Научная статья на тему 'Функционалдық сауаттылық векторы заманауи мұғалім тәжірибесінің негізі'

Функционалдық сауаттылық векторы заманауи мұғалім тәжірибесінің негізі Текст научной статьи по специальности «Науки об образовании»

CC BY
54
16
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
шарттар / функционалдық сауаттылық / сабақ / қазақ тілі мен әдебиеті / мәтін / түсіністік / рефлексия. / условия / функциональная грамотность / урок / казахский язык и литература / текст / понимание / рефлексия / conditions / functional literacy / lesson / Kazakh language and literature / text / understanding / refection.

Аннотация научной статьи по наукам об образовании, автор научной работы — Мендаулетова Н. Ш.

Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін жағдай жасау мәселесі қарастырылады, атап айтқанда, оқушылардың жазбаша мәтінді түсіну және мәтін бойынша рефлексия өткізу, олардың мазмұнын өз мақсатына жету үшін пайдалану. Қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білім мүмкіндіктерін дамыту. Оқу техникасы мен мәтінді түсіну ғана емес, мәтінді түсіну мен ой елегінен өткізу, оқығанды өмірлік мақсатқа жету үшін пайдалану бағаланады.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

В этой статье рассматривается вопрос о создании условий для развития фнкциональной грамотности на уроках казахского языка и литературы, а именно развития способностей учащихся к осмыслению письменных текстов и рефлексии по ним, использования их содержания для достижения собственных целей, развития знаний и возможностей для активного участия в жизни общества. Оценивается не техника чтения и буквальное понимание текста, а понимание и рефлексия на текст, использование прочитанного для осуществления жизненных целей.

Текст научной работы на тему «Функционалдық сауаттылық векторы заманауи мұғалім тәжірибесінің негізі»

55

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

ВЕКТОРЫ – ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ

ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НЕГІЗІ

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту

үшін жағдай жасау мәселесі қарастырылады, атап

айтқанда, оқушылардың жазбаша мәтінді түсіну

және мәтін бойынша рефлексия өткізу, олардың

мазмұнын өз мақсатына жету үшін пайдалану.

Қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білім мүмкіндіктерін дамыту. Оқу техникасы мен мәтінді

түсіну ғана емес, мәтінді түсіну мен ой елегінен

өткізу, оқығанды өмірлік мақсатқа жету үшін пайдалану бағаланады.

Аннотация

В этой статье рассматривается вопрос о создании условий для развития фнкциональной грамотности на уроках казахского языка и литературы, а

именно развития способностей учащихся к осмыслению письменных текстов и рефлексии по ним,

использования их содержания для достижения

собственных целей, развития знаний и возможностей для активного участия в жизни общества.

Оценивается не техника чтения и буквальное понимание текста, а понимание и рефлексия на текст,

использование прочитанного для осуществления

жизненных целей.

Annotation

The article considers the issue o creating conditions

or the development o unctional literacy at the

lessons o the Kazakh language and literature, namely

the development o students' ability to comprehend

written texts and reect on them, use their content

to achieve their own goals, develop knowledge and

opportunities or active participation in lie society. It is

not the reading technique and the literal understanding

o the text that is assessed, but the understanding and

reection o the text, the use o what is read to achieve

lie goals.

Мендаулетова Н.Ш.,

Қостанай облысы әкімдігі

білім басқармасының

«Жітіқара ауданы

білім бөлімінің №12

жалпы білім беретін

мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі

Жітіқара қаласы

Негізгі сөздер: шарттар,

функционалдық сауаттылық,

сабақ, қазақ тілі мен әдебиеті, мәтін, түсіністік, рефлексия.

Ключевые слова: условия,

функциональная

грамотность, урок, казахский язык и

литература, текст, понимание, рефлексия.

Keywords: conditions, unctional literacy, lesson, Kazakh

language and literature, text,

understanding, reection.

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

УДК 373.1

ГРНТИ 14.25.01

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

56

«Функционалдық сауаттылық ұғымды алғаш рет 1957 жылы ЮНЕСКО

енгізді. Бірақ ол кезде функционалдық

сауаттылықтың мағынасы «сауатсыздықты жою» – халықтың көпшілігін

оқуға және жазуға үйрету болды.

Қазіргі кезде функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен

қарым-қатынасқа түсу және оған тез

бейімделу және қызмет ету қабілеті.

Жалпы функциональдық сауаттылық

деген ұғымды таратып айтар болсақ,

адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы

және өмір бойы білім алуына ықпал

ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі

жаһандану дәуіріндегі заман ағымына

қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі

білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы

басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай

алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы

білім беретін мектептерде Қазақстан

республикасының зияткерлік, дене

және рухани тұрғысынан дамыған

азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік

бейімделуін қамтамасыз ететін білім

алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Біздің еліміз осы кезге дейін PISA

халықаралық зерттеуінің 4 цикіліне

(2009, 2012, 2015, 2018, 2022 жылдар)

қатысып келеді. Халықаралық зерттеудің негізгі үш бағыты олар:

• математикалық сауаттылық,

• жаратылыстану- ғылыми сауаттылық,

• оқу сауаттылығы.

«Оқу сауаттылығы» термині кең

мағынада қарапайым оқу біліктілігін емес, мәліметтерді айқындай білу

қабілетімен анықталады. Мектеп

жасындағы балалардың тек оқу техникасын меңгеруі қазіргі таңда қабілеттілік болып есептелмейді. Оқу

сауаттылығы туралы түсінік білім

алушылардың әртүрлі форматтарда

берілген мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні мен мазмұнын түсініп тұжырымдауы және білім алушылардың

мектептен тыс уақыттарда, әртүрлі

өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын қолдана білу іс-әрекеттеріндегі

қызметтерін бағалауға негізделген.

Сөзімізді нақтылай түссек, оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз

мақсатына жету үшін оның мазмұнын

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін

дамыту қабілеті.

Оқушыларымның оқу сауаттылықтарын дамыту үшін әртүрлі әдістерді

қолданамын, мысалы:

«Тұжырымдамалық кесте» әдісі

Бұл әдісте білім алушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген

парақты) ортасынан тік үш сызықпен

бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар: Бөліктің оң жағына мәтіннен

үзінді жазады. Бөліктің ортасына автордың айтар ойын жазады. Ал бөліктің сол жағына өзінің ойын, тұжырымын, пікірін жазады.

«FILA кестесі» әдісі

Бұл әдіс көркем шығармадағы

кейіпкерлердің образдық тұлғасын

ашуға бағытталады. Білім алушылар

топ құрамында төрт адам болып жұмыс жасайды. Әрқайсысы «FILA кестесі» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алып, мәтінмен жұмыс

жасайды. Мәселен, топ мүшесінің

57

кестесін толтыру, кластер құрастыру,

ПОПС формуласы бойынша өз пікірлерін айту, «Ақпарат әткеншегі», «Иә,

жоқ», «Қар кесегі», «Синквейн», «Диаманта» әдістерін қолданамын.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Даулетова Н.А. Оқушылардың

функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері:әдістемелік құрал/Н.А.Даулетова–Атырау: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2019.

2.«Оқу сауаттылығынан үлгілік тапсырмалар жинағы», Қостанай 2021.

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

біреуі мәтіннен шығарма кейіпкерлерінің бейнесін ашатын деректерді,

яғни фактілерді жинайды, екіншісі

кейіпкер туралы өзіндік пікірімен,

яғни идеясымен бөліседі, үшіншісі

кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар

құрастырады, төртіншісі сұраққа сай

іс-әрекет жоспарын ұсынады. Қорытынды-сында жұмыстарын біріктіріп,

кестені толдырады.

«Әдебиет лотосы» әдісі

Бұл әдісті қолданудағы мақсат–

білім алушыларға оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлерінің образын /

бейнесін/ ашып талдауға үйрету. Бұл

әдісті білім алушылармен жеке не

жұппен я болмаса топпен жасауға болады.

«Кейіпкерлер әлемі» әдісі

Бұл әдіс те жоғардағы әдіс секілді білім алушыларды оқыған әдеби

шығармалар кейіпкерлерінің образын

/бейнесін/ ашып талдауға бағыттайды. Алдымен білім алушылар топқа

бөлініп, бір-бірлеріне әңгіме мазмұны

бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ

пен мәнді жауап бағаланады.

Сонымен қатар, оқушылардың оқу

сауаттылығын дамыту үшін және сабақта алған білімдерін бекіту үшін

әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолданамын.

Оқушылардың оқулықтағы мәтіндерді

түсініп оқуына қызығушылықтарын

тудырамын. Мәтінмен жұмыс жасағанда оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беремін. Мысалы: мәтінді

оқып, негізгі ойды анықтау, тірек

сөздерді анықтау, мәтін бойынша

бірнеше сұрақ құрастыру, мәтін бойынша қысқа тест құрастыру, “Венн”

диаграммасын толтыру, «Үш БББ»

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.