегося.

Положительно влияют на деловую, талантливую, творческую деятельность учащегося. Содержание статьи

раскрыто всесторонне.

Annotation

In the course of the article, the author notes that digital

literacy is becoming one of the main skills, such as reading

and writing. The purpose of teaching the discipline "Digital

Literacy" is to provide basic knowledge, skills and abilities

for the practical use of modern information technologies. In

this regard, the author shares her experience in presenting

and processing information, working on the internet,

computational thinking, robotics. Information communication

technology is effective for the student. It has a positive effect

on the student's business and talent, creativity. The content of

the article is disclosed in detail.

4(42)/2023

Есетова Б.М.,

Қостанай облысы

әкімдігі білім басқармасының "Рудный

қаласы білім бөлімінің

Міржақып Дулатұлы

атындағы жалпы білім

беретін мектебі" КММ

Информатика пәнінің

мұғалімі

Негізгі сөздер: цифрлық сауаттылық, ақпараттық технологиялар,

есептік ойлау, робототехника, шығармашылық.

Ключевые слова: цифровая грамотность, информационные

технологии,

расчётное мышление, робототехника, творчество.

Keywords: digital lite­­

racy, information techno­

logies, computational thin­

king, robotics, creativity.

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

Аңдатпа

Мақала барысында автор цифрлық сауаттылық - оқу

мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді деп сөз етеді. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту

мақсаты – заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен

және дағдылармен қамтамасыз ету. Осы орайда автор

ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет желісінде жұмыс

істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша

тәжірибесімен бөліседі. Ақпараттық коммуникациялық

технология оқушы үшін тиімді. Оқушының іскер әрі

талантты, шығармашылығы мол болуына оң әсерін тигізеді. Мақала мазмұны жан-жақты ашылған.

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

18

Педагогическая наука и практика

Қазіргі таңда мектеп өмірінде цифрлық

сауаттылық – цифрлық технологияларды

және интернет ресурстарын қауіпсіз және

тиімді пайдалану үшін қажет білім мен

дағдылардың жиынтығы. Цифрлық технология қоғам өміріне әсерін молынан тигізуде. Бүгінгі күні бастауыш сыныпта дәл осы

пәннен сабақ беріп келемін. Негізгі мақсат

– бәсекеге қабілеттілікті арттыру, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету.

Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.

Өзімнің тәжірибемде цифрлық сауаттылық

- оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың

біріне айналып келеді. Соның нәтижесінде оқушылардың күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуда.

Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың оқушылардың білімін

көтеруде маңызы зор[1, 8-9 б.]. Цифрлық

сауаттылық пәнінде сын тұрғысынан ойлау

технологиясын қолданып көрдім. Сыни ойлауды дамыту педагогикалық технологиясы

– оқушының өз бетімен оқу, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен дамуын қамтамасыз етеді,

оқу-тәрбие процесіне интерактивті қосылу

арқылы оқушы өзін іс жүзінде көрсете алады, әртүрлі қызмет сфераларында бүгінде

талап етілетін маңызды істі жете білушілік

қайсыбір проблемаларды шешуде дербес

шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Ол білім беруде мынадай нәтижелерге

қол жеткізуге мүмкіндік береді: білім саласында үнемі жаңарып тұратын ақпараттар

ағынымен жұмыс жасай білу, өз ойларын

жеткізе білу ауызша және жазбаша түрде,

айналасындағылармен анық, сенімді, нақты

қарым – қатынас жасай білу, түрлі тәжірибелерге, идеяларға және ұсыныстарға өз

пікірін пайымдау негізінде жеткізу; проблемаларды шеше білу, өз бетінше білім алу;

топта бірлесе еңбектену және жұмыс жасау;

басқа адамдармен сындарлы қарым-қатынас жасауға қабілеттілік. «Сын тұрғысынан

ойлау технологиясын» пайдалану арқылы

информатика пәні сабақтарын түрлендіріп

өткізуге болады. Мәселен 4 - сыныпта өткен "Электрондық кестелер" тақырыбына

тоқталып өтейін. Кестелік процессордың

терезе интерфейсі. Негізі ұғымдар. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды электронды

кесте ұғымымен, Excel бағдарламасының

терезе интерфейсі және жұмыс кітабы, жұмыс парағымен таныстыру, Excel бағдарламасына мәліметтер енгізуге, бағдарламаны сауатты қолдануға үйрету. Күтілетін

нәтиже. Оқушы жасай алады ақпаратты

өз бетінше ұғынады және меңгере алады,

ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде

тұжырымдай алады. 4 оқушыдан тұратын

топ «Excel бағдарламасы», «Жұмыс кітабы», «Электрондық кесте» деп атап, үш

«сараптау» тобына бөлінді. ЖИГСО әдісі.

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

Сараптау топтарына мәтін таратылды. MS

Excel бағдарламасы. Бағдарлама интерфейсі. Бағдарламаны іске қостым. Жұмыс

кітабы, жұмыс парағы. Ұяшықтар. Электрондық кестеге мәлімет енгізу. Оқушылар сараптама топтарына бөлініп, өздеріне

берілген мәтінді оқып, меңгерді. Мәтіннің

күрделі жерлерін мұқият түсініп, өз жанұя

мүшелеріне ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырды. Өз топтарына оралып,

бір-біріне сараптау тобында алған ақпараттарын баяндап, талқылайды, бір-біріне үйретеді. Әр топтан оқушылар ортаға шығып

электрондық кесте ұғымы туралы, MS Excel

бағдарламасының интерфейсі және кестеге

мәлімет енгізу туралы айтты. Рефлексия

кезінде жаңа ақпаратты жинақтау және

жүйелеу, оған баға беру, оқу материалына

өзіндік көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Синквейн» әдісін қолдандым[2, 7-8

б.].

MS Excel бағдарламасы, Электронды,

көркем, Құру, редакциялау, пішімдеу, Excel

есептеу жұмыстарын жүргізеді. Бағдарлама. Міне, осындай сөздер арқылы тұжырым жасады.Практикалық бөлімде оқушылар компьютерде практикум тапсырманы

орындауға кірісті. Оқушылардың жасаған

4(42)/2023

жұмыстары Net Control2 желі басқару

бағдарламасы арқылы тексерілді. Оқушылар алдын-ала таратылған бағалау кестесі

арқылы бір-бірін бағалады. Міне, сабақта

сын тұрғысынан ойлау технологиясын

қолдану мұғалімнің оқытуды рефлексивті

басқаруын мақсатты түрде жолға қойғанда

ғана тиімді жүзеге асады деген пікірге келдім.

Менің пән мұғалімі ретіндегі міндетім

бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау, адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам

дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық

қоғамды қалыптастыруға үлесімді қосу.

Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін

жолда қалдыра бастады. Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті

апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады[3, 9-10

б.]. ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған

ғасыры. Компьютер оқушы үшін қоршаған

әлемді танудың табиғи құралы болып

отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері

- оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында

тұрған ең басты міндет. Цифрлық сауаттылық - оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Цифрлық

технология қоғам өміріне әсерін молынан

тигізуде. Соның нәтижесінде денсаулық

сақтау мен білім беру, қала тіршілігі, жалпы

адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуда. Расымен де,

адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап,

тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады.Жаңа

ақпараттық технологияны пайдалану білім

мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы

білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен

ерекшеленеді.Соның ішінде оқыту үрдісі

ақпараттық – коммуникациялық жағдайлар4(42)/2023

19

да жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай

білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны

қалыптастыруға бағытталады. «Цифрлық

сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім

алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет желісінде

жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника

мәселелері бойынша заманауи ақпараттық

технологияларды практикада пайдалану

үшін базалық біліммен, іскерлікпен және

дағдылармен қамтамасыз ету. Ақпараттық

коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына,

іскер әрі талантты, шығармашылығы мол,

еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де

тигізер пайдасы аса мол.Сондықтан балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше

ертерек үйрету маңызды.Жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшелігі

ескеріледі. Ақпараттандыру технологиясы

дамыған заманда мемлекетіміздің ықпал

ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті,

үлкен сұранысты талап етеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін

қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп,

нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

тек білім беруде ғана емес, өмірдің барлық

саласында, бағыттарында белсенді қолданыста. Технологиялардың күн сайын

дамып, өзгеріп отырғаны белгілі, сол себептен де жаңалықтардан қалмай, барлық

білім, ғылым саласындағы тың ізденістер

мен технологияларды біліп отыру қажет деп

білемін. «Цифрлық сауаттылық» пәнінің

теориялық және практикалық базасы бай.

Ол абстракция және модельдеу жолдары

арқылы АҚТ құралдарын пайдалана оты-

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

20

Педагогическая наука и практика

рып, басқа білім беру салаларынан және

өмірден алынған міндеттерді шешу үшін

оқу үдерісінде практикалық дағдыларын

дамытуға көп уақыт беруді көздейді.Үлкен

көлемді ақпараттармен жұмыс істеу мақсатында аталған пәнді оқыту оқушылардың логикалық, алгоритмдік, жүйелік және

сыни бағалау тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыруына және дамыуына

ықпал етеді. Сонымен қатар, пән бойынша

академиялық тілін және ұғымдар аппаратын біртіндеп дамыту маңызды рөл атқарады [4, 3-6 б.].

Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру

мақсатында бастауыш сыныпта «Цифрлық

сауаттылық» пәнін оқыту негізгі мектептің

базалық курсын меңгеруіне ықпал ете отырып, пропедевтика міндеттерін шешетіні

сөзсіз. Қазіргі заманда оқушылардың «қалай оқып үйрену қажеттігін білетін» және

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары,

сенімді, жауапты және зейіні дамыған тұлға

болуды талап ететін қағида білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы

негізгі талаптарының бірі компьютерлік

жүйелерге қол жетімділік болып табылады.

Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес мәтіндер, дыбыстар,

графика және т.б. ақпаратты өңдейді, әр

түрлі технологиялық процестерді, деректер

базасын және басқаларды басқарады.

Цифрлық сауаттылық-цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын

қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет

білім мен дағдылардың жиынтығы. Цифрлық сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы

қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең

маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі. Цифрлық сауаттылық - бұл адам

өмірінің барлық салаларында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді қолдануға

дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр. Расымен де,

адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап,

тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады.

Цифрландыру технологиялары дегеніміз

– бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары.

Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге

қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру

сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін

жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту.

Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.

Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде

әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды

интеллект және ауқымды деректер жасау

саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл

мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы.

Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және

кешенді тәсілді талап етеді. [5, 6-7 б]

Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру

үдерісі мен сапасына әсер етеді. Оқу

үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны

ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу,

дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет

етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші

бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны

игеру үшін қажетті ресурс болып табылып,

оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім

алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт

тұрғысында ақпараттық технологиялар

оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Ақпараттандыру технологиясы

дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай

білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал

ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті,

үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер

4(42)/2023

және ақпараттық технологиялар арқылы

жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен

заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының

қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы

ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын

және компьютерлік оқыту ісін дамытатын

жалпы заңдылықтардан тарайды. [6, 6-7 б]

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам

жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және

кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық,

тиімді араластыру» болып табылады. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін

жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке

тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу,

сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық

– коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.

ХХІ ғасырға лайықты ізгі қасиеттерге ие

болу – бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі

кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім

өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік

талаптар қойып отыр. Өткеннен сабақ ала

отырып, болашақтың қоржынына өзіміздің

халықтық қасиетімізбен, жаңарған болмысымызбен, терең ой-санамыз және сапалы

дүниелерімізбен үлес қосу – жаһандану

кезеңінің табалдырығында тұрған біздер

үшін аса маңызды іс. Елбасының сөзімен

айтқанда, «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу

болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет». Білім беруді ақпараттандыру – жаңа

технологияны пайдалану арқылы дамыта

оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады.

Педагогикалық технология – мұ­ғалімнің

кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүм4(42)/2023

21

кіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.

Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін

жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа

толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық

технологияның тиімділігі шығады. Оқыту

үрдiсiнде технологияны қолдану мұғалім

мен оқушы қарым - қатынасының бұрынғы

қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады[7, 6-8 б.].

Қалыпты бiлiм беру жүйесінде мұғалім –

оқушы - оқулық түрінде құрылған үш жақты

байланыс бұзылып, мұғалiм – оқушы - компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде

компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке

қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп,

жүйелеудi талап етедi. Ақпараттандыруда

технологияның негізгі бағыты ХХІ - ғасыр­

дың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына

сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі

білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол

жеткізу мүмкіндіктері жатады.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Информатика әлемі республикалық

журналы №4, 2021 ж.- 8-9 бет.

2.Жаңа педагогикалық технология. №6,

2021 ж.- 7-8 бет.

3.Жаңа білім республикалық журналы

№12,2021ж.- 9-10 бет.

4.Қазақстан мектебі республикалық журналы № 9, 2009 ж.- 3-6 бет.

5.Қазақстан мектеб іреспубликалық

журналы № 7, 2011 ж.- 6-9 бет.

6.МИФ республикалық журналы №3,

2023 ж.- 6-7 бет.

7.45 Минут журналы № 7, 2023 ж.- 6-8

бет.

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.