ӘӨЖ 7. 01 (045)
МРНТИ 02.61.31
DOI 10.56525/IDNI2830
ӨНЕРГЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Б.Б. БАЙШОВ
Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік университеті
Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: dil_123@mail.ru
Аңдатпа. Бүгінде Қазақстан медиакеңістігінің стейкхолдерлері өнер мен мәдениет мәселесін өте тар мағынасында қабылдап келеді. «Өнер иелері», «өнерлі» тіркестері ән-би, күйге тиісті пайдаланылады. Бұл түбірімен қате. Өнер мен мәдениет ұғымдары бірін-бірі алмастырмайды. Яғни, «мәдениет» пен «өнер» терминдерінің аясы, өрісі екі түрлі. Себебі өнер өзінің тармақтарымен мәдениетке енеді. Біз мақаламызда өнерге жаңашылдық беру арқылы қазақ мәдениетін байыту, алға жылжыту, насихаттау керегін айтып өттік. Ән мен би арқылы емес, білім мен еңбек арқылы өнерге тың жол ашып, еліміздің рухани, экономикалық дамуына ықпал етуін түсіндірдік. Алайда өнер мен мәдениетте ұлттық дәстүрді жаңғырту мәселесі біз ойлағандай жеңіл емес. Жаһандану кезінде мәдени шекаралардың азаюы жаңашылдықты жау көреді. Не істемек керек? Өркениетке өзіндік өнермен ұмтылған дұрыс па әлде консервативті көзқараспен елдің тек тарихи өнерлерін өзгеріссіз жетелеген дұрыс па?!
Әр мемлекеттің рухани және адамгершілік тірегі бар екені айқын. Заманауи Қазақстанның қазіргі сипатын қалыптастыратын жаңа буын өз тірегін ХІХ-ХХ ғасырдағы философия, білім-ғылым өнерін ұлан-ғайыр далаға «даму мотивациясы» ретінде таратқан Абай, Шәкәрім, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты қазақ халқының білімді ұлдары ұсынған «білімді адам – озық ойлы адам» идеясын алып отыр.
Дәстүрдің аты - дәстүр. Онымен келісеміз. Дегенмен бүгінгі медиакеңістікте көрініс беретін теріс тенденциялар, мәселен, еңбек етпей, тер төкпей мол ақша табу, мәнсіз дәстүрлер және тағы да басқа идеялар қазақ қоғамында орнығып бара жатыр. Бұл теріс тенденциялар күннен күнге күш алуда, Себебі көп. Алайда біз тек дәстүр деп, өнердің тынысын ашпай, тапжылмай бір жолда тұрып алсақ, қыңырлықтан басқа ұтарымыз жоқ. Тіпті Азияның шығысында ірі экономикалық секірісті басынан кешірген мемлекеттерде өнерде дәстүр емес, жаңашылдыққа өріс бергенін біліп, нәтижесін көріп тұрсақ та үйреншікті өмір ағысынан өзгеру жолына түсуге ұмтылысымыз әлі де нашар. Бұл үшін алдымен бізге өнерді, оның қоғам тарихындағы орны, дамуға ықпалы туралы біліп алуымыз тиіс.
Яғни, дәстүр мен жаңашылдықтың ара-жігі адамға пайда әкелуінде. Өнерге жаңаша көзқарас дегеніміздің мәнісі осында. Мақалада осы мәселеге шолу жасалады.
Кілт сөздер. Дәстүр, жаңашылдық, өнер, дүниетаным, мәдениет, стейкхолдер, ақпарат.
Кіріспе. Австрия және ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Эрнст Гомбрих өз еңбегінде: «Қазіргі біз білетін өнер – алғашқы қауымдық өнер ол кезде өнер ретінде қарастырылған жоқ. Сол өнер бар, миф бар, адамның қоршаған ортаға деген сенімінен туындаған діни көзқарастарының негізінде қалыптаса отырып, адамның тек қана тіршілік қажеттілігіне деген мұқтаждығынан пайда болды десе болады, яғни қазір біз өнер туындысы деп қарастырып жүрген алғашқы адамдардың шығармашылық әрекетінің жемісі арнайы өнер ретінде жасалған жоқ», дейді. [1. 2 б]. Адам қажеттілігі, сұранысының нәтижесі, сондай-ақ сезім арқылы әлемді тану – өнер. Ақиқат. Дегенмен қазіргі қазақстандық стейкхолдерлер өнерлі болуды, өнерді танымалдықпен ұштастыруға, сондай-ақ монетизациялауға жататын ән, би, күй, сурет және т.б есебінде тани бастады. Білім, мамандық секілді игерілетін өнер түрлері кенжелеп қалды. Әлемдік аренада Қазақстанның мәдениетін танытарлық өнер иелері саусақпен санарлық, ал білім мен ғылыми әлеуетін айшықтайтын өнер иелері аса танымал емес. Бұл елімізде тұтынушылардың өнердің кейбір тармақтарының, әсіресе монетизацияға жататын түрлерінің басымдық беретінін көрсетеді. Ал Қазақстанға ән, би, күй емес, ғылым мен білім өнерінде жаңашылдық пен жаңа тыныс керек.
Жалпы ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында өнердің маңызды мәселелеріне әсер ететін түбегейлі идеологиялық қайта бағдарлану жүзеге аса бастады. Әлемдік ғылыми басылымдарда талқыланатын заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі дәстүр мен жаңашылдық тақырыбына арнала бастады. Себебі өнер мен мәдениеттің танымдық ролі оны ғылыммен жақындастырып, ұлттың дамуына, дүниетанымына бағдар беруге ықпалы өте жоғары болатын. Яғни, мәдениет пен өнер дамуындағы мәселелерді зерттеу барысында сол елдің саяси және экономикалық дамуын қатар қарастыруға тура келеді. Бұл, сайып келгенде кәдуілгі өмірімізде өнердің жалпы адамзат дамуымен, дүниетаным мәселелерімен тікелей жанасатынын көрсетеді. Өнердің кез келген түріне тиесілі, адам дамуының сапасына әсер еткен әрбір туынды сол ұлттың, елдің философиясын кеңейтіп одан әрі жетілдіре түседі.
Қазақстанның зергерлік өнері ерте заманнан бері көптеген зерттеушілер мен саяхатшы адамдардың ғылыми қызығушылығының объектісі болып табылады. [2. 43 б]
Әр мемлекеттің рухани және адамгершілік тірегі бар екені айқын. Заманауи Қазақстанның қазіргі сипатын қалыптастыратын жаңа буын өз тірегін ХІХ-ХХ ғасырдағы философия, білім-ғылым өнерін ұлан-ғайыр далаға «даму мотивациясы» ретінде таратқан Абай, Шәкәрім, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты қазақ халқының білімді ұлдары ұсынған «білімді адам – озық ойлы адам» идеясын алып отыр.
Халыққа өнер-білім, ғылым, оған жету жолдарын насихаттауда Абай, Шәкәрім, Ыбырай, Ахмет Байтұрсынұлы секілді қазақтың асыл ұлдарының педагогикалық ой-пікірлер жүйесінің өміршеңдігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Өйткені олардың шығармаларының желісіндегі негізгі алтын ұстаным – адамның өнер, білім, ғылым арқылы өзін–өзі жетілдіру мәселесі. Дәстүр мен жаңашылдықтың текетіресі мен таласында соңғысына басымдық беріледі. Дәл осы жерде біз жоғарыда келтіріп өткен өнер мәселесі, қазақ қоғамындағы ең үлкен рухани мәселе – ұлттың дүниетанымын жаңашылдыққа ұмтылдыру, кемел ұлт болып қалыптасу мәселесімен астасуда. Идеологиялық тұрғыда Қазақстанда өнердің басқаша бағдар алуына бет бұрғызу елді дамыған елдердің соқпағына түсуіне әсер етеді деген пікірдеміз.
Әрине, дәстүрсіз даму, дамусыз жаңашылдық орын алмайды. Өнердегі жаңашылдық - жалпыұлттық, жалпыадамзаттық маңызы бар, заманауи әлемнің рухани қажеттіліктері мен сұраныстарын өтейтін идеялар. Бұл идеяларды дер кезінде танып, бағалауымыз үшін өнердің мәніне үңілуіміз қажет. Таратып айтсақ, халықтың дүниетанымын өзгертетін өнер, идеялар даму өзегіне айналуы үшін оның сипатын айқындалуы тиіс. Философиялық тұрғыдан қарастырғанда адам баласының дамуы дәстүр мен жаңашылдықтың астасып, тіршілік диалектикасын қозғалтушы күш екенін айта аламыз. Ал оған серпін беруші – өнер мен мәдениеттің дамуы.
Мәдени үндестіктердің жойқын күші әлемдік өркениеттің небір жауһарларын дүниеге әкелді. Антика өнері болып табылатын Грекия мен Рим мәдениеті, Батыс Еуропа, Қытайдың өнерінен туындаған жібегі мен қағазы, Үнді, Араб түбегінен тараған өнер мен мәдениет тек бұл елдердің дамуына ғана қызмет етіп қойған жоқ, адамзат баласының дамуында ерекше роль атқарды. Біздіңше дәл осы себепті әлемдік көшті экономикасымен де, білімімен де бастап тұрған бүгінгі көптеген мемлекеттер өзгеріске, өнер үйренуге, өзгелерден үйренуге, ұлт дүниетанымын жаңғыртып отырудан тартынбаған.
Материалдар мен зерттеу әдістері. Зерттеудің теориялық әдістеріне әдебиеттерді талдау, салыстыру әдістері қолданылды. Зерттеу нысанына алынған әдебиеттерге, оның ішінде 1963 жылы жарық көрген Ә. Кекілбайұлының «Дәуір мен дәстүр» мақаласына, Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары және Гомбрих Эрнсттің «Өнер тарихына», өнер туралы ғылыми мақалаларға компаративистік анализ жасалды.
Өнер дүниені көркемдік ұғыну мен игеруге бағытталған адамның рухани-тәжірибелік қызметінің саласы. Өнер қоғамда бірнеше қызметтер атқарады. Олардың ішіндегі маңыздыларына тоқталсақ: танымдық, идеологиялық, құндылықтыққа бағдарланған (аксиологиялық), таңбалық (семиотикалық), эмоционалды дамытушы, эстетикалық, тәрбиелік, гедонистік, шығармашылық (эвристикалық), арт-терапиялық және т. б. Осы қызметтердің біріне басымдық беруге болмайды, өйткені, өнер туындыларын жасау және қабылдау барысында бұл қызметтердің барлығы қатысады. [3]
Яғни, өнер адам баласына тіршілігін тоқтатпай, дамудың көркем жолына түсуі үшін керегін анықтайды. Философияның даму тарихында өнердің дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығы арқылы дамып келгенін көруге болады. Мәселен, экономикасы мен мәдениеті көшбасшы елдерді мысалға келтіргенде, дамыған, ғылымы мен білімі тең қанат жайып, озық үлгіге айналған елдер ойымызға оралады. Қытай, Жапония, Корея, Сингапур, Малайзия, Түркия сияқты әлемдік көштің алдында тұрған мемлекеттердің көшбасшылығының түбіне назар салатын болсақ, олардың негізі өнер мен білімге қатысты жауапкершілік жетегінде тұрғанын байқаймыз. Олар дәстүрмен қатып қалмай, жаңашылдықты қолдап, заман тынысына сай халқының рухани-көркем сұраныстарын қанағаттандыруға талпынды. Дәстүр құбылысы мәңгілік емес. Әр дәуірдің үздігі дәстүрге айналады. Бұл мемлекеттер жеткен жетістік жаңа заманның жаңа талаптарына бейімделіп, аз уақыт ішінде білім мен өнердің жаңашылдық сипатына қолдау беріп, дамытуының нәтижесі. Олардың даму жолынан өнер мен техниканың дамуы ақыл-ой шығармашылығы мен инновацияға бейімділікті арттыратынының көрінісін байқай аламыз.
К. С. Палдам мен Я. Вамбергтің редакциясында жазылған «Өнер, технология және табиғат» [4] атты еңбекте 1900 жылдан бастап өнер мен технология іргетасы ажырамай келе жатқандығы дәйектеледі. Ал 1924 жылы қазақ даласы өнер мен технология туралы емес, әліпби мәселесін талқылап жатқан болатын. Салыстыру үшін ұсынылған дерек.
Біздің өнер мен білім саласында кенжелеуіміздің бір себебі халқымыздың дүниетаным мәселелерінде жатыр. Қазақ дүниетанымында, философиясында кеңдік, еркіндік, дәстүрлердің орны ерекше. Алайда еркіндікті ат үстінде жүріп қорғаған қазақтың батырларын айта беретін болсақ, қазіргі шекарамызды қорғап қалатынымызға ешкім кепілдік бермейді. Абайдың қара сөздерінде халқымыздың өзге ұлттардан үйрену мәселесі әлі күнге дейін өзекті. Үйрену емес, кекетіп-мұқату психологиясы басым. Дәстүрімізде ондай үрдіс жоқ деген аргумент қатаң қалыптасып қалған. Осы орайда керісінше, әлемдегі басқа мәдениеттер мен өркениеттерден үлгі алу, олардың үздік тәжірибелерін үйрену дамыған мемлекеттер сипатына тән екенін көреміз. Біздің тарихымызда «ковбой мәдениеті» болды деп, сол деңгейде қалған Американы, самурай болдық деп жанкештілікті таңдаған Жапонияны көрмейсіз. Экономикалық, мәдени дамудың шыңын көрсеткен бұл елдер өзгелердің үздік тәжірибелерін меңгеріп, өзара байланысу арқылы дамудың ұлы арнасына қол жеткізді. Байқасақ, үйренуді меңгерген мемлекеттер өнер арқылы адамзат дамуына үлес қосуда, ал үйренуден қашқан елдер әлі күнге дейін даму үстінде келе жатыр. Бұл жерде бейімделу мәселесі емес, үйрену арқылы өз үлесіңді қосу мәселесі көбірек қарастырылады.
«Басқа мәдениеттен тәлім алу, оның тәжірибесін игере білу — озық мәдениеттің қай-қайсысына да тән. Шынтуайтқа келгенде, сол бір өзара байланысу, сабақтасу сияқты ұлы арнаға қолы жеткен мәдениеттің жұлдызы жанған да, ал қиянда тығырықта қап қойған мәдениеттер кенделік пен кенжеліктен құтыла алмапты. Мәдениет тарихы Пушкиннің Шекспирден үйренгенін, Гетенің парсы ақындарына табынғанын айтуға арланбайды; цивилизация тарихында тек өз дәстүрімен томаға-тұйық өркендеп, ұлы мәдениет жасаған ұлт жоқ», дейді Ә. Кекілбаев. [5]Яғни, өнерді үйренудің ешбір сөкеттігі жоқ.
Қазақстан үшін де дамудың жаңа жолы болып табылатын өнерге жаңашыл көзқарас таныту қажеттігі айқын. Бұл туралы қазақтың ірі жазушысы, мемлекет қайраткері, ұлт тәуелсіздігін қатайтуға еңбек сіңірген Әбіш Кекілбаев «Дәуір мен дәстүр» мақаласында: «Ешбір ұлт, ешбір мәдениеттің көсегесі томаға-тұйықтан көгермепті. Қайта, өзге бір құбылысты танытады» деп жазады. [6] 1963 жылы жазылған бұл ойды ХІХ ғасырда өмір сүрген Шәкәрім Құдайбердіұлы да ерекше көтеріп мәселе етті. Салыстырсақ, екі стильде жазылған ортақ мәселенің ұсынылуы дәуір өзгерісіне, қажеттіліктеріне сай.
Білгіштер біліміңді өнерге сал,
Жарты өмір жалғыз күндік болмайды жал.
Тіленіп, тілің безеп қу атанбай
Ғылым білсең, табасың қадір мен мал.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Насихатындағы» білім мен өнердің қатар келуі кездейсоқтық емес. Қазақстаннан өзге елдердің қазақ даласында 1 ғасыр бұрын айтылған «насихат идеясының» жемісін бүгінгі күні көруі таң қаларлық десек те болады. Бұл кейбір идеялардың «өміршеңдігінен» бөлек, таратылуы, енгізілуі тұрғысына да тікелей байланысты екенін көрсететін нақты дәлел. Яғни, дәстүр мен жаңашылдықтың ара-жігі адамға пайда әкелуінде. Өнерге жаңаша көзқарас дегеніміздің мәнісі осында.
Халықтың өмір сүру тәсілі ретінде қабылданатын дәстүр мен өнер әдебиетте барынша мәнерлілікпен және психоэмоционалдық сенімділікпен көрініс табады. Әлемдік қоғамдастықта «ұлттық бейнеге» кіріктірілген ол халықтың тарихи-мәдени субъектілігін және ұрпақаралық ынтымақтастығын ынталандыра және ұзақтығын арттыра отырып, оны қалыптастырады.[7. 15 б]
Қазіргі дискурсивті тәжірибенің негізгі мәселесі - «қатып қалған» этнопсихология мен ақпараттық-электронды дәуірдің әмбебап рухы арасындағы тұрақты жанжал. Дәстүрдің түпнұсқалық сипаттамасы оны ұлттық-қорғау менталитетіне дейін төмендетеді, бірақ шамадан тыс этнизация дәстүр сияқты рухани ресурстың жаңару функциясына көлеңке түсіреді. Яғни шамадан тыс өнерді шектеу, қорғау елдің дамуын кенжелеуге әкеледі.
Мәселенің қарама-қайшылығы мынада: дәстүр мен өнер сол күйінде қалу үшін шығармашылық жаңартуды қажет етеді, бірақ модернизм тұрғысынан ол негізінен уақытша. Демек қолданыстан шығып ескіге айналады. Ал үйреншікті өлшемнен шығып кеткен өнердің барлығын ұлтты артқа тартады деп қарастыру әбестік. Бұл туралы Кекілбайұлы «Дәуір мен дәстүрде»: «Дәстүрдің тағдырын дәуір шешеді. Әдебиеттің дәуір жүктеп отырған міндеттерін атқара алатын дәстүр ғана өміршең. Көбіне-көп өз тұсының қажеті мен керегін көбірек қамдайтын қытымыр уақыт ол мінезінен өнерде де бас тартпайды. Архитекторлар конструктивизмді космополитизм көріп, кежегелері кері тартқанмен уақыт басқа шешімге келді. Қазір біздің қалаларымызда сызық пен сәулені ойната білген жеп-жеңіл үйлер самсап орнай бастады. Одан қалаларымыздың сәні көркеймесе, ортайған жоқ.»
2020 жылы жазылған орыс ғалымы Казбек Султанов «Трудное вхождение в современность: традиция как проблема и национальный нарратив» атты мәдениет пен әдебиет тақырыбына жасаған үлкен зерттеуі жалпы өнер-әдебиет, руханият саласындағы орыс халқының жаңа көзқарас пен ескіліктің текетіресі туралы өте көркем түрде жазылған. Яғни орыс әдебиетіндегі бай дәстүрлі өнердің өзінде көзқарас жаңашылдығы әлі күнге дейін актуальдығын жоймағанының дәлелі.
Ендігі кезекте орта ғасырдағы қазақ дүниетанымындағы «өнерге деген көзқарасқа» шолу жасайық. Мәтінімізді де сол стильді қолдана отырып, салыстыратын боламыз.
Бүгінгі қоғамның гетерогендігі әлемнің бір-бірімен тәуелділік пен үйлесімде бола отырып, қоғам субъектілерінен мәдениетаралық қарым-қатынаста белгілі бір білімді, өнер мен дағдыларды талап етеді. Яғни, білім мен өнер ешқашан өзектілігін жойған емес. ХХ немесе ХІ ғасыр болсын, білім мен өнер адаммен бірге қатар дамып келеді. Осы тұрғыдан өнерді адам табиғатынан берілген таланты, машығы деп түсіндіреміз. «Өнер» сөзін қазақтың зиялы өкілдері өз шығармаларына жиі арқау еткенін айтып өткіміз келеді. Әсіресе Абай, Шәкәрім, Ыбырайды жеке-дара атап көрсеткен жөн. Мәселен, Абай «өнер арқылы халқыңа көмектесіп сонымен қатар мал да табуыңа болады», дейді. Яғни, талантың, машығың, қолыңнан келетін іс арқылы табыс табуға болады. Бұл төңірегінде ойымызды жалғастырмас бұрын, қазіргі түсініктегі өнердің түпкі өнер мағынасынан алшақ кеткенін ашып түсіндіруді мақсат еттік. Өнерге деген жаңа көзқарасты қалыптастыру үшін алдымен, сөздің әуелгі мағынасына үңілеміз.
Қазіргі жастардың білімге қызығушылық танытып жатырғаны қуантарлық үрдіс. Сәйкесінше ата-аналар тарапы да Абай сөзінің парқына дұрыс үңілмей, өз балаларының мал табатын өнерге жақын болуын қалайды. Қазіргі қоғам түсінігіндегі өнер сөзінің мағынасы ән мен би, өлеңге синонимдес дер едік. Әрине, бұл дағдылар мен машықтар да өнерге жатады. Дегенмен, қазақ ойшылдары мен ағартушылары бізге «үйрен» деген «өнері» бұл еместігін сыни ойлай алатын азаматтар түсінетіні хақ. Абай мен Ыбырайдың, Шәкәрімнің үйрен деген «өнері» - біздіңше, ғылым арқылы меңгеретін мамандық, таланты, икемі арқылы игеретін дағдылары. Бұл «өнерді» де өз ішінен екіге бөліп қарастыруға болады:
1) Рухани
2) Ғылыми (Жаратылыстану).
Бұл екі өнердің қазақ қоғамындағы орнын айқындай түсу үшін, бізге алдымен мақаламызда олардың арасындағы теңдікті (баланс) орнатудың маңызы зор.
Алдымен ғылыми өнерді алайық. Ғылыми өнер туралы Ыбырай Алтынсариннің келесі өлеңі арқылы жеңіл түсіндіруге болады. Мәселен:
Өнер - білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Өлең құрылымына назар аударатын болсақ, бұл жерде білім және өнер сөзі қатар тұрғанын көруге болады. Яғни, өнер-білімі бар жұрт, ғылыми-технологияны пайдалана отырып, күнделікті өмірін жайлы етті. Алысты жақындатты, қоғам дамуын жаңа күйге әкелді деп сабақтайды. Бір қызығы, автор бұл өлеңді балаларға ғана емес, ересектерге де қатар арнаған сияқты. Шындығында адам баласы жасына қарамай, бойындағы қабілетін іске асырса, әлеуетін көтерсе Ыбырай Алтынсарин көрсеткен жетістіктерге жету әлдеқайда тезірек орын алатын еді. Өзге мемлекеттердің өнер мен білімге деген құштарлығының нәтижесі болып табылатын игіліктердің қызығын бүгінде адамзат көріп отыр. Өзгенің нәтижесіне тоқмейілсу арқылы Ыбырай Алтынсарин халқының бойынан көргісі келіп, үміт еткен өнер-білімді басқа арнаға ауыстырып алдық. Дәлірек айтқанда, уақыт талабына сай ілгерілеуді арзанқол ән мен би, жеңіл ақша табу жолдарына қарай бұрылдық. Бұл жердегі айтқымыз келген негізгі ой, ән мен биді өнер ретінде мойындамау емес, керісінше бізден үміт етілген негізгі «өнерден» тысқары кетуіміз.
Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңіндегі оқу, білім мен мамандық алудың мақсаты кеңінен сөз етіледі. Негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі ету. Заманауи Қазақстанның ғылым саласында емес, ән-би саласындағы өнермен дамуы ұлт ретіндегі дамуымызды біршама тоқтатып тұрғаны айқын.
Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» философиялық еңбегінде тектілікке байланысты айтылған он екі қасиеттің бірі өнер-білімге құштарлық деп көрсетіледі. Бұл дәлелденген ақиқат. Өйткені адамзат тарихы, мемлекеттер тарихына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсат-мүддесінің дамуы халықтың өнер-білімге деген құштарлығынан бастау алған. Көне заманнан келе жатқан адамзат мәдениетіндегі бұл үрдіс халықтың, жекелеген тарихи тұлғалардың рухани қасиеттерінің бірі болып табылады. Әл – Фарабидің сөзімен айтсақ, зиялы адам, өнер білімге құштар болуы, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болуы шарт. [8.156 б]
«Шығыс әлемінің Аристотелі» атанған ойшылдың жеткізуіндегі өнер-білімның мағынасы біз көтерген мәселемен үндеседі. Алайда өркениет сатысы жоғарылаған сайын, білім мен өнер мағынасының аясы тарланып, жеңіл мағынаға ойысты. Өнер мен білімге құштарлық, оған деген ізденіс адамды даму биігіне көтеріп, Абай айтып өткен «адам болуға», адамның жеке тұлға ретінде, ол өз кезегінде сәйкесінше ұлттың мәдениетін, тарихын, экономикасын қалыптастырады.
Тұлғалық деңгейдегі азаматтардың ой-өрісі мен білімі рухани өнерге жатады. Күннен күнге етек жайып келе жатқан жаһандану экономикаға басымдық беретіні айқын. Әсіресе Азия өркениеті әскери, саяси және экономикалық салаларда өздерінің мықтылығын көрсетуде. Бұл мемлекеттер жаһандануға қарсылық ретінде шекарасын мәдениетімен бекітуде. Мемлекетті сақтаудың, алға ұмтылудың жолдары мен дамуын тұжырымдамалық түрде бекітіп беретін зиялылардың рухани өнерінің негізінде өнер-білімге деген құштарлық жатыр. Ақыл-ой, парасат биігін бағындырған зиялылардың ізденісінің күші тұтас мемлекетті алға жылжыта алатынын ескерсек, өнердің ауқымының қаншалықты кең екенін түсінуге болады. Еліміздің тарихында, мәдениетінде ағартушылық һәм ғалым, тарихшы, зерттеуші қызметтерін атқарған ұлт зиялыларының өнері де бүгінгі таңда Қазақстанның келешегіне кірпіш болуда. Яғни, ел келешегі үшін ізденудің өзі де үлкен өнер. Атақты грек философы Сократтың өмір сүрудің өзі өнер деген сөзі бар.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу мәселесі ретінде алынған «Өнерге жаңашыл көзқарас» мәселесіне байланысты бірқатар шығармаларға компаративистік анализ жасалды. Нәтижесінде мәселенің өзектілігі үнемі жоғары екені айқындалды. Қазақ дүниетанымын анықтайтын қазақ әдебиетінде бұл мәселе ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырда ерекше көтерілді. Себебі халықтың экономикалық, бұқаралық сипатқа бет алуы көпшілік, аууам халық арасында өнердің тежелуіне әкеліп соққанын байқауға болады. Егер қазақ дүниетанымынан бөлек орыс халқының әдебиетін мәдениет ретінде қарастыратын болсақ, орыс әдебиетіндегі ірі ізденістер мен талпыныстар «ұлы орыс әдебиеті» деңгейіне жеткізді. Яғни бай өнер дәстүріне тоқмейілсімей өнердің әр саласына терең ізденіспен толтыруы олардың өркениетін дамытуға әкелді. Орыс балеті, орыс сахнасы, орыс мәдениеті тіркестерін туындатты.
Осы орайда қазақ өнерінде ұмтылыс, жаңа көөарас жоқ деуден аулақпыз. Алайда жоғарыда келтірілген мәтіндегі екі стильді салыстыратын болсақ, біздің зерттеуіміз әлі күнге дейін Абай, Шәкәрім кезеңіндегі мәселелерді көтеруде табандап тұрғанымызды байқатады. Абайдың өзі ұлттық өнерімізді, дүниетанымымызды әлемдік мәдениеттің көркем жауһарларымен сусындатып, өзгеріске түсірді. Алайда біз бұл жаңашылдықты одан әрі байытудың орнына, оларды дәстүр ретінде қабылдап, өнердің өзгеріске түсуін қаламаймыз. Абайдан кейін қазақ өнерін дамытқан ірі ойшыл, мемлекет дамуына үлкен үлесін қосқан тұлғаларды мойындау, насихаттау алдыңғы буын өкілдерін сатып кетумен, олардың абырой биігін төмендету секілді ой қалыптастырады. Әбіштің сөзімен айтатын болсақ: қазіргі уақытта уақыт, дәуір қай мәдениетке де барлық кезде дәстүрді байыту, молайтуды алға тосып отырыпты. Өзге мәдениеттен үйрену ешбір ұлттық мәдениетті құлдыратып жібермеген, қайта көркейткен, озық мәдениеттің деңгейіне тартқан, қатарға қосқан. Ендеше, біз бүгін таңда дәстүрізімізді қалай қорғау керек деген мәселені емес, оны қалай байытудың қамын көбірек ойлағанымыз дұрыс. Байытудың өзі — қорғау».
Қорытынды. Қорыта айтсақ, өнер мен мәдениет адамзат ойлауын тұтасымен сипаттайды және адамның танымдық қызметінің барлық саласында пайдаланылады. Бізге қазақ өнерін, технологиясын байытуымыз керек. Адамзат баласының бүкіл тарихында өнердің нәтижесі технология түрінде жүзеге асады. Сурет, мәдениет, физика, философия бәрі де адам қиялының, өнерінің арқасында орын алды. Өнерді құр ән мен би ретінде танитын отандастарымыздың санасында өнердің толық мәні мен мағынасын ашу арқылы өзгерістерге әкелу өте маңызды. Өнер дамыған жерде жаңа технологиялар да дамиды.
Жаһандану шынтуайтында халықтар мен мәдениеттердің интеграциясын (өзара байланысын) көздейді, бұл өнер мен мәдениеттердің бірдейлігіне (теңдігі) апарады, бұл жергілікті және ұлттық дәстүрлі мәдениеттердің өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігін бұзуға алып келеді. Алайда мәдениеттер диалогынөзің меңгеру арқылы бұқаралық мәдениетті қалыптастыруға болады; бұл ретте мәдениет құндылықтарымызыды тауарға айналдырып, ұлт ретінде қазақ өркениеті, қазақ мәдениеті, қазақ мектебі, қазақ философиясын мойындата аламыз.
Кез келген істің мәресіндегі жеңіске үлкен ізденіс, қажырлы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді. Бізге керегі де осы. Ізденіс, еңбек, терең білім. Қазақ өнерін шыңға шығарудың алғышарты – осылар.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Алматы: ¥лттык аударма бюросы, 2019. — 680 б. — (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). — ISBN: 978-601-7943-33-2.
2. YESSENOV SCIENCE JOURNAL 2020, Vol.37, №1.
3. Насимов, М. О. Ежелгі өнер және технологиялар: қысқаша шолу / М. О. Насимов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 16.1 (358.1). — С. 7-9. — URL: https://moluch.ru/archive/358/80040/ (дата обращения: 12.05.2024).
4. Art, Technology and Nature: Renaissance to Postmodernity, 1st Edition // Edited by C. S. Paldam, J. Wamberg. — Farnham: Ashgate, 2015. — 322 р.
5. Кекілбаев, Ә. Дәуір мен дәстүр. / ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ. ДӘСТҮР МЕН ДӘУІР (madeniportal.kz)
6. Кекілбаев, Ә. Дәуір мен дәстүр. / ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ. ДӘСТҮР МЕН ДӘУІР (madeniportal.kz)
7. Султанов К.К. Трудное вхождение в современность: традиция как проблема и национальный нарратив. Вопросы литературы. 2020;(5):13-52
8. Әл-Әбу Насыр әл-Фараби. «Қайырымды қала» - Алматы, RS: Халықаралық Абай клубы, 2015. – 284 б.
REFERENCES
1. Almaty: ¥lttyk Translation Bureau, 2019. - 680 P. - (new humanitarian knowledge. 100 new textbooks in the Kazakh language). — ISBN: 978-601-7943-33-2.
2. YESSENOV SCIENCE JOURNAL 2020, Vol.37, №1.
3. Nasimov, M. O. ancient art and technologies: a brief overview / M. O. Nasimov. - Text : neposredstvenny // Young Scientist. — 2021. — № 16.1 (358.1). — P. 7-9. - URL: https://moluch.ru/archive/358/80040 / (image date: 12.05.2024).
4. Art, Technology and Nature: Renaissance to Postmodernity, 1st Edition // Edited by C. S. Paldam, J. Wamberg. - Farnham: Ashgate, 2015 — - 322 R.
5. Kekilbayev, A. era and traditions. / ABISH KEKILBAEVICH. Tradition and ERA (madeniportal.kz)
6. Kekilbayev, A. era and traditions. / ABISH KEKILBAEVICH. Tradition and ERA (madeniportal.kz)
7. Sultanov K. K. Labor entry into modernity: trade as a problem and national narrative. Questions of literature. 2020;(5):13-52
8. Al-Abu Nasr Al-Farabi. "Kairymdy Kala" - Almaty, RS: International Abai club, 2015. – 284 P.
Байшов Бақыт Батырбекович
Актюбинский региональный университет имени К. Жубанова
НОВЫЙ ВЗГЛЯД НА ИСКУССТВО
Аннотация. Сегодня стейкхолдеры медиапространства Казахстана принимают вопросы искусства и культуры в очень узком смысле. Словосочетания» искусствоведы«,» искусные " используются соответствующим образом в песенно-танцевальном, мелодическом исполнении. Это ошибка с корнем. Понятия искусства и культуры не взаимозаменяемы. То есть термины» культура «и» искусство " имеют два разных поля. Потому что искусство проникает в культуру своими ветвями. В нашей статье мы говорили о том, что нужно обогащать, продвигать, пропагандировать казахскую культуру, прививая инновации искусству. Не через песни и танцы, а через образование и труд мы открыли новый путь к искусству и способствовали духовному, экономическому развитию нашей страны. Однако в искусстве и культуре проблема возрождения национальных традиций не так легка, как мы думаем. Сокращение культурных границ во время глобализации делает инновации врагом. Что делать? Лучше ли стремиться к цивилизации с оригинальным искусством или с консервативной точки зрения вести только историческое искусство страны без изменений?!
Очевидно, что у каждого государства есть духовная и нравственная опора. Новое поколение, формирующее современный характер современного Казахстана, берет на себя идею «образованный человек-передовой мыслитель», выдвинутую образованными сыновьями казахского народа, такими как Абай, Шакарим, Ибрай Алтынсарин, Ахмет Байтурсынович, которые распространяли философию, образование и науку XIX-XX веков как «мотивацию развития» в Великой степи.
Название традиции-традиция. С ним согласны. Однако негативные тенденции, отражающиеся в сегодняшнем медиапространстве, проблемы, зарабатывание больших денег без труда и потливости, бессмысленные традиции и многие другие идеи закрепляются в казахском обществе. Эти негативные тенденции набирают силу изо дня в день, потому что их много. Однако, когда мы говорим, что это просто традиция, не открывая дыхание искусству, мы стоим на одном пути, не имея ничего, кроме прихоти. Даже в государствах, переживших крупный экономический скачок в Восточной Азии, мы все еще плохо видим результаты, зная, что искусство дало толчок инновациям, а не традициям. Для этого нам сначала нужно узнать об искусстве, его месте в истории общества, его влиянии на развитие.
То есть, между традициями и инновациями есть польза для человека. В этом суть нашего нового подхода к искусству. В статье дается обзор этого вопроса.
Ключевые слова. Традиции, инновации, искусство, мировоззрение, культура, стейкхолдер, информация
Baishov Bakhyt Batyrbekovich
K.Zhubanov Aktobe regional university
A NEW LOOK AT ART
Annotation. Today, stakeholders of the media space of Kazakhstan perceive the issue of art and culture in a very narrow sense. The phrases" masters of art"," artful " are used in accordance with the song and dance, tune. This is a root error. The concepts of art and culture are not interchangeable. That is, the scope and field of the terms "culture" and "art" are two different. Because art permeates culture with its branches. In our article, we mentioned the need to enrich, promote and promote the Kazakh culture by innovating art. Not through songs and dances, but through education and work, we opened a new path to art, explained its impact on the spiritual and economic development of our country. However, the problem of reviving national traditions in art and culture is not as easy as we think. With globalization, the reduction of cultural boundaries sees innovation as an enemy. What should I do? Is it better to strive for civilization with original art or, with a conservative approach, to lead only the historical arts of the country unchanged?!
It is clear that every state has a spiritual and moral support. The new generation, which forms the modern character of modern Kazakhstan, takes the idea of "an educated person is an advanced-minded person", proposed by such educated sons of the Kazakh people as Abay, Shakarim, Ibray Altynsarin, Akhmet Baitursynovich, who spread philosophy, education and science in the vast steppe of the XIX-XX centuries as a "motivation for development".
The name of the tradition is tradition. We agree with him. However, the negative trends that are reflected in today's media space, problems, making a lot of money without working and working, meaningless traditions and other ideas are becoming more and more established in Kazakh society. These negative trends are gaining strength day by day, because there are many. However, if we are only a tradition, without opening the breath of art, without finding it, we have nothing but stubbornness. Even in countries that have experienced a major economic leap in eastern Asia, knowing that art has given a field for innovation, not tradition, and we see the results, we still have a bad desire to take the path of change from the usual course of life. To do this, we must first learn about art, its place in the history of society, its impact on development.
That is, the difference between tradition and innovation is that it benefits a person. This is the essence of a new approach to art. The article provides an overview of this issue.
Key words: Tradition, Innovation, Art, worldview, culture, stakeholders, information